4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру
103
атауға болады, оның екінші фазасы 2004 жəне 2007 жылдар аралығында өткізілді. Бұл
жобаның нəтижелері ҚР Үкіметіне жəне жергілікті басқару органдарына аумақты қайта
қалпына келтіру жəне дамыту стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.
Офисі Алматы қаласында орналасқан Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығы (ОА
АЭО) түрлі экологиялық мəселелер, ішінара, аймақтағы елдердің аса қуатты экологиялық ҮЕҰ
дамуы жөніндегі субаймақтық елдерге ықпал етеді.
Халықаралық қаржы институттарын қосқанда, халықаралық
мекемелермен ынтымақтастық
туралы Жан-жақты мəлімет 6 тарауда берілген.
“Еуропаға арналған қоршаған орта” жəне Орталық-азиялық бастама
Қазақстан Республикасы “Еуропаға арналған қоршаған орта” (ЕҚО) үрдісіне жəне ЕҚО
министрлерінің Конференцияларына белсенді қатысып келеді. Қазақстан Орталық Азия
елдерінің экология министрлерінің мəжілісіне қатысты, ол Белградта 2007 жылы өткен ЕҚО
министрлерінің алтыншы Конференцияға дайындық үрдісі шеңберінде өткізілген еді жəне
мұнда Қазақстан Конференцияның ЕО жəне Орталық Азия елдері аралығындағы экологиялық
ынтымақтастықты кеңейтудегі рөлін ерекше атап өтті. Орталық-азиялық елдер қоршаған
ортаны жақсарту мақсатында жəне субаймақтағы тұрақты дамыту мақсатында Белградта өткен
Конференциядан соң ЕҚО үрдісі қажеттіліктеріне сай негізделген жəне мақсат-бағдарланған
міндеттерін жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. 4.1 бөлімде көрсетілгендей, ЕЭК БҰҰ
аймағының экология министрлері Қазақстан Республикасының 2011 жылға белгіленген келесі
ЕҚО Конференциясын өткізуге жасаған ұсынысын жақсы қабылдады.
Орталық-азиялық бастама
Тұрақты даму жөніндегі Орталық-азиялық бастамасын (ОАБ) Йоханнесбургтегі (2002 ж.)
Дүниежүзілік саммитке дайындық жүргізу барысында Орталық Азия елдері алға қойған
болатын жəне бұл бастама Дүниежүзілік саммиттің бірінші құжатынан қолдау тапты. ОАБ
мақсаты табиғи ресурстардың тапшылығы, Орталық Азия
елдерінің кедейлігі мен
теңдестірілмеген экономикалық даму мəселелерін шешуге бағытталған экологиялық
бағдарлама жəне іс-шаралар дайындығын тұрақты дамыту ауқымын кеңейтуге негізделіп
жасалған. Бұл үкіметтер арасында, жекеше сектор жəне азаматтық қоғамдық ұйымдардың
халықаралық дамыту мекемелері жəне донор-елдер арқылы серіктестік құру нəтижесінде
жасалуы тиіс.
ОАБ дəрежесі мен келешегі 2007 жылғы Белград конференциясында талқыланды. Белгілі бір
жетістікке экожүйелік басқару, тұрақты даму орнату, қоғамның қатысуы жəне
заңнамаларды
үйлестіру барысындағы бірқатар субаймақтық жəне ұлттық бағдарламалар, əлеуетті жəне
пилоттық жобаларын дамыту жөніндегі жобалар арқылы қол жеткізілді. Əлі де түйіні
шешілмей жатқан мəселелердің де маңызы зор. Əлі ашылмаған ішкі факторлар қатарына
қоршаған орта мен табиғи ресурстарды басқарудың секторлық əдісі (интеграцияланған емес),
азаматтық қоғамның жəне жекеше сектордың жеткіліксіз қатысуы, шектеулі ұлттық
мемлекеттік қаржыландыру жəне жекеше салымдардың жеткіліксіздігі жатады. Жоғарыда
айтылғандар ОАЕ елдеріндегі айрықша ерекшеліктерді
қамтитын аймақтық бағалауға
жататындығына қарамастан, бұл бағалау басым жағдайда Қазақстанға да тəн. Белград
конференциясы өткен соң ОАБ басымдылығы белгіленді, атап айтсақ: экологиялық басқаруды
күшейту; азаматтық қоғамның рөлін күшейту; тұрақты даму жағдайын алға жылжыту; су
ресурстарын басқарудың үйлестірілген əдістерін қабылдау; ауа райын өзгерту мəселелерін
шешу жəне экономикалық қызметтің экологиялық тұрақты түрлеріне арналған талаптар
орнату. Қазақстан үшін, аймақтың кез
келген басқа да елдері сияқты, осы мəселелерді
халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастықта іс жүзінде шешу аса маңызды.