Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет156/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   195
kazakhstanII.KAZ

 
 
 


178
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
8.4 
Қорытындылар мен ұсыныстар 
Мұнай жəне газ секторының дамуы арқасында қарқынды өсіп келе жатқан Қазақстан 
экономикасы біршама экологиялық қиындықтар туындатты. Мұнай жəне газ өндірісі 
орналасқан аймақтардағы қоршаған орта проблемалары 2000-шы жылы Қоршаған ортаны 
қорғау шараларына алғашқы шолу жасалғалы бергі уақытта барған сайын ушыға түсті. Жерде 
жəне теңізде жаңа кеніштердің өндіріле бастап, мұнай жəне газ құбырларының, жолдардың, 
темір жолдарының, мұнай мен газды өңдеу зауыттарының салынуы қоршаған ортаны біртіндеп 
ластай береді. Бұл ұзақ мерзімде жинала келіп, ауа, су, жануарлар əлеміне жəне өсімдіктерге 
үлкен нұқсан келтіреді. Тау-кен жəне мұнай мен газ өндірісі салаларының қоршаған ортаға
адам денсаулығына жəне жалпы қауіпсіздікке жасайтын ықпалының салдары қаншалықты 
елеулі екені əлі де болса таныла бермейді. Оны өлшеу мен сараптау жұмыстары да, ластауға 
тосқауыл қоятын шаралар да тіптен жеткіліксіз. Қоршаған орта ластануының қазіргі жəне 
болашақ зардаптарына ойдағыдай мəн берілмей келеді. Бұл əсіресе Каспий теңізі мен оның 
жағалауындағы аса сезімтал келетін аймақ үшін зиянды.
8.1 Ұсыныс: 
Минералды ресурстар, соның ішінде мұнай мен газ өндірісінің қоршаған ортаға, адам 
денсаулығы мен қауіпсіздігіне келтіретін кері ықпалын азайту мақсатында келесі шараларды 
қолға алу керек (əсіресе Каспий теңізі аймағында):
а) 
Энергетика жəне минералды ресурстар министрлігі, тау-кен, мұнай жəне газ 
компаниялары ғылыми институттармен бірлесіп, минералды ресурстар өндіру саласының, 
соның ішінде Каспий теңізі мен соның жағалауындағы жаңа мұнай кеніштері, сонда 
жүргізіліп жатқан барлау жəне тағы басқа жұмыстардың жасайтын кумулятивтік 
ықпалын жан-жақты жəне егжей-тегжейлі зерттеу керек. Қоршаған Орта министрлігі осы 
іс-əрекетке мемлекеттік экологиялық сараптама жасауы керек; 
 
б)
Үкімет «ластаушы төлесін» деген принципті есепке алып, қоршаған ортаның 
ластануын азайтатын шараларды жоспарлап, орындауы керек. Ол, сондай-ақ, минералды
ресурстарды өндіру жəне өңдеу аймақтарында экологиялық консервациялауға, мониторингке 
жəне бақылауға көбірек қаражат бөлуі тиіс.
 
Қазақстан Үкіметі көмір кеніштері мен көмір шахталарынан шығатын метан резервтерін 
пайдалануды солармен жасалған келісімдерге сəйкес жеке меншік операторларына берді. 
Көмір шахталарындағы метанды өндірумен айналысатын компаниялардың көмір өндіруші 
компаниялармен бірлесулері тиіс. Алайда метан өндіру жобаларына қатысты заң жүй 
есі 
жан-жақты жəне тиянақты дамымаған. Киото хаттамасының ратификациялануын күтіп 
отырған бірнеше метан өндіру жобасы бар. Киото хаттамасының шеңберінде қарастырылған 
бірлесіп өндіру схемасы метан эмиссияларын қысқартып, шахталардағы қауіпісздік 
жағдайларын жақсартуға жол ашар еді. Ішкі жəне аймақтық дəрежеде газға деген сұраныстың 
артып отырғанын есепке алғанда, бұл метаннан энергия өндірудің тиімділігін арттыру арқылы, 
энергетика саласындағы нарықтарға де əсер ете ала еді. Дүниежүзі бойынша табиғи газ 
бағаларының өсуі де метан өндірісіне деген экономикалық қызығушылықты арттыруы қажет. .
8.2 Ұсыныс: 
Үкімет басқа мүдделі топтармен бірігіп, Киото хаттамасының икемді механизмдері 
тарапынан қолдауға ие бола алатын көмір шахталарындағы метанды өндіру жобаларын 
дайындай беруі қажет.
 
 4-бөлімдегі 4.3 ұсынысты қараңыз.
 
Тау-кен өндірісіндегі компаниялар көмір шахталарында болуы мүмкін апаттар мен солардың 
қоршаған ортаға келтіретін зардаптарының ауырлығын жақсы түсінеді. Экологиялық жəне 
қауіпсіздік стандарттары өскен сайын өндіріс шығындары да артып, бұл кейбір компанияларға 
ауыр тиіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жиі керек болады. Көмір шахталарының 


8 Тарау: Минералды ресурстар менеджменті жəне қоршаған орта
179 
 
қауіпсіздігі Қазақстандағы жерасты жəне жер үсті шахталарын басқаратын əрбір компанияның 
бірінші кезекте тұратын проблемасы болып табылады. Алайда бүгінгі күнге дейін 
республикада көмір шахталарындағы қауіпсіздік туралы заң жасалмаған. Соңғы бірнеше жыл 
ішінде метан жарылыстары салдарынан болған адам өлімі мен адамдардың жарақаттануы осы 
проблеманың қаншалықты өзекті екенін көрсетіп, шахталардағы қауіпсіздік стандарттары 
жүйесін жетілдіру қажеттілігін айқындады.
8.3 Ұсыныс:
Еңбек жəне əлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше 
жағдайлар министрлігімен бірлесіп, шахталарда жұмыс істейтін жұмысшылардың 
денсаулығы мен қауіпсіздігін халықаралық стандарттарға сəйкес қамтамасыз ететін заң 
жəне оның орындалуына қажетті басқа да нормативті актілерді дайындауы керек. Үкімет, 
сондай-ақ, заң талаптарын орындауға қаржылай мұршасы жоқ компанияларға 
қолғабыстигізе алатын қосымша қорлар ұсынуы қажет.
  
Қазақстан өз экономикасын мұнай мен газға толығымен таңып қоймауы үшін 
əртараптандыруға бет алып, тұрақты дамуға қолайлы жағдай жасауға барынша күш салып 
жатыр. Осы мақсатпен елде заң жүйесі жетілдіріліп, отандық институттар мен қорлар 
құрылуда. Алайда «Қазына» ұлттық қоры сияқты жаңадан құрылған институттар мен олардың 
тұрақты даму мақсатында қойған міндеттерінің орындалуын қажетті біліктілігі бар 
кадрлардың, отандық технологиялар мен жаңа инновациялық идеялардың жетіспеуі, сонымен 
бірге жобаларды іріктеу критерийлерінің жетілдірілмеуі тежеп отырады. Жаңа жобалардың 
тұрақты даму мақсаттары мен тиімділігі толығымен анықталмай жатып, олардың қабылдануы 
немесе кабылданбауы жиі кездеседі. Тау-кен жəне металлургия саласында, сондай-ақ мұнай 
жəне газ саласында экологиялық көрсеткіштерді арттырып, денсаулық жəне қауіпсіздік 
жағдайларын жақсартуға бағытталған стратегиялық жобалар аса маңыздылар қатарына 
жатқызылуы тиіс. Өндіруші сала ашықтығы бастамасына, яғни өндірушілердің халыққа 
ашықтығы дəрежесін көтеру арқылы басқару процесін жетілдіруге баса назар аударылу керек. 
Бұл міндеттердің орындалуы жаңа институттардың дəрменсіздігінен əлі де болса баяу жүріп 
жатыр.
1-бөлімдегі 1.3 ұсынысты жəне 6-бөлімдегі 6.3ұсынысты оқыңыз.
Қазақстан қазіргі қолайлы экономикалық жағдайды пайдаланып, ұлттық ғылыми əлеуетті 
дамыту мен пайдалануға күш салуы керек. Тау-кен жəне мұнай мен газ секторларындағы
компанияларда инновациялардың өркендеуіне мейлінше қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сонда 
компаниялардың мұның ұтылыссыз бастама екеніне көзі жетіп, өндіруші кəсіпорындар, 
жергілікті жабдықтаушы компаниялар, жұмысшылар жəне ғылыми интситуттар арасында 
байланыс пайда болып, тұрақтандырар еді. Өндірістің белгілі-бір бөлігіндегі инновациялармен 
жұмыс істейтін, не болмаса белгілі-бір географиялық аймақтардағы мəселелерді зерттейтін 
арнаулы техникалық орталықтар құрылып, солардың арқасында жаңа технологияны саладағы 
өндіріске біртіндеп енгізуге мүмкіндік туар еді. 2008/1/ЕС директивасына негізделген Еуропа 
Одағының Алдыңғы қатарлы техникалық əдістер келтірілетін сілтеме құжаты жоғарыда 
айтылған бастаманы жүзеге асыруға пайдалы нұсқау бола алар еді. Бұл құжатта қоршаған орта 
ластануының алдын алу мен бақылау мəселелері қамтылып, көптеген өндірістік процестер мен 
өндіріс қалдықтарын басқаруға қатысты ең тиімді əрі қолдан келетін техникалық тəсілдер 
қарастырылады.
8.4 Ұсыныс: 
a) 
Үкімет тау-кен өндірісі жəне мұнай мен газ салаларындағы кəсіпорындардың 
инновация тұрғысынан дамуын қолдап, ғылыми зерттеу жұмыстарына ерекше көніл бөлуі 
керек. Мұнай өндірісі, металлургиялық өндіріс жəне экологиялық басқару салаларында 
Инновациялар жəне таза технологиялар орталықтары құрылуы қажет; 
 


180
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
б) 
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Энергетика жəне минералды ресурстар 
министрлігі шикізат өндіру процесін жетілдіретін озат тəжірибе үлгілерін жасап, енгізіп, 
соларға сəйкестік көрсеткіштерін жасауы керек. Осындай тəжірибе үлгілерінің орта 
мерзімде міндетті түрде қабылданулары шарт.


181
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет