218
қорғау министрлігі 2024-жылға дейін энергияны жəне қайта
жаңғыратын энергия көздері
туралы стратегияның жобасын жəне қайта жаңғыратын энергия көздерін пайдалануға қолдау
көрсету жөніндегі заң жобасын даярлады. Осы екі құжат үкіметке тапсырылып, енді
министрліктердің талқылануына салынады деп күтілуде.
13.2 ұсыныс:
Энергетика саласындағы реформалар ең алдымен жылу электр станцияларының ауаға
шығаратын эмиссия деңгейін қысқартуға жəне ұзақ мерзімде елдің энергетикалық жүйелерін
көршілес елдердегі жүйелермен біріктіріп, байланыстыруға бағытталуы керек. 4.3 ұсынысты
қараңыз.
Электр станцияларында бұған дейін жасалып келген жетілдіру жұмыстарының бəрі энергетика
объектілерін энергияға деген сұранысты қанағаттандыратындай деңгейге жеткізуге ғана
бағытталған болатын. Зауыттардың кейбірі ескі техниканы жаңа жəне таза технологияларға
ауыстырып жатқанымен, экологиялық ластауды қысқартуға бағытталған шаралар жетіспейді.
Бақылау жүйелері əлсіз болып қала берді. Тарифтерді көтеру есебінен үкімет
ауаның
ластануына тосқауыл қоятын тиімді шаралардың жүзеге асырылуын талап ете алар еді.
Энергетика жүйесін жетілдіру жұмысы жалғасып келеді. «Солтүстік-Оңтүстік» энергетикалық
байланыс жобасының іске асуы нəтижесінде энергетика жүйесі бұрынғымен салыстырғанда əрі
тиімді, əрі сенімді болады деп күтілуде. Аталмыш жоба жуық арада іске қосылып, элект қуаты
саласындағы баланс орнына келіп, энергетика саласында біршама қауіпсіздік пайда болады
деген үміт бар.
13.3 ұсыныс:
Мұнай жəне газ салаларындағы қоршаған ортаны қорғау шаралары шұғыл түрде қолға
алынуы керек. Осы салада жұмыс істейтін кəсіпорындар экологиялық менеджмент
жүйелерін енгізіп, қоршаған ортаны қорғау шараларын қолға алуы керек.
Мұнай мен газ салаларындағы қоршаған оратны қорғау мəселесі ең көкейкесті мəселелердің
бірі болып қалса да, бірқатар оң шаралар қолға алынып үлгерді. Ірі мұнай компаниялары
бұрынғы жəне қазіргі ластанудың залалын жоюға бағытталған қадамдар жасап келеді. Ең
басты
дейтін компаниялар, соның ішінде Қазмұнайгаз, Теңізшевройл, Аджип жəне т.б. ISO
14001 сертификациялауынан өтті. Мұнай өндіру кезінде газды жандыруға тыйым салынған.
Компанияларға 2009-жылға дейін газды кəдеге жарату жөнінде шара қолдану жүктелген.
Достарыңызбен бөлісу: