Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет152/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   195
kazakhstanII.KAZ

8 Тарау: Минералды ресурстар менеджменті жəне қоршаған орта
173 
 
Тау-кен өндірісі мен металлургиялық кəсіпорындардың іс-əрекеттері салдарынан ауаның 
ластанып отыруы Қазақстандағы ең үлкен экологиялық проблемалардың бірі. Аса зиянды 
заттар қатарына күкірттің қостотығы (SO
2
), көміртек оксиді, азот оксидтері, күкіртті сутектер, 
аммиак, көмірсутектер жəне буланғыш органикалық қоспалар жатады. Оның үстіне, CO
2
-нің 
айтарлықтай мөлшердегі эмиссиялары бар. Елдегі ең ірі ластаушы кəсіпорын – «Қазақмыс» 
корпорациясы. «Қазақмыс» елдегі ауа ластаушы эмиссиялардың 69 пайызын шығарады. Ірі 
ластаушы кəсіпорындар қатарында, сондай-ақ, «Арселор Миттал Теміртау» жəне «Казцинк» 
АҚ бар.
«Қазақмыс» корпорациясы металлургиялық сектордың ауаға бөліп шығаратын SO

эмиссиясының 75 пайызына, сондай-ақ, қатты ластаушы заттардың жалпы мөлшерінің 37 
пайызына жауапты. «Қазақмыс» кəсіпорындары ауаға шығаратын қатты бөлшек заттардың 
мөлшері əр түрлі (1000-нан 0,1 микронға дейін) жəне олардың құрамында ауыр металдар 
(кадмий, қорғасын, цинк, мыс, хром жəне т.б) бар. Тозаң түрінде тарайтын осы заттардың 
құрамында, сондай-ақ, силикоздың пайда болуына əкеп соқтыратын кремний диоксидінің 20 
пайызы бар. Тозаң 10 км-ге дейін тарайды. Санитарлық буферлік зонаның металлургиялық 
зауыттарға тағайындалған нормасы бойынша, ол 1000м-ден аспауы қажет. «Арселор Миттал 
Теміртау» метталургия өнеркəсібі тарапынан шығарылатын көміртек диоксидінің 87 пайызын, 
азот диоксидінің 57,6 пайызын жəне қатты қалдықтардың 32,5 пайызын ауаға шығарады. Соған 
қоса, Қазақстанда ферросплавтар өндіретін зауыттар көбіне қалалардың ішінде орналасқан. 
Бұл өндіріс кезінде ауаға тарап кететін өнеркəсіптік тозаң бірге зиянды заттардың тұрғын 
аудандарға дейін оңай жетіп, адам денсаулығына зиян келтіруіне əкеп соқтырады. 
Өнеркəсіптік тозан құрамында мыс, барий, цинк, никель, кобальт жəне бериллий сияқты алуан 
түрлі металдар бар. 2007-ші жылы ферросплав өндірісінен ауаға бөлініп шыққан қатты қалдық 
заттардың мөлшері ықтимал ең жоғары концентрация деңгейінен асып кетті. Жер шаң-тозаңы 
концентрациясы ең жоғары ықтимал көрсеткіштен 2-6 есе жоғары. Ауаға бөлінетін өндірістік 
эмиссияларды бақылау жүйелері металлургиялық нысандардың барлығында дерлік бар 
болғанымен, олардың көбі ескіріп, ауа сапасының стандартқа сай сақталуын қамтамасыз ете 
алмайды. Əйтсе де, тау-кен өндірісі жəне металлургиялық кəсіпорындардың кейбірі соңғы 
бірнеше жыл ішінде жаңа технологиялар мен алдыңғы қатарлы тəжірибені өндіріске енгізу 
арқылы өздерінің экологиялық көресткіштерін түзете алды. Мысалы, «Қазцинк» өндіріске 
даниялық технологияны енгізу арқылы жəне ауыр металдардың қалдық үймелерінен сыртқа 
бөлінуін тежейтін жаңа сүзгі қондырғысын орнату арқылы SO
2
-ні тиімдірек қайта өңдеуге 
мүмкіндік алды.
Қазақстандағы өндіріс жəне өңдеу салаларының ел экономикасы үшін маңыздылығын есепке 
ала отырып, осы салада жыл сайын жиналып, мөлшері жағынан өсіп келе жатқан қатты 
қалдықтардың қаншалықты үлкен мəселеге айналғанын түсінуге болады. Жасалған есептеулер 
бойынша, 2006-шы жылға дейін жиналған түрлі қатты қалдықтардың жалпы мөлшері шамамен 
21 миллиард тоннаны құрады. Жəне де бұл көрсеткіш жыл сайын 1 миллиард тоннаға дейін 
ұлғайып барады. Қалдықтардың басым бөлігі Қарағанды облысында (29,4%), Шығыс 
Қазақстан облысында (25.7%) жəне Қостанай облысында (17.0%) шоғырланған. Осы 
қалдықтардың түрін қайта өңдеу ісі Қазақстанда жолға қойылмаған. Полиметалдық кен 
заттардың ең соңғы қалдықтары негізінен Өскемен қаласының маңында жатыр. Қойма 
шахталарындағы қышқыл судың қашыртқысы нəтижесінде қалдықтардың құрамындағы ауыр 
металдар жерасты жəне жербеті сулары мен топыраққа сіңіп кетеді. Сонымен қатар, алтын 
өндіріс кезінде цианид тəсілінің дұрыс қолданылмауы экологияға жəне денсаулыққа көп 
нұқсан келтіруі мүмкін. Мұндай тəсіл Қазақстанда Васильковский кешенінде пайдаланылады.
Уран 
Қазақстандағы тау-кен өндірісі саласындағы жұмыс істейтін кəсіпорындар уранды кеңінен 
тараған жерасты сілтілендіру (ЖС) тəсілін қолданып өндіреді. Бұл тəсілдің көмегімен уранды 
құм-тас қабатының жұтаң кенінен сілтілеп алуға болады. Əдістің бір артықшылығы - өндіріс 


174
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
кезінде ең ақырғы қалдықтар шығарылмайтындықтан, жер беті мен топыраққа аса зиян 
келтірілмейді. Өндіріп алынған уран шөгінділерінен тұратын блоктарды өңдеп, кəдеге жарату 
керек. Бұл мақсатта арнайы тарату қоры құрылған болатын. 1999-2003ж.ж. аралығында уран 
өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін əсерін, соның ішінде ЖС тəсілінің экология жəне адам 
денсаулығына жасайтын ықпалын анықтайтын егжей-тегжейлі зерттеу жұмысы жүргізілді. 
Зерттеу нəтижелері үкімет мамандары тарапынан жіті қадағаланып, ЖС тəсілі қоршаған ортаға 
айтарлықтай зиян келтірмейді деген қорытынды шығарылды. 2004-ші жылы Үлбі 
металлургиялық 
зауытындағы («Қазатомөнеркəсіп») 
қоршаған 
ортаға 
байланысты 
мəселелердің басқарылу жүйесі тексеріліп, ол ISO 14001 стандарттарына сай деп табылды.
Еш бақылауға алынбаған ескі уран қалдықтары Қазақстанның жер-жерінде кездесіп, қоршаған 
орта, адам десаулығы мен қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді. Ең көлемді уран 
қалдықтары Қошқар Ата (8.3 қосымшасын қараңыз) радиациялы қалдықтар қоймасында. 
Осында 52 миллион тонна радоактивті қалдық бар. Сондай-ақ, Степногорск жəне Өскемен 
қоймаларында сəйкестігіне қарай 50 миллион тонна жəне 4 миллион радиоактивті материал 
жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет