3 Тарау
АҚПАРАТ, ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚАТЫСУЫ
ЖƏНЕ БІЛІМ
3.1
Кіріспе
Қазақстанда 2000 ж. өткізілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызмет нəтижелерінің
бірінші Шолуы (ҚОҚҚНШ) ҚР экологиялық ақпараттылық табиғатты қолдануды басқару
тізбегіндегі аса əлсіз орта болып отыр. Қоршаған ортаның қалпын қадағалау жұмысы 1997
жылдан бастап өз жұмысын тоқтатты. Қолда қандай ақпарат бар екендігін анықтау аса күрделі
мəселеге айналды, қажетті ақпаратқа қол жеткізудің де мүмкіндігі күрделене түсті. 2000 жылғы
Шолуда Қазақстанға қоғамның барлық өкілдері мен субьектілерінің: мемлекеттік органдар,
жұртшылық, ғылым қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдары жəне үкіметтік емес
ұйымдардың (ҮЕҰ) ынтымақтастығын талап ететін қалыптасқан өзекті мəселелердің шешімін
тез арада табуы қажеттігі туралы айтылған.
Содан бері Қазақстанда қоршаған орта мониторингі мен ақпарат жүйесінің елдің экологиялық
саясаты үшін түбегейлі өзгеруіне маңызды мəні бар екендігі туралы жоғары деңгейдегі түсінік
қалыптасты. Экономиканың жалпы өсімі жəне, ішінара, аса ластаушы салалардың дамуы
жағымсыз экологиялық жағдайлардың артуына алып келуі мүмкін. Осындай нəтижелердің
алдын алу жəне оларды азайту үшін толық мəлімет жəне сапалы баға қажет, осы жайттарды
іздестірумен қазіргі таңда мемлекеттік, облыстық жəне жергілікті деңгейдегі жауапты тұлғалар
айналысып келеді. Түрлі аймақтарда адам денсаулығы мен экожүйеге кері əсерін тигізіп
отырған жағдайлар көп байқалады.
Басқа күшті санамағанда, осындай өзгерістерге себеп
болып отырған қозғалушы күштердің, себеп-салдарлық байланыстары мен əрекеттесу
шараларының тиімділік деңгейін қалыптастыру үшін жаңа да тиімді əдістер табу қажет.
Бірінші ҚОҚҚНШ жазылған уақыттан бастап, Қазақстан экологиялық ақпаратқа үлкен
қолжетімді жағдай қалыптастыруға, əрі жұртшылықты шешім қабылдауға тартуға мүмкіндік
алып, көптеген жетістіктерге жетті. Аса жетік ақпараттандырылған азаматтық қоғам билік пен
ластаушы кəсіпорындарға қысым көрсете бастады, осылайша олар саясаткер, бизнесмен жəне
өнеркəсіпшілердің назарын қоршаған ортаны жақсарту қажеттілігіне жəне соның нəтижесінде
пайдаға қол жеткізуге болатындығына аударуға күш салды. Дегенмен, Қазақстан үшін белгілі
бір экологиялық мақсаттық көрсеткіштерге, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын уақтылы əрі
қолжетімді бағалауды пайдалану мүмкіндігіне жетуі аса күрделі мəселе болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |