68
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
қорытындысы Орталыққа жай немесе электронды пошта арқылы жөнелтіледі. Сынаманың
шамамен 40% жуығы өз зертханасы жоқ компаниялардан түседі жəне
экологиялық
нормалардың сақталуын тексеру үшін мемлекеттік зертханамен келісімшарт орнатылған.
90-шы жылдардағы құлдыраудан кейін қоршаған орта мониторингі станциялары торабы қайта
қалпына келтіріле бастады. Қаржыландыру жағдайының жақсаруына байланысты, 2000 ж.
бастап мониторинг станциялары мен нүктелерінің саны көбейді (3.1 кесте).
Мониторингтің
мембюджеттен жыл сайын қаржыландырылуы («Қазгидромет»/ ҚОЭМО бюджетінің 70%
құрайтын) жылына орта есеппен 2% артып отырады. Бүкіл артық үлесті қаржыландырудың
басқа да көздерін, ішінара жекеше кəсіпорындар да құрайды.
Қазақстанда мониторингтің қолданыстағы ережелерінің
талаптарына жауап беретін
мониторинг станциялары торабының оңтайлы жəне тиімді беріктігін бағалауға бірде-бір жұмыс
жүргізілмеген. Осының нəтижесінде қаржыландыруға қатысты басымдылықтары да
белгіленген жоқ. Мембюджеттен қаржыландыруға қатысты түскен өтініштер «Қазгидромет»/
ҚОЭМО олардың аймақтық органдарынан түсетін өтініштерді іріктеу түрінде рəсімделеді.
Мұның негізгі мақсаты қолданыс станцияларындағы ескірген құрал-жабдықтарды алмастыруға
жəне өлшеулерді автоматтандыруға негізделеді. 2007 ж. мониторинг үшін қолданылып отырған
құрал-жабдықтардың шамамен 30 % жаңартуға немесе алмастыруға мұқтаж болды.
Достарыңызбен бөлісу: