2
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері
63
Институционалдық даму
Халықаралық өлшемдерге сəйкес, реттеу мен орындауды бақылаушы органдар өздерінің заңға
сəйкес айқын белгіленген міндеттері бар жеке мекемелер(институттар) түрінде
қалыптасуы
керек. Сатылас бағынатын сипаттағы құрылымда заң қолданатын шешімдер қабылдау құқығы,
мəселелер тиімді шешімін табуы мүмкін ең төменгі сатыларға дейін тапсырылуы лəзім. Ұлттық
деңгейдегі органдар аймақтық бөлімшелерге, тұтастықты сақтап қалу, əлеуетті арттыру,
əдіснамалық басқаруды қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқып-үйрету, жəне қаржыландырудың
сəйкес тетіктері мен жұмыс нəтижелерін саралау істерінде қолдау көрсетуі тиіс. Ішкі құрылым
ұжымдық жұмыстың сапасы артуына көмек болуы керек жəне қызметі қоршаған ортаны
қорғау саласында заң тəртібін қолдануға қатысы бар ұйымдар мен мекемелер арасында жұмыс
бабындағы
тиімді қарым-қатынас орнатылып, сақталып отыруы қажет. Оған қоса құзырлы
органдар өздерінің қызметін тиімді атқаруы үшін тиісті қорлардың (адамдар, матриалдық
немесе қаржылық) бөлінуін талап ете алады. Шешуші фактор еңбек ресурстарының саны,
əсіресе сапасы. Алайда ең білікті делінген мамандардың өзі жеткілікті дəрежедегі
қаржыландырусыз жəне көмекші құралдарсыз өз міндеттерін атқара алмайды.
Қазақстанда бұл өлшемге əлі күнге қол жете қойған жоқ. Саясат
қалыптастыру мен реттеу
қызметтері бір-бірінен ажыратылған күйінде болғанымен, жаңа комитеттерге бюджеттік
дербестік жетіспей тұр. Осы уақытта ҚОҚМ өзінің атқарушы бөлімшелері үшін айқын мақсат-
міндеттерді белгілеп бермей отыр. сондай-ақ деңгейлес (біркелкі тең) жəне сатылас (жоғарыға
бағынышты) құрылымдар бір-біріне кереғарлық етуде. Мұның өзінде ҚОҚАБ-ры ҚОҚМ-нің
əртүрлі бақылау органдарына бағынышты. Мамандардың тұрақтамауы
жұмыс жағдайының
нашар екенін көрсетеді. Осылар ҚОҚМ мен оның бөлімшелерінде жұмыс істейтін мемлекеттік
қызметкерлердің кəсіби біліктілігін көтеруге мұрсат бермей отыр. ресурстарды бөліп беру
соңғы бірнеше жылда өсіп отырғаны байқалған, реттеуші жұмыстың, міндет-жүгіне сəйкес
келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: