4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру
105
аймақтық
экологиялық форумдарға қатысып, екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықты
жалғастырды, сонымен бірге Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет нəтижесінің
бірінші Шолуы жазылған (II қосымшаны қара.) уақыттан бастап бірқатар көпжақты табиғатты
қорғау келісімдерін (КТҚК) бекітті. Ұлттық табиғатты қорғау заңнамасын халықаралық норма
жəне стандарттармен, ішінара ЕО Нұсқауымен үйлестіру Қазақстанның саяси мақсатының бірі
болып саналады, осыған орай Қазақстан осы мақсатқа жету үшін бар күшін салуда. 2007 жылы
қабылданған
Экологиялық кодекс осы бағытта жасалған маңызды қадам болып саналады
.
Бекітілген конвенциялардың талаптарын орындау мақсатында атқарылатын қызмет саясаты
мен жоспарлары жасалынды немесе жасалу үстінде, жəне аталған ел оларды іске асыру үшін
халықаралық көмекке иек артты.
ҚОҚМ қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық саясатты іске асыруға жауапты негізгі
мемлекеттік орган болып есептеледі. Басқа
министрліктер мен ведомстволар, ішінара Ауыл
шаруашылығы министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі де белгілі бір КТҚК жəне
жекелеген экологиялық мəселелеріне тікелей жауап береді немесе олардың орындалу
барысына қатысады. Дегенмен ҚОҚМ жəне басқа да министрліктердің қызметіндегі
ынтымақтастық пен оларды үйлестіру жұмыстары жеткіліксіз деңгейде болып отыр. Бұған
қоса, ҚОҚМ өзге министрліктермен салыстырғанда аса əлсіз
мемлекеттік орган ретінде
танылған. ҚОҚМ халықаралық экологиялық ынтымақтастық саласында ұлттық саясатты іске
асыруға қажетті жеткілікті ресурстары мен əлеуеті жоқ. Қазақстан Республикасының осы
саладағы қызметіне ҚОҚМ жүргізген талдау жұмысы ел үшін, елдің жетістікке жетуі үшін аса
пайдалы екендігін байқатады, алайда мұнда оны жүзеге асырудың ақтаңдақтары мен
кемшіліктеріне сыни баға берілмеген. Қазақстанның көптеген жаһандық жəне
аймақтық
экологиялық келісімдерге қосылғандығына қарамастан, ол осы КТЫ қызмет жағдайын
орнататын мыс., БҰҰАӨжШК Киотоо Хаттамасы, жəне үлкен арақашықтықтағы ауаның
трансшекаралық ластануы туралы Конвенцияның барлық
хаттамаларын бекіту жөнінен
қажетті күшін таныта алмады.
4.1 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі басқа да сəйкес министрліктермен біріге отырып,
көпжақты табиғатты қорғау келісімдері (КТК) мен екіжақты жəне көпжақты
ынтымақтастықты жүзеге асырумен байланысты барлық іс-шараларды ұлттық деңгейде
тиісті ретпен үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында осыған сəйкес механизмер жасауы
қажет.
4.2 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі елде бекітілген КТК, сонымен қатар əлі де бекітілмеген
КТЫ маңыздылығын жүзеге асырудағы қолда бар кемшіліктерге талдау жүргізуі керек.
Қазақстанның қосылған конвенциялардың хаттамаларына ерекше назар аудару қажет
екендігі де белгілі. Көрсетілген талдаудың негізінде ҚОҚМ мына міндеттерді атқаруы тиіс:
(а)
орындалу барысы жақсартылуы мүмкін нақты КТЫ қатысты іс-шаралар кешенін
жасау; мұндай іс-шаралар қатарына қаржы қажеттіліктерін, сондай-ақ халықаралық
қауымдастыққа қаржыландыру туралы сұраныс ретінде бағытталатын ұсыныстарды
анықтау мəселесі кіреді;
(б)
Қазақстан үшін əлеуетті маңыздылықтағы хаттамаларды бекіту туралы заңнама
дайындау, бұл, ішінара, ЕЭК БҰҰ бес конвенциясы мен Вена конвенциясының озон қабатын
қорғау туралы Монреаль хаттамасына қатысты Монреаль, Копенгаген жəне Пекин
түзетулерінің хаттамаларын дайындап, оны Үкімет, одан соң Парламенттің назарына
ұсыну.
Киото Хаттамасының Қазақстан үшін маңызы зор, өйткені
ауа райының өзгеруі жер
пайдалануға топырақ сапасына, судың болуына, биоəралуандылыққа жəне, ақыр соңында,
елдің экономикасына жағымсыз түрде ықпал етеді.
Қазақстан Киото Хаттамасының
шеңберінде өзінің өнеркəсіптік нысандарын ПГ қалдықтарын
қысқарту жөніндегі іс-
шаралармен қатар жаңарту жөніндегі икемді механизмдерді қолдана алады.