Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


II БӨЛІМ: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА



Pdf көрінісі
бет100/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   195
kazakhstanII.KAZ

II БӨЛІМ: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА 
ҚАРЖЫ ЖҰМЫЛДЫРУ 



109 
5 Тарау 
 
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР 
 
5.1 
Кіріспе 
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдарының арасында Қазақстанда 
бұрынғысынша өнеркəсіптік кəсіпорындардан шығарылатын түрлі қалдық түрлері мен аса көп 
ластаушыларға салынатын, ластауға қатысты төлемдер үстемдік етеді. Экологиялық жағынан 
зиянды өнімге төленетін төлемдер қосымша рөл атқарады. 1997 жылғы «Қоршаған ортаны 
қорғау» Заңында белгіленген (ҚОҚЗ) ластау деңгейін төмендеті технологияларын таратуды 
алға жылжытуға бағытталған субсидиялау кестесі жүзеге асырылған жоқ. Дегенмен олар 
сондай-ақ өз күшіне 2007 жылы енген Экологиялық кодексте де айтылған жəне ол ҚОҚЗ 
интеграцияланған. Кодекс сонымен бірге кəсіпорын деңгейінде қайта қалпына келтіру 
қорларын құрудың жəне қалдықтарға сертификаттар берудегі сауданың нарықтық кестесін 
жүргізудің құқықтық негізін қамтамасыз етеді. Кодексте қоршаған ортаны қорғаумен 
байланысты экономикалық, яғни ақшалай, экологиялық залалды бағалау мəселелерін 
қарастыратын ережелер де берілген. Алайда осы аталған жаңа ережелердің барлығын жүзеге 
асыру детальдары əлі де жасалу үстінде.
Бұған қоса, Экологиялық кодекске сəйкес ластауға алынатын төлемдер ауа мен суды 
ластаушыларға, сондай-ақ қалдықтарды өндіру үшін қалдықтардың шекті көлемі (ҚШК) 
көрсетілген рұқсат беру жүйесімен тығыз байланысты. 2008 ж. қызмет бабына маңызды өзгеріс 
енгізу жоспарланып отыр, осыған сəйкес ҚШК анықтау барысында ескерілетін ауа мен суды 
ластаушылардың саны елеулі түрде төмендейді. Дегенмен қоршаған ортаны ластауға 
байланысты төлемдер есептелетін ластағыштардың саны ЭЫДҰ (ОСЭР) елдерімен 
салыстырғанда едəуір үлкен болып отыр, бұл елдерде осындай төлемдер ластау деңгейін 
төмендету үшін аса шектеулі көлемде қолданылады (мысалы, азот тотығы (NO
x
) мен күкірт 
тотығы (SO
2
), Скандинавиялық елдерде қолданылады).
Іс жүзінде, қоршаған ортаны ластауға қатысты төлемдер жүйесі ластану деңгейін төмендетуге 
елеулі жағдай жасады деудің ешқандай дəлелі жоқ. Бұл ҚР Үкіметімен қабылданған 2007-2009 
жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу Тұжырымдамасын 
жүзеге асыру жөніндегі қызмет жоспарында көрсетілген, бұл жоспар келесі мəселелерді 
қамтиды: 
• 
ластаушы көздердің материалдық жауапкершілігі қағидаларын тиімді қолдану; 
• 
қоршаған ортаны ластауға қатысты төлемдер мен айыппұлдардың қызметін 
ынталандыруды күшейту; 
• 
қалдықтарды қайта өңдеуді насихаттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет