Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет179/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   195
kazakhstanII.KAZ

 
12 Тарау
Ауыл шарушылығы жəне шөлге айналу 
12.1 ұсыныс: 
Жер туралы жаңа заңда фермерлер мен фермерлік шаруашылықтардың жерді, фермалық 
объектілерді жəне суаруға қажетті суды экологиялық талаптарға сай пайдалану құқықтары 
мен жауапкершіліктері анықталуы керек. Жер учаскілерін тарату ережелері жердің 
шамадан тыс фрагментацияға ұшырауын болдырмауы керек. 10.1 ұсынысты қараңыз.
2003-жылы шыққан Жер кодексінде қоршаған ортаны қорғау жəне жерді қорғау мəселелерін 
есепке алатын баптар бар. Жерді тарату ережелерін үкіметтің арнайы нұсқауы анықтайды. 
Онда жерді қауіптен алдын ала сақтау, соның ішінде фрагментация жəне шөлейттену сияқты 
процестердің алдын алу шаралары қарастырылған. 2007-жылы Жер кодексіне біраз өзгертулер 
жасалды. Бұл өзгерістер ауыл шарушылығындағы жердің нарығын дамыту мақсатында 
енгізілген.
12.2 ұсыныс: 
Шөлейттенуге қарсы күресу мақсатында қажетті технологияларды жетілдіретін арнайы 
зерттеу бағдарламалары қажет болып тұр. Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі ұлттық 
стартегияда жəне соның іс-шаралар жоспарында көрсетілген экологиялық білім беру жəне 
халыққа мəлімдеу міндеттері ұзақ мерзімді емес қысқа мерзімді мақсаттар болып 
анықталуы тиіс. Себебі жергілікті халық осы мəселелерде басты рөл атқаруы керек. 
Шөлейттенуге қарсы күреске қаржы бөлу механизмдерін анықтау қажет.


217 
 
2005-жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының 2005-2015ж.ж. арналған 
шөлейттенуге қарсы күрес жүргізу бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламада зерттеу 
жүргізу жəне халыққа мəлімет таратуды көздейтін бірқатар шаралар көрсетіледі. 
Бағдарламаның 2007-2007ж.ж. арналған алғышқы сатысы халықтың осы мəселе туралы 
құлағдар болып, шешім қабылдау процесіне қатысуына жол ашуды көздейді. Бағдарламаның 
2005-2007ж.ж. арналған іс-шаралар жоспары да қабылданды. Ал 2008-2010ж.ж. арналған 
екінші сатысында фермерлер мен жергілікті тұрғындар үшін ауыл шаруашылығының 
экологиялық аспектілері туралы семинарлар мен жалпы білім деңгейін көтеру 
бағдарламаларын көздейді. Бағдарламаның іске асырылуына қажетті қаржының басым бөлігі 
(3 жылға 25 миллион АҚШ доллары) халықаралық агенттіктерден келіп түседі. 1 миллион 
АҚШ доллары мемлекеттік бюджеттен бөлінеді.
 
12.3 ұсыныс: 
Түрлі институттар, саяси құжаттар, жоспарлар жəне бағдарламалар арасында 
экологиялық мəселелерге байланысты өзара үйлесімділік болуы керек. Ұлттық стратегиялар 
мен бағдарламаларға ауыл шарушылығының тұрақты дамуының критерийлері енгізілуі 
қажет. 10.1 ұсынысты қараңыз.
1.3 ұсыныстын орындалуы туралы оқыңыз. 2006-2010ж.ж арналған Ауыл шаруашылығының 
тұрақты дамуы туралы тұжырымдама мен басқа да тұжырымдамалардың бəрі ауыл 
шарушылығын дамыту критерийлерін анықтап, қоршаған ортаны қорғау саясатының 
шараларын айқындайды. Бұл критерийлер облыс пен қалалардың əлеуметтік-экономикалық 
дамуы жөніндегі орта мерзімдік жоспарларына кіргізілген.
 
12.4 ұсыныс: 
Шөлейттену қаупі төнген аудандарды анықтайтын арнайы мониторинг жүйесін құру керек. 
Басымдықтар қатарына, сондай-ақ, суаруға пайдаланылатын судың үстінен мониторинг 
жасау, əсіресе судың екінші кезектегі тұздануы сияқты процес қатал басқарылуы тиіс. 1.3 
ұсынысты қараңыз.
«Қазгидромет» 16 қалада топырақтың ауыр металдар салдарынан (Cd, Cr, Cu, Pb and Zn) 
зақымдалуын бақылап отырады. 2010-жылға дейін ауыл шаруашылығы жерлерінің пестицид 
жəне басқа да органикалық зиянкестер тарапынан ластануын қадағалайтын шаралар енгізілуі 
керек. Шөлейттену қаупі бар аудандарда мониторинг жүргізу жəне суармалы суды бақылау 
туралы мəлімет жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет