219
14.2 ұсыныс:
Экологиялық жағдайды сауықтыру жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары орындалуы үшін
жергілікті деңгейлерде осыған ұқсас аймақтық жоспарлар дайындалуы керек. Осы
жоспарлардың бəрі министрліктер арасында, жергілікті басқару органдары, денсаулық
сақтау ұйымдары жəне ҮЕҰ-дар арасында үйлестіріліп, кеңінен тартылуы тиіс. 1.2
ұсынысты қараңыз.
Жергілікті деңгейде экологиялық жағдайды сауықтыруға бағытталған іс-шаралар жоспарлары
дайындалып жатыр деген мəліметті жинау мүмкін емес.
14.3 ұсыныс:
Азық-түліктің сапасына жəне тағам мөлшеріне қойылатын талаптар қатайтылуы керек.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйелері үстінен жүргізілетін бақылау күшейтілуі қажет.
Бұл азық-түліктің салдарынан пайда болатын ауру ошақтарын жойып отыру үшін керек.
Азық-түлік өндірушілері мен жалпы халық үшін азық-түлік гигиенасы жəне денсаулыққа
жағымды тамақтану дағдысы туралы арнайы білім көтеру бағдарламалары ұсынылуы тиіс.
Тамақтандыру институты ұсынған Ұлттық тамақтандыру саясаты іске асырылуы керек.
Азық-түлік сапасы жəне тамақтандыру саясатына қатысты өзгерістер туралы мəлімет жоқ.
14.4 ұсыныс:
Ядролық сынақ орындары адам мен жануарларға жабық болуы тиіс. Ескі уран шахталары
жан-жақтан қоршалуы керек. Ескі уран шахталарынан өндірілген материалдарды құрылыс
заттары ретінде пайдалану туралы арнайы зеттеу қолға алынуы керек. Аса қауіпті
учаскелерді табу мақсатында ғимараттардың, үйлердің ішіндегі радон деңгейін өлшеу керек.
Бұл алдын-алу шараларын қолға алып, соларды дұрыс бағалау үшін қажет. Ескі уран
шахталарынан алынған материалдарды құрылыс заттары ретінде пайдаланудың зияны,
радон мен оның төндіретін қауіптері туралы мəлімет халық арасында таратылып,
ақапарттық кампаниялар қолға алынуы керек. Құрылыс материаллдарының радиоактивті
құрамы туралы арнайы үкіметтік нұсқаулар шығарылып,солардың көмегімен ғимараттар,
үйлер ішіндегі радиация деңгейін қадағалап отыру керек. 6.2 ұсынысты қараңыз.
Уран өндірісі кəсіпорындарын консервациялау жəне уран депозиттерін
өндірудің салдарын
жою туралы 2001-2010ж.ж. арналған бағдарлама қабылданып, қазір жүзеге асып жатыр. Соны
орындау шеңберінде тұрғын аудандарға жақын жатқан радиоактивті қалдықтар орындары
жабылды. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында жəне соның маңында
істеліп жатқан əрекеттердің бəрі қатаң бақылауға алынды. Бақылауды Ұлттық ядролық
орталық жүзеге асырады. Үй ішіндегі радон деңгейін өлшеу шаралары жалғасып келеді.
Құрылыс материалдары құрамындағы жəне ғимараттар ішіндегі
радиация деңгейінің
нормалары туралы ресми құжаттар қабылданды.
14.5 ұсыныс:
Құрамында қорғасын жоқ бензинді ең болмағанда ірі қалаларда пайдалану қажеттілігі алға
жылжытылуы керек. 4.4 ұсынысты қараңыз.
Қорғасыны бар бензинді пайдалануға 2003-жылы тыйым салынған болатын. Алайда сондай
бензинді елге əкелу əрекеттері бар жəне қорғасыны жоқ бензинді этилдендіру əрекеттері де əлі
тыйылмай келеді.
14.6 ұсыныс:
Үй ішіндегі ауаның ластануына көбірек көңіл бөлу керек. Осыны ластанудың көздерін
анықтаудан бастауға болады. Сол сияқты жұмыс орындарында ауаның ластануын
қадағалайтын бақылау жүйелері орнатылуы керек. 4.2 ұсынысты қараңыз.
220
Денсаулық сақтау министрлігі сандық көрсеткіштердің көмегімен үй ішіндегі ластанудың əсері
туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына есеп береді. Бұл мəліметке сəйкес, үй ішінде
қатты отынды пайдалану кезінде шығатын түтін Қазақстанда ауруларды туғызатын ең басты 10
факторлардың біріне жатады. Айта кету керек, осындай отынды пайдаланатын үй
шарушылықтарының саны жалпы халықтың 5-ақ пайызын құрайды. Қауіпсіз жұмыс
жағдайлары туралы жаңа реттеу құжаттары қабылданды. Алайда жұмыс орындарындағы
ауаның сапасын бақылайтын жүйелердің дамытылып, енгізілгені туралы ақпарат жоқ.
14.7 ұсыныс:
Экологиялық жағдайды сауықтыру мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер
жүйесін қайта құрып, күшейту керек. Осы қызметтерден түсетін мəліметтердің пайдасын
арттыру мақсатында аталмыш жүйенің қолданатын компьютерлік жүйесін жəне
лабораториялық құрал-жабдықтарын жаңарту керек. Санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтердің географиялық жəне демографиялық тұрғыдан алып қарастырғандағы ең
оңтайлы ауқымын анықтайтын зерттеу жүргізу қажет.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің компьютерлік жəне лабораториялық
жүйелерін жаңарту жөніндегі бірқатар жұмыстар қолға алынса да, жүйені қайта құрып,
күшейтуге бағытталған ешқандай талпыныстар əлі жасалған жоқ.