Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет162/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   195
kazakhstanII.KAZ

9.1 Сурет: СРК құрылымы мен штаты 
Дерек көзі: СРК, 2006ж. 
Су басқаруға қатысы бар өзге де негізгі министрліктер мен ұйымдардың тізімі төменде 
келтіріледі. Мұнда барлық ұйымдар түгелдей берілмесе де, суды басқару мəселесінде түрлі 
үкіметтік құрылымдарға жүктелген жауапкершіліктің өзара ұштасып жататыны айқын 
көрсетіледі:
• 
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі: экологиялық рұқсат қағаздарын беріп, жербеті 
суларының жағдайын бақылайды. «Казгидромет» ұлттық гидрометеорологиялық институты 
судың сапасы мен мөлшерін өлшеумен айналысады. Қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық 
басқармалары қоршаған ортаға қатысты инспекциялардың жүрісін қадағалап, қалдық сулардың 
тасталуын бақылайды жəне ластаушы орындарды жауапкершілікке тартады. 2008-ші жылы 
осындай 16 облыстық басқарма екі есе қысқартылып, 8 өзен бассейніне сəйкестіріліп, 8 
басқарма қалды (2 Тарауды қараңыз). Осыған қоса, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 
экожүйелердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін суды пайдаланудың негізгі режимдерін 
анықтайды. Бұл режимдер сулы-батпақты алқаптар, атыраулар, өзендер жəне көлдерге қатысты 
қолданылады.
• 
Ауыл шаруашылығы министрлігі: Құрамына Су ресурстары комитеті кіретін бұл 
министрлік өзге міндеттермен қатар ауыл шаруашылығындағы зерттеу, жер мелиорациясы, 
елдің оңтүстігіндегі бес облыста жүргізілетін ирригациялық жобалар үшін су қашыртқысы мен 
топырақтың сапасын жіті бақылау функцияларын атқарады. Бұған қоса, министрлік балық 
аулау секторындағы басқару үшін де жауап береді. Балық шаруышылығы жөніндегі комитет 
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бір құрамдас бөлігі болып табылса да, оның Су 
ресурстары комитетімен арақатынасы өте əлсіз. Себебі Қазақстанда балықты су сапасының 
биологиялық индикаторы ретінде қарастырмайды.
Төраға 
Төрағаның орынбасары 
Төрағаның орынбасары 
Су рес-н пайдалану 
реттеу жəне қорғау 
басқармасы 
Су рес-н пайдалану 
реттеу жəне қорғау 
бөлімі 
Х/а қат-тар, 
трансшекаралық жəне 
облысаралық суды 
реттеу бөлімі
Су объек-рін пайдалану 
жəне жер сапасын 
жақсарту басқармасы 
Су объек-н пайдалану 
жəне қалпына келтіру 
бөлімі 
Суды пайдалану жүйесін 
жетілдіру жəне 
мем.қолдау көрсету 
бөлімі
Инвестициялар, қаржы 
жəне заң басқармасы 
Қаржы жəне заң бөлімі 
Инвестициялар жəне 
мем-тік сатып алу 
бөлімі 


190
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
• 
Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігі: Бұл министрлік өзінің Геология 
жəне минералдық ресурстарды пайдалану комитеті арқылы жерасты сулары мен соның 
сапасын бақылау үшін жауап береді. 
• 
Денсаулық сақтау министрлігі: Халықтың ауыз суға кол жеткізуі жəне ауыз су сапасы 
мəселелерімен айналысады. Бақылауды облыс деңгейіндегі санитарлық-эпидемиологиялық 
бөлімдер мен департаменттер жүргізеді. 
• 
Төтенше жағдайлар министрлігі: Су тасқыны, қуаңшылық жəне су қоймаларын апат 
салдарынан қорғау мəселелері үшін жауап береді. Министрлік, сондай-ақ, гидравликалық 
нысандардағы қауіпсіздік шараларын қадағалауы қажет.
• 
Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі жəне Қаржы министрлігі: Бұл екі 
министрлік өзге министрліктер мен департаменттерге жүктелген міндеттердің орындалуына 
қажетті бюджеттің болуын қамтамасыз етеді. Ел тəуелсіздігінің алғашқы жылдары су 
менеджменті саласындағы бюджет қатты қысқартылып, саладағы жұмыскерлердің саны 90%-
ға дейін қысқартылған болатын. Ал қазір жаңа ұйымдастыру тұжырымдамасын қайтадан 
дамытуға мүмкіндік беретіндей икемділік жетіспейді. Су төлемдері бар болғанымен, солардың 
деңгейін есептейтін ӨБҰ-лар мен төлем жинайтын министрліктер арасында үйлесім жоқ.
• 
Əділет министрлігі: заңдар мен заң актілерінің өзара қайшы келмей, бірін-бірі 
толықтыруын қамтамасыз етеді. Бұл көпжақты су секторы мен су менеджменті үшін өте 
маңызды міндет.
• 
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі: Су компанияларының су тарифтерін көтеру 
туралы өтініштерін қанағаттандыратын агенттік. Алайда шешімдерді қабылдаған кезде 
агенттік су қызметіне кететін шығындардың тиімділігіне қатысты зерттеу жүргізуді талап 
етпейді. Су тарифтеріне қатысты шешімнің бəріне саяси сипат тəн. Су бағасы техникалық 
қызмет көрсету шығындарын өтей алмайды. Тарифтердің төмендігі суды пайдаланушыларға да 
ықпал жасай алмайды. Нəтижесінде су пайдаланушыларының суды үнемдеу дағдысы 
қалыптаспайды.
• 
Жер ресурстарын басқару агенттігі: су айырғыштардағы кеңістікті жобалау 
жұмыстарын реттейді. Демек, агенттік дренаж, эрозия, су тасқыны сияқты жағдайларда 
жасайтын шешімдері арқылы су ресурстары саласындағы менеджментке ықпал жасайды.
Жергілікті əкімшілік
 
Облыстар деңгейінде айрықша құзыреті бар ең маңызды мемлекеттік органға облыс 
əкімшіліктері жатады. Қазақстанда 14 облыс жəне арнайы мəртебе берілген 2 қала бар (Алматы 
мен Астана). Қала əкімшіліктерінің де су санитариясы жəне сумен қамтамсыз ету 
салаларындағы атқаратын ролі зор. Мұнда белгілі-бір аумақты дамытуға арналған 
бағдарламалар қабылданып, жергілікті бюджет бекітіледі.
Трансшекаралық өзен бассейндерін басқару 
СРК су ресурстарына қатысты халықаралық қарым-қатынас үшін жауапты орган болып 
табылады. Соның ішінде, комитет көршілес елдермен өзара келісімдер жасайды.
Қазақстан жəне Ресей Федерациясы арасындағы келісім 
Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында тарихи əрі сындарлы ынтымақтастық 
қалыптасқан. Соның негізі 1992 жылы қол қойылған Қазақстан Республикасы жəне Ресей 
Федерациясы үкіметтері арасындағы трансшекаралық су қоймаларын бірге пайдалану жəне 
қорғау туралы келісімде қаланған. Келісімге қол қойылғаннан кейін Траншекаралық су 
қоймаларын бірге пайдалану жəне қорғау жөнінде екіжақты Қазақстан-Ресей комиссиясы 
құрылған болатын. Қазіргі уақытта комиссия географиялық аймақтар бойынша жұмыс 
топтарына бөлініп, жұмыс істейді. Суды өлшеу мəселелеріне баса назар аударылады (мысалы, 
су резервуарларын басқару мəселесі, су жинаудың межесін анықтау).


9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
191 
 
Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы келісімдері 
Тарихы ортақ Орталық Азия елдері су саласында ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне жетіп 
отыр. Бұл ынтымақтастықты аймақ деңгейінде орындалатын халықаралық бағдарламалар мен 
жобалар да жан-жақты қолдауға тырысады. Орталық Азияда суды үйлестіру жөнінде 
мемлекетаралық комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына су компанияларының директорлары 
кіреді. Аталмыш комиссия Сырдария бассейніне қатысты ортақ су саясатын белгілеп, 
бассейнге кіретін елдердің əрқайсысына өзен суын пайдаланудың шегін тағайындайды. 
Аймақтың түрлі елдерінде бір орталыққа бағынатын тренинг орталықтары құрылып, 
трансшекаралық су менеджменті саласында ортақ кадрлар даярлау мен ортақ ресурстар 
жинақтау жүйесі қалыптасып келеді. Солай бола тұра, халықаралық ынтымақтастық 
жолындағы кедергілер де аз емес. Бір елдегі ирригация жəне су электр қуатын өндіруге қажетті 
су мөлшері екінші елдің мүддесіне жиі қайшы келеді. Инфрақұрылымның ескіріп кетуі де 
көршілес елдерге теріс ықпал жасап отыр.
Шу жəне Талас өзендеріне қатысты жасалған ынтымақтастықты корнекі мысал ретінде 
келтіруге болады. Бассейн деңгейінде суды бөлісу жəне гидротехникалық нысандарды жөндеп 
отыру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы 
арасында «Суды басқару нысандарын пайдалану жөніндегі мемлекетаралық мəртебесі бар 
комиссия» құрылды.
Қазақстан жəне Қытай арасындағы келісім 
Жоғарыда атап өтілгендей, трансшекаралық Іле өзені бар Балқаш-Алакөл бассейні мен Ертіс 
бассейніндерінің жоғарғы ағысына қатысты Қытай елімен қарым-қатынас орнату Қазақстан 
үшін өте маңызды. Қазақстан жəне Қытай үкіметтері арасындағы келісімге 2001-жылдың 12-ші 
қыркүйегінде Астанада қол қойылған болатын. Содан кейін Трансшекаралық өзендерді 
пайдалану жəне қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясы құрылды. Комиссия 
жылына бір рет бас қосады. Алайда Қытайдың Ертіс пен Іле өзендері суын пайдалану дағдысы 
жəне соның болшақта Қазақстан үшін теріс ықпал тигізу перспективасы екі ел арасындағы 
ынтықтастықты одан сайын күшейтуді талап етеді. Бұл үшін Қытайда даму жобаларын жүзеге 
асыру кезінде суға деген сұраныс қатаң шектелуі қажет. Жуырда Орталық Азия аймақтық 
экологиялық орталығы мен Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы делегациясының 
қолдауымен Қытай, Қазақстан жəне Қырғызстан Іле-Балқаш бассейніндегі су ресурстарын 
бірігіп басқару туралы келісімінің жобасын жасады. Алайда бұл келісімге əлі қол қойылған 
жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет