Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет160/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   195
kazakhstanII.KAZ

 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
Ертістің Қазақстан аумағына өтетін шекаралық нүктесіндегі ағыс жылдамдығы секундына 300 
текше метр құрайды (9 км
3
/жыл). Ал өзеннің төменгі ағысында, Ресей Федерациясының 
Қазақстанмен шекаралас Черлак ауылындағы жылдамдығы - 840 м
3
/сек (27 км
3
/жыл). Осы 
бассейн су ресурстарының молдығы жағынан ең қомақты болып саналады. Осындағы 
қолданысқа қолайлы су ресурстарының жалпы мөлшері 33 миллион км
3
-ге тең. Алайда 
Франциядағы Ғаламдық қоршаған орта қоры жасаған сандық үлгіге сəйкес, Қытай мен 
Қазақстан өзен суын өзге аймақтарға айдауды күшейтетін болса, жағдай күрт өзгеруі кетуі 
мүмкін. Бүгінгі күні өзен суы екі түрлі жасанды канал арқылы тармақталады. Бірінші канал – 
Ертіс-Қарағанды каналы (485 км) - 1962-1974ж.ж. аралығында Астана қаласынан оңтүстікке 
қарай орналасқан бірталай өндіріс орындарының қажеттілігін қанағаттандыру үшін салынған 
болатын. Екінші канал (300 км) 2000-жылдардың басында Қытай аумағында, Қарамай 
қаласында күрт дамытыла бастаған мұнай өндірісі үшін салынған. Ертіс суын Астананың 
қажеттіліктеріне жарату мақсатында оны Есіл бассейнімен канал арқылы байланыстыру 
жоспары қазір қарастырылып жатыр. Алайда суға сұраныс пен судың пайдаланылуын 
реттейтін қатаң басқару шаралары қолға алынбаса, аталмыш жоспар үлкен проблемаға əкеліп 
соқтыруы əбден мүмкін (төменде берілген мəліметті қараңыз).
Ертістің қазақстандық бөлігінде су электр станциясы орнатылған үш басты су қоймасы бар: 
Бұқтырма, Шүлбі жəне Өскемен. Осы үш су қоймасының көмегімен Ертістің ағымын жəне 
деңгейін реттеуге болады. Қоймалардың бəрі өзеннің жоғарғы ағысында Семей қаласының 
маңындағы таулы аймақтарда орналасқанымен, төменгі ағыстағы кемелердің жүзуі сол су 
қоймаларының қалай басқарылып жатқанына тікелей тəуелді. Семейден өткен соң өзеннің 
ағысы баяулап, далалы жерге жеткеннен кейін арнасы айтарлықтай кеңейеді. Ресейдегі Омбы 
қаласына дейін оған қандай да бір елеулі өзеншіктер қосылмайды. Ертіс 400 мың км²-ден асып 
кететін байтақ əрі ылғалды жерді ғана емес, 330 мың тұрғыны бар өндірістік Павлодар қаласын 
да сумен қамтамасыз етеді. Суды реттеу жəне басқару дағдысы жетіліп, осы саладағы білім 
деңгейі көтеріліп, үлгілеу мүмкіндіктері ашыла бастады. Əйтсе де, өзен арнасының 
гидроморфологиялық өзгеріске ұшырап жатуы бұрынғысынша экожүйелерге əсер ететін басты 
фактор болып қала береді.
Өндірістің ластау факторлары су сапасына басты қауіп төндіреді. Бұл, атап айтқанда, тау-кен 
өндірісі жəне бұрыннан кележатқан ежелгі ластау факторлары. Соның ішінде Қазақстан 
тəуелсіздік алғанға дейін Кеңес Одағы əскерлері пайдаланған Семей ядролық сынақ алаңы.
Есіл жəне Тобыл-Торғай өзен бассейндері
Есіл жəне Тобыл өзендері Солтүстік Қазақстаннан бастау алып, содан кейін Ертіс өзеніне 
қосылып, сонымен бірге Қазақстан-Ресей шекарасының арғы жағына ағып өтеді. Осы екі 
өзеннің гидрологиялық режимі бір-біріне ұқсас келеді: сыртқы ағыстарының басым бөлігі қар 
еріген кезде пайда болады. Басты ерекшеліктері – түрлі жыл мезгілдері мен əр жылдары ағыс 
деңгейінің біркелкі болмауы. Сондай-ақ, судың ағымдық мөлшері жылдан жылға өзгеріп, əр 
жылдағы көрсеткіштер бір-бірінен 100 есе көп немесе аз болуы мүмкін. Сондықтан осы 
өзендердегі су ресурстарын тиімді пайдалану өте қиын. Жерасты су ресурстарының Есіл 
бассейнінің аймағында тым аз екенін ескерсек, аталмыш екі өзен бассейндерінде су 
ресурстарының жетіспей жатқаны түсінікті болады. Ал суға сұраныс болса, барған сайын өсіп 
келеді. 1,9 миллион адам тұратын Есіл өзенінің бойында осы мəселе ерекше мəнге ие. Есілдің 
бойында Астана да тұр, бірақ аталған 1,9 миллионның жартысынан астамы қазірдің өзінде 
ауылдық жерде мекендейді. Тобыл-Торғай өзен бассейніндегі халық саны 1,05 миллион адамға 
тең. Торғай өзені Тобыл өзенінің оңтүстігінде ағады. Ол ешбір су қоймасымен байланыспаған 
құрғақ далалы өзен болып табылады. Сондықтан бұл өзен үнемі су ресурстарына тапшы.
Аталған бассейндердің екеуі де өндіріс қалдықтары жəне қалалардағы қалдық сулар 
салдарынан ластанады. Астанадағы суға деген сұраныстың өсуі қала дамуы үшін аса маңызды 
тағы бір проблема. Солай бола тұра, су сұранысын қысқарту саясаты əлі де болса 
қатайтылмаған. Қаладағы үй шаруашылықтардың жартысы ғана суды өлшейтін есепші құрал 


9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
187 
 
орнатып, судың ел аумағындағы орташа бағасы бұрынғыдай төмен болып қалып отыр (ауыз 
судың бағасы - 22.13 теңге/м

немесе $0.180, канализациялық суды əкетудің бағасы – 15,79 
теңге/м

немесе $0.128). Тобыл бассейні ауыз суды тасымалдайтын инфрақұылымдық 
нысандарды жұмысына қатты байланып қалған. Яғни сумен қамтамасыз етудің шығындары 
жоғары болып, ұзақ қашықтықтарға жалғанған құбырларға тəуелді.
Нұра-Сарысу өзен бассейні
Бұл бассейнге ең үлкен Нұра өзені кіреді. Оның ұзындығы 978 км болса, су бассейнінің көлемі 
58 100 км
2
-ге тең. Нұра Теңіз көліне барып құйылады. Нұра-Сарысу бассейні аумағында 
мекендейтін халық саны шамамен 1 миллион адамға тең. Мұнда аса ірі өндірістік қала – 
Қарағанды – бар. 2006-жылы Қарағанды халқының саны 446 200 адам еді. Демек ол Қазақстан 
қалаларының ішінен ірілігі жағынан 4-орында болған. Су ресурстары өте шектеулі. Су 
ресурстарын молайту мақсатында кезінде Ертістен Ертіс-Қарағанды су каналы жалғанған 
болатын (жоғарыдағы бөлімді қараңыз). Ирригация мен сумен қаматамасыз ету мақсатында 
салынған осы канал бүгінгі күні Қарағандының өндірістік орталықтарына қызмет етеді. Соның 
ішінде канал суы көмір шахталары мен болат өндіру зауытының қажеттіліктеріне жаратылып 
жатыр. Жерасты сулары жалпы су ресурстарының 25 пайызын құрайды. Бассейндегі 
өзендердің сулары өзге аймақтардағыдай көктем айларында мол болып (жылдық ағымның 
90%-ы), жазда су деңгейі тек кейде ғана уақытша көтерілуі мүмкін. Нұра-Сарысу бассейні
аумағында 2 мыңға жуық көл мен 400-дей жасанды су қоймасы бар.
Ластанудың басты көздері – аймақты бұрыннан бері ластап жатқан өндіріс, соның ішінде ауыр 
өндіріс қалдықтары жəне қалалық жерлердегі қалдық сұйықтықтар (канализация). Нұра өзенін 
барынша ластап жатқан бір нысан – сынап шығаратын Теміртаудағы карбид зауыты. Аталмыш 
өнеркəсіп орны кеңес дəуірі кезінде катализатор ретінде сұйық металды пайдаланған. 
Ластануға қарсы, өзенді сауықтыру шаралары қаншама қолға алынғанымен, сынап өзеннің 
айтарлықтай бөлігіне тарап үлгереді.
Сондай-ақ, өзен суын бассейннің өзге аймақтарына жеткізетін Ертіс-Қарағанды каналының 
нашар халі жəне сирек жөнделетіні қатты алаңдатады. Суға деген сұраныстың ойдағыдай 
реттелмей жатқанын еске алсақ, өзен суының канал арқылы тым көп мөлшерде ағып кететіні 
аймақтағы экологиялық тұрақсыздыққа əкеліп соқтырмай ма деген тағы бір қауіп бар. Судың 
барлық деңгейде құбырлардан ағып кетуі, салқындататын судың өңделмеуі жəне көптеген 
артезиан құдықтарының қараусыз қалғаны аймақтағы су тапшылығы жəне су тасымалының 
қымбаттылығы жағдайында аса ауыр болып көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет