Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Тарау:  Басқару құралдары жəне экономикалық құралдар



Pdf көрінісі
бет169/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Тарау
Басқару құралдары жəне экономикалық құралдар 
2.1 ұсыныс: 
Қазақстан тұрақты дамудың алғышарты ретінде қоршаған орта саласындағы 
менеджментке жəне экологиялық проблемаларды шешуге мемлекеттік бюджеттен қаржы 
бөлуге ынта білдіруі қажет. Мемлекеттік бюджетке, аймақтық бюджеттерге жəне 
қоршаған ортаны қорғау қорларына экологиялық айыппұлдар мен төлемдер қоршаған ортаны 
қорғау жөніндегі жобалар арасында үлестірілуі тиіс. Экологиялық төлемдер деңгейі 
қоршаған ортаны қорғауға кететін қаржы деңгейінен жоғары болса, төлемдер деңгейі 
қысқартылуы керек. Шығын пайда болатын болса, оның орнын өзге салықтар есебінен 
толтыру шарт. 8.6 ұсынысты қараңыз. 
Үкімет қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу мақсатында қаржы бөлуді тоқтатпаса 
да, қаржыландыру көлемі қысқарып келеді. Соңғы бірнеше жыл бойы қоршаған ортаны 
қорғауға кеткен шығындар көлемі жалпы мемлекеттік шығындардың 0.5-ақ пайызын құрады. 
2002-2005ж.ж. аралығында жергілікті əкімшіліктердің экологияға жұмсаған қаржы көлемі 
ауаның ластануы үшін жиналатын төлемдер көлемінен əлдеқайда аз болған. Тек 2006-жылы 
ғана шығындардың деңгейі табыс деңгейімен орта есеппен теңелді.
2.2 ұсыныс: 
Экологиялық төлемдердің бір бөлігін өнеркəсіп орындарының өздеріне қалдырып, солар бұл 
ақшаны қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмсайтындай салық жеңілдіктері жүйесі 
қалыптастырылуы керек. Ұзақ мерзімде қоршаған ортаны ластау үшін жасалған 
төлемдердің бір бөлігін экологиялық инвестицияларға қажетті жұмсақ несиелерге беруге 
болар еді. Бұл тек қоршаған ортаның жағдайы айтарлықтай жақсарған кезде ғана мүмкін 
болады.
 
Жеке меншік сектордың қоршаған ортаны қорғау мақсатында жасайтын шығындарын 
арттыруды көздейтін салық жеңілдіктері жетіспейді. Экологиялық төлемдерден түсетін табыс 
(иə болмаса, соның бір бөлігі) кəсіпорындарға ластауды төмендету жəне бақылау жүргізу 
шараларын қаржыландыру мақсатында қайта берілмейді. Қаржыландыруға мүмкіндік бере 
алатын жұмсақ несиелер тарату жүйесі де əлі қалыптаспаған.
2.3 ұсыныс: 
Қоршаған ортаны қорғау қорларын басқару тəсілдері қайта қарастырылса, аймақтардың 
арасындағы қоршаған орта жағдайына қатысты айырмашылық азаяр еді.
Қоршаған ортаны қорғау қорлары жəне экологиялық төлемдерді алдын-ала үлестіру шаралары 
2002-жылы күшін жойды. Қоршаған ортаны қорғау шаралары республикалық жəне областық 
бюджеттерден қаржыландырылып отырады.
2.4 ұсыныс: 
Экологиялық рұқсат қағаздарын үлестіру жəне экологиялық зардапты бағалау жүйелері 
жаңа жағдайға жəне жаңа қажеттіліктерге сəйкес əрі қарай жетілдірілуі керек. Осы 
орайдағы кезек күтірмейтін басты міндет – экологиялық рұқсат берген кезде технология 
критерийіне сүйеніп шешім қабылдау. 11.2 ұсынысты қараңыз.
 
Қоршаған ортаға тиетін əсерді бағалау жүйесі мен экологиялық рұқсат беру жүйесін 
реформалау халықаралық тəжірибеге сүйену арқылы жүзеге асырылып отырған. Қоршаған 


203 
 
ортаға тиетін əсерді бағалау жүйесі, оның процедуралары да қалын жұртшылыққа түсінікті əрі 
анық болатындай деңгейге дейін жеткізілді. Алайда бағалау шараларының аясы 
кəсіпорындардың барлығын дерлік қамтиды. Олардың көлемі, шағын жəне орта бизнес басым 
келетін салалардың қазіргі қажеттіліктері есепке алынбайды. Іс-əрекеттің бөлек-бөлек 
түрлеріне берілетін экологиялық рұқсат қағаздар бірегей бір құжатқа біріктіріліп, жаңадан 
қабылданған Экологиялық кодексте 2008-жылдан бастап ірі индустриялық секторлар үшін 
біртұтас рұқсат беруді енгізу керек деп ұйғарылған. Осындай бірегей рұқсат қағаздарындағы 
талаптар қолда бар ең ұтымды технологияларға негізделетін болады. Алайда бұл əдісті 
қолданысқа енгізуге керекті білім мен тəжірибе деңгейі жетіспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет