III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
өңіріндегі Атырау мен Маңғыстау облыстарында жабулы тұрған ескі ұңғымалардағы мұнай
сыртқа төгіліп кетіп, құрамындағы радионуклидтер, фенол жəне мұнай өнімдері жерасты
суларын ластап, Каспий теңізінің қоршаған ортасына үлкен қауіп төндіреді.
Көмір өндіру саласы
Көмір шахталарындағы метан Қазақстанға тəн ең ауыр экологиялық жəне қауіпсіздік
проблемаларының бірі болып табылады. Елдегі көмір шахталарында метан құрамының деңгейі
айтарлықтай жоғары. 2005-ші жылы Қазақстанда ауаға бөлініп шыққан метан мөлшері
көмірқышқыл газдың (CO
2
) 6,7 миллион тоннасымен шамалас еді. Бұл, демек, дүниежүзі
елдерінің көрсеткіштерімен салыстырғанда 13-ші орынмен бірдей. Болжамдарға сəйкес, метан
эмиссиялары 2015-ші жылға дейін сəл төмендеуі тиіс. Шахтадағы метанның басым бөлігі (50
пайыздан көбі) сыртқы, яғни жер бетіне ең жақын жатқан қабаттарда шоғырланған. Содан
кейінгі кезекте жерасты шахталарындағы вентиляциялық жүйелер тұр. Мұнда метанның 40
пайыздайы шоғырланған.
Қазақстандық көмір аса газды келетіндіктен, жарылысты болдырмай, жұмысшылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шахталарды алдын ала газдан тазалап, вентилициялау
керек.Қарағанды бассейніндегі жерасты шахталарын газсыздандыру мақсатында арнайы
ұңғымаларды бұрғылау əдісі кең тараған. Дегенмен, метанды кəдеге жарату дəрежесі өте
төмен. Жылына 12 миллион текше метр метан (бұл 171000 тонна CO
2
-мен бірдей) ғана
өндіріліп, оның бəрі шахталарды жылытатын 3-4 бойлер қондырғыларында пайдаланылады.
Жердің сыртқы қабатындағы шахталар қатты вентилицияланады, бірақ вентиляциядан өткен
құрамында 1% метан концентрациясы бар ауа əдетте атмосфераға шығарылады. Екібастұз
бассейнінде, кəдеге жаратылатын метанның мөлшері тым аз, тіптен жоқтың қасы деуге
болады.
Үкімет жабулы тұрған ескі көмір шахталарындағы метанды энергия өндіруге жұмсауды
жоспарлауда. 2004-ші жылы Қарағанды көмір бассейнінің Талдықұдық ауданындағы ескі көмір
шахталарында метанды барлау жəне өндіру жұмыстарын жүргізуге тендер жарияланып, сол
бойынша келісім-шартқа да қол қойылған болатын. Бұл жоба қазір барлау жүргізу сатысында
жүзеге асырылып келеді. 2003-жылы Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігі
Екібастұз бассейнінде метан өндіруге арналған тағы бір бастамаға қолдау көрсетті. Бүгінгі
күні, сондай-ақ, барлау жұмыстарын жүргізіп (соның ішінде сейсмикалық зерттеулер де болуы
тиіс), 5-6 сынақ ұңғымасынан тұратын пилоттық жобаны қолға алып, қажетті технологияны
анықтап, өндіріске жарамды метан қорларын барланған ресурстар қатарына жатқызып,
соларды тіркеуден өткізе алатын ұлттық жəне халықаралық инвесторларды тарту көзделіп
отыр.
Қарағанды бассейнінде жерасты шахталарынан метанды айдап шығару ісі ауыр проблемаға
айналды. Соңғы бірнеше жыл бойы метан жарылыстары адам өліміне ұшыратқан. Жергілікті
халықтың қауіпсіздігіне қатер төндіретін тағы бір жағдай – ол тұрғын аудандардың бұрын
жабылған ескі шахталардың үстіне салынғаны. Шахталар жабылғанымен, солардың ішінде
метан бар. 1996-шы жылдан бері аса газды деп есептелетін кем дегенде 14 жерасты шахтасы
жабылған болатын. Жарылыс жəне соның салдарынан шахтаның опырылып құлауы
28
сияқты
келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында Қарағанды облысы əкімшілігі мемлекеттік
«Қарағандыликвидшахт» компаниясына метан шығару жəне оны пайдалану мəселесін жүктеді.
Осыдан бөлек, көмір қалдықтарының үймелері Қарағанды бассейні аумағының əр тұсына
қалдырыла береді. Өздігінен жанатын осы қалдықтар кейде өрттің шығуына себеп болады. Өрт
кезінде ауаға CO
2
бөлініп, айналадағы ландшафтқа кері əсерін тигізіп отырады.
Тау-кен өндірісі жəне металлургия саласы
28
Шахталардың опырылып құлауы қазба жəне өндіру процесі кезінде пайдаланылатын жерасты камералары, штрек
жəне шурфтардың құлап түсуі салдарынан болады
|