110
II бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
айыппұл салынады. Алайда қоршаған ортаны ластауға төленетін төлемдер жүйесі ешқандай
айқындылығымен ерекшеленбейді, сондай-ақ олардың экологиялық тиімділігін өлшеу де қиын.
Стационарлық көздерден түсетін
ластағыштарға қатысты ҚШК
атмосферадағы жекелеген
заттардың улылығын жəне осымен байланысты адам денсаулығына ықтимал əсер етуін
ескергендегі шекті концентрациясы (ШЫК) арқылы анықталады. Жекелеп алынған облыстың
əрбір кəсіпорны үшін ҚШК ластағыш заттардың атмосфераға таралуын компьютермен
модельдеу негізінде есептеледі.
Экологиялық саясат бірнеше
негізгі ластағышты көздемейді; керісінше, ауа мен су
ластағыштарының жүздеген ресми тізімі бар, олардың əрқайсысына қалдық шегі анықтамасы
қолданылады. Кəсіпорын үшін ҚШК белгілеу барысында ескерілетін ластағыш заттардың түрі
мен саны өндіріс көлемі мен өндірісте қолданылатын технологиялардың көлеміне тығыз
байланысты болады. 2007 ж. жылға дейін қауіпті қалдықтардың төрт түрлі тобына,
сонымен
қатар типтік қатты (немесе муниципиалды) қалдықтары үшін өнеркəсіптік қалдықтардың
өндірілуіне шектеу қойылды.
Нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер
Жаңа
Экологиялық кодексті жүзеге асыру шеңберінде ҚР Үкіметі жаңа қаулы
18
қабылдады,
осы қаулыға сəйкес экологиялық шешімдер мен ластағыш заттардың
қалдығына төленетін
төлемдерді есептеу үшін лимиттерді анықтау барысында ескерілетін ластағыш заттардың саны
едəуір азайды. Бұл тізімде атмосфералық ластағыш заттардың 15 түрі берілген, оның
қатарында SO
2
, NO
x,
ұшпалы органикалық қоспалар (ҰОҚ) мен сутегі тотығы (СО) жəне
көмертегі тотығы (CO), сонымен бірге су айдындарының 11 ластағышы бар. Бұған қоса, ШЫК
бойынша аса қауіпті санатқа жататын «басқа да ластағыштар» тобы кездеседі (Алайда берілген
санатқа қанша ластағыш жататындығы туралы мəлімет жоқ). 2008 ж. бастап жаңа тізім ҚШК
анықтауға негіз болады.
Бұған қоса,
Экологиялық кодекске сəйкес (286 б.) қалдықтың үш түрі кездеседі: қауіпті, қауіпті
емес жəне инертті. Өнеркəсіптік қалдықтардың бес санаты бойынша классификациясы
қысқаратын болады.
Ластауға қатысты төлемдер
Ластауға қатысты төлемдер экологиялық рұқсатпен белгіленген шеңбердегі барлық қалдықтар
үшін алынады. Белгіленген лимиттен артып түсетін ластағыштарға базалық тарифке он есе тең
жоғары айыппұл коэфициенті қолданылады. Рұқсатсыз экологиялық ластау нормативтен тыс
ластау болып саналады жəне сəйкес деңгейде төленеді. 2006 ж. бастап «Экологиялық басқару
стандарттары» ISO 14001 сəйкес сертификаттары бар компаниялар үшін
төлемдер тарифі
төмендетілді. Мысалы, электроэнергия өндіретін-компаниялар атмосфераға қалдық тастауға
12% жеңілдік жəне күл мен шылақты жоюға 5% жеңілдік алады.
Су мен ауаның ластануы бойынша тарифтер су немесе ауаның ластағыш қалдықтарының
«шартты тоннасына» қарай белгіленеді. «Шартты тонналар» қалдықтардың максималды
жіберілетін (аймақтық) концентрациясын ескергенде оның көлемін реттеу арқылы есептеледі.
Институциондық
көзқарас тұрғысынан, қоршаған ортаны ластауға төленетін төлем тарифтері
екі кезең бойынша анықталады.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңның негізінде (1997
ж.) Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі (ҚОҚМ) 16 аумақтық бірліктің (14 облыс жəне екі ірі
қала – Алматы мен Астана) əрқайсысына минималды немесе базалық тарифтерді анықтап
берді. Осыған орай жергілікті билік өкілдері өзіндік аса жоғары тарифтерді белгілеуі мүмкін.
Негізінен, қоршаған ортаның ласталуына төленетін төлемдер қоршаған ортаны облыс
18
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 30 маусымдағы № 557. Қалдық нормативтері белгіленетін жəне қоршаған ортаға қалдық
тастауға қатысты төлем алынатын ластағыш заттары мен қалдық түрлерінің тізімі.
5 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға арналған экономикалық құралдар
111
деңгейінде қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға арналған
жеткілікті кірісті басты
кіріс етіп алу қажеттілігінің негізінде жасалуы тиіс еді. Шындығына келгенде, бұл құралдар
үнемі басқа мақсаттар үшін қолданылды (6 тар.қар.).
Экологиялық кодекске сəйкес (101 б.)
ҚОҚМ қоршаған ортаның ластануына
қатысты тек базалық қана емес, сонымен бірге шекті
төлемдерін де анықтайды. Осыдан соң жергілікті билік өкілдері министрлікпен белгіленген
шеңберде өзіндік қызмет етуші тарифтік төлемдерін өз бетінше белгілейді. Жаңа ережелер өз
күшіне 2008 ж. бастап енгізілмек. 2006-2007 жж. қоршаған ортаның ластануына төленетін
төлемдер жобаланып отырған 7% құрайтын орташа жылдық деңгейіне сəйкес өсіп кетті.
Осыған қарағанда, 2006 жəне 2007 жж. облыстық билік орындарымен қабылданған қоршаған
ортаны ластауға қатысты төлем тарифтері ҚОҚМ белгіленген минималды шекараға сəйкес
деңгейге айналды.
Қоршаған ортаны ластауға қатысты белгіленген базалық тарифтер
шаруашылық қызметінің
жəне онымен байланысты ластаудың түрлері мен деңгейлерінің айырмашылықтарымен
байланысты түрлі өзгешеліктерін сипаттай отырып, аймақтар бойынша ерекшеленеді. 2007 ж.
стационарлық көздерден шығатын қалдықтардың бір тоннасының ауаны ластауы бойынша
төленетін жүктеме мөлшерінің айырмашылығы (5.1 кесте) максималды жүктеме (Атырау)
жəне минималды жүктеме қолданатын (Қарағанды облысы) жиырма есе болды.
Достарыңызбен бөлісу: