170
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
8.1 Ендірме: Қашаған теңіз мүнай кеніші (Каспий теңізінің солтүстік бөлігі)
2000-шы жылы ашылған Қашаған мұнай кен орны Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым
қашықтықта орналасқан. Ол Каспий теңізінің тайызсулы аймағының 1800 шаршы шақырым жерін қамтиды.
Қазіргі есептеулерге сəйкес, Қашағандағы 38 миллиард баррель мұнайдың 9-13 миллиард
баррелін жер
бетіне шығаруға болады. Мұнай 4000-5000 метр тереңдікте 600 бар қысым жағдайында жатыр. Оның
құрамындағы қышқыл газ деңгейі жоғары болып келеді (20% күкіртсутек қышқылы). Қашағанды Аджип ККО
компаниясы игеріп жатыр. Алғашқы ұңғыма 2006-шы жылы іске қосылды. Мұнай қолдан жасалған
бұрғылау аралдарынан теңіздің түбі бойымен жалғанған құбырлар арқылы Атырау қаласының жанында
құрылып жатқан «Болашақ» өңдеу зауытына тасымалданады. Құрылысы
аяқталғаннан кейін аталмыш
зауыт күніне көп дегенде 300 мың баррель мұнай өңдей алатын болады. Күкіртсутек қышқылы қайтадан
жер асты резервуарға айдалады деп жоспарланғанымен, күкірттің ашық түрде сақталу мүмкіндігі де
қарастырылуда. Бұл туралы келіссөздер қазір үкіметпен жүргізіліп жатыр.
Теңіз суының таяздығы, су
бетіне қыста мұз қататыны, дауылды ауа-райының қолайсыздығы жəне
қоршаған ортаға төнетін қатері себебінен Қашаған аса қиын жоба болып саналады. Айналасы жермен
қоршалғандықтан, Каспий теңізі ашық мұхитпен салыстырғанда экологиялық зардаптарға аса сезімтал
келеді.
Көптеген шағын аралдар салып, мұнай өндіріп-өңдеуді көздейтін Қашаған жобасы Каспий теңізі
жəне оның айналасындағы қоршаған ортаға өте үлкен қауіп төндіреді. Аджип ККО компаниясы мұнай
өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін əсерін анықтау мақсатында жобаның
алғашқы кезеңінен бастап
ортаның ластануы жəне биоресурстар мониторингін жүргізіп келеді. Компания, сондай-ақ,
мұнай сыртқа
ағылып кеткен жағдайда апаттың салдарын жоюға бағытталған арнайы жоспар дайындады. Дегенмен,
үлкен көлемді апаттың салдары тым ауыр болатыны себепті компанияға сырттан көрсетілетін төтенше
көмек қажет болады. Каспий теңізіне қатысты жуырда жүргізілген зерттеу нəтижелеріне сəйкес, қоршаған
ортаның ластануы өсімдік өнімдері мен тірі организмдердің
ұдайы өндірілуін тежеп, бекіре тұқымдас
популяциясының күрт азаюына тікелей əкеп соқтырды. Сондай-ақ,
Каспий итбалықтары ластаушы
заттарға үнемі душар болғандықтан, олардың иммунитет жүйелері қатты əлсіреген. 90-шы жылдардың
басынан бері Каспийдегі итбалықтардың жалпы саны 80 пайызға қысқарды.
Дерек көзі: http://www.parstimes.com/caspian/
Теңіз мұнай кенішіндегі күкірт жəне факел блоктары
Қазақстандағы мұнай өндірісінің ең маңызды қосымша ілемелі өнімі – күкірт. Күкіртті
көптеген өндіріс салаларында пайдаланады. Ол түрлі құрамда шикі мұнайда да, табиғи газда да
бар. Қазақстан дүниежүзі бойынша өндірілетін күкірттің 4 пайызын шығарады. Күкірт
өндірісін басқару мəселесін Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігі де, Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі де ең маңызды мəселелердің бірі деп қарастырады. Қазақстанның
класификациясына сəйкес, күкірт қауіпті емес қалдықтар қатарына жатқызылады. Осы
қалдықтарды шығаратын кəсіпорындар экологиялық төлемдер жасаулары тиіс.
2003-2006 жылдар аралығында Қазақстанда жұмыс істейтін мұнай
компанияларының өтініші
бойынша, Қазақстанның Мұнай жəне газ министрлігі күкіртті кəдеге жарату, оның ұзақ
8 Тарау: Минералды ресурстар менеджменті жəне қоршаған орта
171
мерзімді сақталуы жəне қоршаған ортаға тигізетін əсері мəселелеріне арнап бірқатар зерттеу
жұмыстарын жүргізді. Онда жасалған болжамдарға сəйкес, ұзақ мерзімде күкірт
өндірісінің
деңгейі сұраныс деңгейінен асып кетіп (Қазақстанда жəне шетелде), күкірт қалдықтары
көлемінің ұлғаюы проблемасы ушығып кетеді. Зерттеу есептеулерінше, 2020-жылға қарай екі
ең ірі мұнай компаниясына (Аджип жəне Теңізшевройл) тиесілі күкірт қалдықтарының жалпы
көлемі 35 миллион тоннадан асып кетеді. Ұзақ мерзім бойы ашық түрде сақталған осындай көп
көлемдегі күкірт қоршаған ортаға айтарлықтай əсерін тігізеді. Бұл мұнай компаниялары
тарапынан күкіртке қатысты басқару стратегияларын дамыту қажеттілігін көрсетіп отыр (8.2
Қосымша).
Достарыңызбен бөлісу: