Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет157/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Тарау 
 
СУ РЕСУРСТАРЫН ТҰРЛАУЛЫ БАСҚАРУ 
 
9.1 
Экологиялық қызметтің нəтижелілігі туралы Бірінші шолу жазылғаннан бергі 
уақыттағы су ресурстарының ахуалы мен үрдістері 
Қазақстан аумағының шамамен үштен бір бөлігін қамтитын елдің солтүстік-шығыс бөлігі 
Арктикалық мұхитқа құйылатын Обь бассейнінің жоғарғы ағысы есебінен суарылады. Осы 
гидрологиялық аймақ арқылы Ресей Федерациясы аумағына қарай ағатын басты үш өзен бар 
(бастыстан шығысқа қарай): Тобыл, Есіл жəне Ертіс өзендері. Ертіс өзені бойында Павлодар, 
Өскемен жəне Семей сияқты ірі қалалар орналасқан. Есілдің жоғарғы ағысы өңірінде елдің 
қарқынды өсіп келе жатқан бас қаласы Астана қоныс тепкен. Қазақстанның өзге аймақтарымен 
салыстырғанда солтүстік-шығыс өңірі, əсіресе Ертіс бойындағы жер аймағы суға бай болып 
келеді. Сондықтан осы аймақта өндіріс орындары да, халық та ең көп шоғырланған (15 
миллиондай халқы бар Қазақстанның жартысына жуығы осы аймақта мекендейді).
Елдің өзге аймақтарындағы су бассейндері(алаптары) жабық болып табылады. Осы тектес 
бассейндер «ластану концентрациясы» деп аталатын феноменге өте тез душар болуы мүмкін. 
Қазақстанның көршілес мемлекеттермен бөлісетін екі теңізі бар: Каспий теңізі жəне Арал 
теңізі. Сондай-ақ, Қазақстанның өзіне ғана тиесілі көл суы: Балқаш көлі, Алакөл жəне Теңіз 
көлі бар. Осы аталған жабық теңіз бен көлдерге су апаратын бірнеше өзен бар. Олар - Ресейден 
бастау алып, Каспий теңізіне құйылатын Орал өзені, Орталық Азия елдері бірқатарының 
аумағы арқылы өтіп, Арал теңізінің солтүстік бөлігіне құйылатын Сырдария өзені жəне 
Қытайдан ағылып келіп, Балқаш көліне құйылытан Іле өзені. Жылдың белгілі бір мезгілдері 
кезінде ғана шөлейт далалы жерлерді суғаратын кіші өзен бассейндері де бар. Олар – елдің 
орталық бөлігіндегі Торғай, Нұра жəне Сарысу өзендері жəне оңтүстіктегі Шу мен Талас 
өзендері.
Қазақстанның климаты (Кіріспені қараңыз) ұзаққа созылатын қыс мезгілі кезінде өте суық, ал 
қысқа жаз кезінде өте ыстық екендігімен ерекшеленеді. Жаз айларында ауа температурасы 
экстрималды көрсеткіштерге дейін жетіп, қуаңшылық жиі пайда болады. Ал қаңтар айында ауа 
температурасы -45°С дейін жетеді. Қыс мезгілінің суықтығы салдарынан елдің солтүстігіндегі 
құрылыс жұмыстары жылына 6-ақ ай бойы ғана жүргізіледі. Соның үстіне, қысты күні аяздап 
кетпес үшін су құбырлары жылу изоляциясына алынып, жер бетінен 3 метрге дейінгі 
тереңдікте көмілуі керек. Ауыл шаруашылығы салысында суды пайдаланудың да өзіндік 
ерекшелігі бар: оңтүстіктегі егін маусымы наурыз айынан қазан айына дейін, ал солтүстікте 
сəуір айынан қыркүйек айына дейін созылады, демек жылына бір-ақ рет болады. Булану 
деңгейінің жоғарылығынан, жауын-шашынның аз түсуінен елдің айтарлықтай бөліктері 
қосымша суаруды қажет етеді. Ауыл шарушылығы егістік жерлерінің басым бөлігі климаты 
жұмсақтау келетін оңтүстік облыстарда шоғырланған.
Қазақстандағы жер беті су ресурстарының жалпы мөлшері жылына орташа есеппен 100.5 
текше км-ге
тең болса, соның 56.5 км
3
-і ғана Қазақстаннан бастау алады. Қалғаны көршілес 
елдерден ағып келеді. Су ең көп мөлшерде Қырғызстаннан, содан кейін Қытайдан, Ресей 
Федерациясынан жəне Өзбекстаннан келеді. Климаттың ерекшеліктері себепті өзен сулары 
ағымының 90 пайызға жуығы көктемде болады. Су ресурстары ел аумағы бойынша біркелкі
тең тарамайды. Оның үстіне су мөлшері жыл жəне мезгіл сайын өзгеріп отырады. Суды 
толығымен пайдалану мақсатында елдің барлық аймақтарында су ресурстарын жəне солардың 
ағысын реттейтін арнайы гидротехникалық нысандар салынған. Түрлі салаларда суға деген 
сұраныс əр-түрлі болғандықтан, жəне су ағымының мөлшері мезгіл сайын күрт өзгере 
беретіндіктен (мысалы, көктемгі сең жəне жазғы қуаңшылық), су кейде тасып, кейде 
керісінше тартылады. Суды пайдаланудың өзара бəсекелес екі жолы бар: қысқы мезгілде аса 


182
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
қажет болатын гидроэлектр қуатын өндіру жолы жəне жазғы мезгілдегі ирригация(суландыру) 
жолы.
Жерасты суларының Қазақстандағы жалпы мөлшері 64,27 км
3
/жылмен бағаланады. Алайда су 
құрамындағы кермектік деңгейі жоғары. Келтірілген көрсеткіштің 40,44 км
3
/жылға тең 
бөлігінде минералдау деңгейі 1 г/л-ден кем. Су ресурстары ел бойынша біркелкі тарамайды. 
Тұщы жерасты суларының басым бөлігі (жалпы ресурстардың 60 пайызы) елдің оңтүстігінде 
шоғырланған болса, Каспий аймағы мен солтүстік-шығыс аймағында тұщы су сирек кездеседі.
Сегіз түрлі өзен бассейнінің ерекшеліктері: судың пайдаланылуы, проблемалар жəне 
үрдістер 
 
Əкімшіліктік тұрғыдан алғанда, Қазақстанда халықаралық өзен бассейндерінің құрамдас бөлігі 
болып табылатын сегіз өзен бассейні бар: Ертіс, Есіл, Тобыл-Торғай, Нұра-Сарысу, Орал-
Каспий, Арал-Сырдария, Шу-Талас жəне Балқаш-Алакөл (9.1 суретті қараңыз). Суды сандық 
тұрғыдан басқару мақсатында жасалған осындай ұйымдастыру принципі су ресурстарының 
бірлескен менеджменті схемасына көшуіне мүмкіндік берді. 
Батыс жəне оңтүстік аймақтардағы ішкі бассейндер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет