Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Су ресурстарын интеграциялы басқару тұжырымдамасының негізінде өзен



Pdf көрінісі
бет164/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   195
kazakhstanII.KAZ

9.4 
Су ресурстарын интеграциялы басқару тұжырымдамасының негізінде өзен 
суалаптарын басқару 
 
Жалпы жағдай жəне статистика 
 
БҰҰДБ-ның мəліметіне сəйкес, 2006-жылы Қазақстан халқының 39 пайызы таза ауыз суға 
тұрақты түрде қол жеткізе алмаған. Бұл проблема əсіресе ауылдық жерде қатты байқалады. 
Ауылдық жерде тұратын халықтың үштен екісінің қолы ауыз суға əрдайым жете бермейді (9.1 
кестені қараңыз).
Осыған ең алдымен сумен қамтамасыз ету жүйесінің техникалық ескіргені себеп болып отыр. 
Су нысандарының басым көпшілігі осыдан 25-30 жыл бұрын салынған. Тəуелсіздік алғаннан 
бергі жылдары жөндеу жəне қалпына келтіру жұмыстары қаржының жетіспеуі себепті сирек 
жүргізілетін болды. Бір жағынан мемлекеттің бұл мақсаттарға бөлетін қаржысы бұрынғымен 
салыстырғанда азайса, екінші жағынан су бағасының əдейі төмен деңгейде ұсталатындығы 
салаға қаржы тартуға мүмкіндік бермейді. Техникалық құрал-жабдықтар физикалық жəне 
моральдық жағынан ескіріп қалды. Тек соңғы жылдары ғана, 2002-2010-жылдарға арналған 
Ауыз су бағдарламасы жəне 2004-2010-жылдарға арналған Ауыл бағдарламасы 
қабылданғаннан кейін ғана ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңартуға біртіндеп көбірек 
қаржы бөліне бастады.
СРК үйлестіретін мемлекеттік бюджет негізінен ауыз суды аймақтар арасында тасымалдау 
жүйелерін қалпына келтіру мақсатында жұмсалады. 2000-жылы осыған 705 миллион теңге 
(4,96 миллион АҚШ доллары) бөлінсе, 2006-жылғы бюджет 18,416 миллиард теңгені (146 
миллион АҚШ доллары) құраған. 2007-жылы бұл көрсеткіш 25 000 миллиард теңге шамасында 
(204 миллион АҚШ доллары) болады деп болжанып отыр.
Осы қаржы есебінен қалпына келтірілген нысандар қазіргі таңда жүйелі түрде облыс 
əкімшіліктерінің қолына беріліп жатыр. Алайда болашақта осы нысандарды жөндеуге 
жергілікті билік органдары мен суды пайдаланушылардың мұршасы жетпейтіндінге ұқсайды.
Өзге техникалық мүмкіндіктер де жіті зерттеліп көрмеген. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 
қаржының күрт ұлғайғанына қарамастан, өткен қателіктер қайталануы əбден мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет