188
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
басқа да үкіметтік емес ұйымдарды жатқызуға болады (бассейн деңгейінде арнайы кеңестік
органдар құрып, солардың функциялары жайлы 43-мақаладан оқыңыз). Жаңа
Су кодексінде
ӨБҰ ұғымы берілген. Бұл өзен бассейндерінің ұйымдары (бұрынғы атауы – Бассейн суы
департаменттері) деген сөз. Құжатта бұл ұйымдардың ролі мен мақсаттары келтірілген.
Осыған қоса, Су ресурстары комитеті (СРК) мен өзен бассейні ұйымдарының (ӨБҰ-лар)
жұмысын реттеуді қолға алу туралы 2005-жылы арнайы қаулы қабылданып, Қазақстан су
ресурстарының бірлескен менеджменті концепциясына қарай бет алды. Мысалы, қаулыда
СРК-ға келесі функциялар жүктеледі: «басты өзен бассейндерінің əрқайсысына
қатысты
бірлесіп басқару принципіне сүйеніп, су ресурстарын пайдалану жəне қорғаудың негізгі
жоспарын дайындау», «су қоймаларына қатысты мəлімет базасын жасап, соған қызығушылық
білдірген барлық ұйымдар мен жеке тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз ету». Өзен
бассейндері ұйымдарының (ӨБҰ-лар) басты мақсаты – «бассейн принципіне сүйеніп, су
ресурстарының бірлескен менеджментін жүргізу» болып табылады (
Су кодексі, 2003ж., 10-
бап).
2002-жылы су менеджментін экожүйелік тұрғыдан жүргізу мақсатында
2010-жылға дейін су
секторының дамуы жəне су менеджменті саясатының тұжырымдамасы мен Ауыз су
бағдарламасы
қабылданған болатын. Бұл бағдарламалардың басты мақсаты – сумен
қамтамасыз ету жүйелерін
қалпына келтіру, жетілдіру жəне жаңадан салу; судың баламалы
көздерін табу; су сапасын жақсарту; жəне су ресурстарын ұтымды
пайдалану қажеттілігін
насихаттау.
Институционалдық негіздер
Орталық деңгейде(Ұлттық деңгей)
СРК жер беті жəне жерасты су ресурстарын пайдалануға рұқсат беретін мемлекеттік орган
болып табылады. Комитет, сондай-ақ, су жүйелерін басқару үшін, ұжымшарлар мен ауылдық
жердегі халықты сумен қамтамасыз ету үшін де жауап береді. Су жүйелерінің басым бөлігі
кеңес дəуірі кезінде салынғанын айтып кету керек. Міне осы міндеттердің бəрін орындау
мақсатында комитет құрамында 34 адам жұмыс істейтін 3 департамент бар (9.1 суретін
қараңыз).
СРК жұмысы аймақтық деңгейде сегіз ӨБҰ-ы арқылы атқарылады (өзен
бассейндері туралы
9.1-бөлімде жазылған). ӨБҰ-лардың функциялары
Су кодексінің 40-бабында жəне Ауыл
шаруашылығы министрлігінің 2005-жылдың 8-шілдесінде шыққан №136-бұйрығында
толығымен сипатталады.
Су кодексінің 40-шы бабында су менеджменті жəне
суды реттеу
мəселесіне қатысты басты роль орталықтандырылған мемлекеттік бір органға ғана жүктелген
болса, жоғарыда аталған министрліктің бұйрығында үйлестірудің маңыздылығына ерекше
орын беріліп отырғаны аңғарылады. Демек, бұл құжатта Су ресурстарының бірлескен
менеджменті (СРБМ) принципіне қол жеткізу жолында бір қадам алға жасалды.
Шын мəніне келгенде, ӨБҰ-лардағы жұмыс істейтіндер саны өте аз (8 бассейнде барлығы 182
адам жұмыс істейді. Ең аз адам Шу-Таластағы ӨБҰ-да істейді – 16-ақ адам. Ең көп адам – 32 –
Балқаш-Алакөл ӨБҰ-нда). Басты назар бұрынғысынша су ресурстарын сандық тұрғыдан
басқаруға бөлінеді. Бұл Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан əдет. Ұйымдарға жүктелген
басты
міндеттер келесідей:
•
Су
пайдаланушылардың
салық
органдарына
тапсыратын
су
пайдалану
декларацияларын тексеру жəне əкімшіліктік түрде бекіту; суды пайдалану төлемдерінің
төленуін қадағалау (5 Тарау, 5.5-бөлімді қараңыз);
•
Су ресурстары комитетіне су менджментінің сандық есептерін жəне жоспарларын
дайындау жəне тапсыру (толығырақ 9.3-бөлімде жазылған).
9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
189
ӨБҰ-лар тапсыратын жоспарларда суға деген сұраныс пен ұсыныс деңгейіне қатысты
болжамлар жасалып жүргенімен, судың ең ақырғы пайдаланушылары
мен су пайдалануға
қатысы бар əкімшіліктік өзге органдардан түскен мəлімет мүлдем келтірілмейді. Сондықтан,
бұл жоспарларда суға қатысты проблемалар мен шараларға біржақты көзқарас берілген. Оның
үстіне су ресурстарының сапасына қатысты берілетін мəлімет өте аз немесе жоқтың қасы.
ӨБҰ-лардың бюджеттері өте аз болғандықтан, жоспарлау процесін түрлі секторлардағы
сұраныспен
байланыстырып, экономикалық шектеулерді есепке ала отырып, оларды жүзеге
асыра алатын білімді мамандар жетіспейді.
Достарыңызбен бөлісу: