216
құруды көздейді. Осыған орай таза өндіріс бастамасын іске асыруға араласатын барлық
институттар, атап айтқанда, Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау министрлігі
мен Энергетика, индустрия жəне сауда министрлігі бір-бірімен ынтымақтаса отырып,
тиесілі жұмысты атқара бастаулары қажет. 9.2 ұсынысты қараңыз.
Қазақстанда əр уақытта бірнеше таза өндіріс орталығы пайда болды. Кейбірінің жұмысы кейін
тоқтатылған болатын. 1998-жылы қалдықтарды қысқарту жобасы аясында Павлодарда таза
өндіріс орталығы пайда болды. Қазіргі уақытта бұл орталық кəсіпорындарға эмиссиялар жасау
мен қалдық төгудің нормалары туралы мəлімет беру сияқты консультациялар ұсынады. 2002-
жылы Норвегия үкіметінің қолдауымен Алматыда Энергия тиімділігі жəне
таза өндіріс
орталығының негізі қаланған. Оның ең басты мақсаты үй шаруашылықтары секторында
энергияны үнемдеу бағдарламаларын орындау болып табылады. 2005-жылы Тасистің ТМД
елдерінің кейбірінде (Молдова, Грузия жəне Қазақстан) таза өндіріс орнату жобасы
шеңберінде Алматыда Тұрақты өндіріс жəне тұтыну орталығы пайда болды.
Бұл орталық
үкіметтік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен жəне бизнес топтармен тұрақты өндіріс
жəне тұтыну модельдерін іске асыру, тренингтік бағдарламаларды дамыту жəне
пилоттық
жобаларды орындау сияқты мəселелер бойынша жұмыс істейді.
11.4 ұсыныс:
Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны қорғау министрлігі ең басты бірқатар өндіріс
салаларында таза өндірістің үлгісі бола алатын жобаны қолға алуы керек. Бұл өте маңызды
міндеттердің қатарына жатқызылуы тиіс. Аталмыш жобаға қатысушы кəсіпорындар
Экологиялық менеджмент жүйелерін енгізіп, шығындары төмен инвестицияларға көшу керек.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі таза өндіріс үлгісінідегі жобаны іске асыруды
жоспарлағанымен, бұл іске аспады. 2007-жылдың қараша айында Қоршаған ортаның сапасын
тұрақтандыру жөніндегі агенттік-аралық комиссия кəсіпорындарда таза өндірісті енгізу
мəселесін қарастырған. Соның нəтижесінде ISO 14001 стандарттарын
қолдаудың бір амалы
ретінде əрбір өндіріс саласынан екі-үш кəсіпорынды таңдап, сонда таза өндіріс енгізу жөнінде
пилоттық жобаларды қолға алу туралы ұйғарым жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: