Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Ендірме: «Теңізшевроил» компаниясының күкіртті кəдеге жарату жөніндегі стратегиясы



Pdf көрінісі
бет150/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   195
kazakhstanII.KAZ

8. 2 Ендірме: «Теңізшевроил» компаниясының күкіртті кəдеге жарату жөніндегі стратегиясы 
«Теңізшевройл» (ТШО) Каспий теңізі жағалауынан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан аса көлемді 
«Теңіз» кен орны мен соның қасындағы Королев мұнай кен орнының есебінен күніне 300 мың баррель 
мұнай шығаратын Қазақстандағы ең ірі мұнай компаниялардың бірі. ТШО өндіретін шикі мұнайдың 
құрамында 14 пайыз сутек сульфидтен құралған «қышқыл газ» бар. Мұнай ұдайы күкірттен тазартылып 
отырады да, өндіріліп шығатын күкірттің көлемі жылына 1,6 миллион тоннаны құрайды. ТШО қазір өзінің 
мұнай өндіру қуатын арттырып, кеңейту шараларын қолға алды. «Екінші толқын жобасы» деп аталатын 
бастамасы аяқталғаннан кейін компаниядағы мұнай өндірісі көлемі күніне 500 мың баррельге дейін жетеді 
деп көзделіп отыр. Сонымен қатар, күкірт өндірісі де өсіп, жылына 2,4 миллион тонна құрайтын болады. 
Қазірдің өзінде ТШО-да күкірттің шамамен 9 миллион тоннасы жинақталған. Бұл қорлар монолитті қатты 
блок түрінде арнайы құрастырылған алаңдарда сақталады. Пайдаланылу нысанына қарай күкірт блоктары 
ерітіліп, үлпектер немесе түйіршіктер түрінде теміржол арқылы тасымалданады. Күкірт нарығы циклдік 
заңға бағынатындықтан, соңғы бірнеше жыл бойы оған деген сұраныс өндіріс көлемінен кем болған. 
Осыған жəне күкіртті қауіпсіз тасымалдау қиыншылықтарына байланысты ТШО-да күкірт аса көп көлемде 
жинақталып қалған. «Теңіз» кен орнын Қара теңіздегі Новороссийск портымен байланыстыратын Каспий 
мұнай құбыры 2001-жылы іске қосылғанға дейін ТШО шикі мұнайдың бір бөлігін теміржолмен 
тасымалдаған болатын. Мұнай құбырының өткізу мүмкіншілігі артқан сайын теміржол арқылы мұнайды 
емес, күкіртті тасымалдауға мүмкіндік туды.
Күкірт сату көлемі ұлғайғандықтан, 2006-шы жылы қоймадағы күкірт көлемі 2000-шы жылмен 
салыстырғанда 88,000 тоннаға азайды. Компанияның болжауынша, 2008-ші жылға дейін күкірттің бір 
жылғы сатылу көлемі 3 миллион тонна болмақ. Өндірістегі күкірт жетпей қалған жағдайда ТШО қоймада 
сақталып жатқан артық күкіртті пайдалана алады. Əйтсе де, ұзақ мерзімде компания күкіртті өзгеше 
пайдалануды көздеп отыр. Жоспарға сəйкес, өндіріс тəсілінің жетілдірілуі арқасында мұнайдан бөлініп 
шыққан қышқыл газ қайтадан жерасты қабатындағы резервуарға айдалады. ТШО Қазақстан жəне 
Америка Құрама Штаттары арасындағы келісімге сүйеніп, күкіртпен жұмыс істеудің халықаралық 
стандарттары мен ережелеріне бағынады. Компания Американдық өнеркəсіптік гигиена ассоциациясының 
талаптары мен ережелеріне сай өндіріс орындарындағы ауаның сапасын үнемі бақылап отырады. 
Топырақ пен су Мəскеу мемлекеттік университеті мамандары ұсынған тəсілдердің көмегімен тұрақты 
түрде сынақтан өткізіледі. ТШО-ның айтуынша, күкірттің сатылу деңгейі өндіріс деңгейінен кем 
болғандықтан, компания күкірт өндірудің жылдық көлемін 3 миллион тоннаға дейін арттыруды көздеп 
отыр. Алайда үкіметтің пікірінше, ТШО 9 миллион тонна күкірт жинақталып үлгерген қойма-алаңдарды тез 
арада азайту үшін бар мүмкіндікті пайдаланбай отыр. ТШО мен Қоршаған орта министрлігі бірлесіп құрған 
арнайы кеңес тобы күкіртті ашық күйінде сақтаудың коршаған ортаға тигізетін əсерін зерттейтін жұмысты 
қолға алды.
Дерек көзі: Теңізшевройл (ТШО), 2007ж.
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі тағы бір үлкен проблема – ол мұнай мен газ 
операциялары салдарынан радиоактивті ластанудың пайда болуы (мұнай құрамында уран 
сияқты радиоактивті элементтер бар):
• 
2006-жылдың ортасында Маңғыстау облысында «Қазмұнайгаз» (ҚМГ) қалдырған 
төменрадиоактивті қалдықтардың бірнеше жыл бойы жинақталып қалған көлемі 13 мың 
тоннаны құрады. ҚМГ-ның мұнай саласында жүргізген жұмыстарының салдарынан облыста 
3000 текше метр сұйық радиоактивті қалдық, 7000 тонна қатты радиоактиквті қалдық, соның 
ішінде 1,5 тонна радиоактивті металл қалдықтары жиналды. Ионданатын радиацияның 
пайдаланылып біткен көздері су астындағы арнайы қоймада сақталады. «Маңғыстаумұнайгаз» 
АҚ қалдырған радиоактивті қалдықтың мөлшері бүгінгі күні 1500 тоннаны құрайды. Соның 
300 тоннасы 2006-жылдың бірінші жартысында шығарылды.
• 
Атырау облысында 275 мұнай кен орнының радионуклидпен (уран, радий, торий) 
зақымдалғаны анықталды. Мұндағы басты проблема - мұнай жатқан жер қабатындағы судың 
зақымдалуы (осындай жер қабаттарының астында мұнай, су жəне газ аралас). Каспий теңізі 


172


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет