Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Ұлттық сипаттағы экологиялық мəселелер жөніндегі халықаралық



Pdf көрінісі
бет89/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   195
kazakhstanII.KAZ

4.3 
Ұлттық сипаттағы экологиялық мəселелер жөніндегі халықаралық 
ынтымақтастық
14
 
Ауа райының өзгеруі
 
Қазақстан Республикасының аумағының осал тұсы - болжалып отырған ауа райы өзгерісіне 
тікелей қатысты. Өсімдік өсіру өнімділігінің төмендеуі, өзен суларының тартылуы мен таулы 
аудандардағы қардың төменгі шекарасының артуы сияқты ауа райының бірнеше əлеуетті 
əсеріне зерттеу жасалынды. Мұндай əрекеттер ел үшін ауа райында елеулі өзгерістер 
болатындығын растайды.
Қазақстан Республикасы 1992 жылы БҰҰ ауа райының өзгеруі жөніндегі Негіздемелік 
Конвенциясына (БҰҰАӨжШК) қол қойды жəне оны 1995 жылы бекітті. 1999 жылы Қазақстан 
Киото Хаттамасына қол қойған еді, бірақ ол бекіту туралы заң жобасы дайын болғанымен, əлі 
күнге дейін бекітілген жоқ. Осы кезеңге байланысты саяси шешім қажет. Тұтастай алғанда, 
бекітуге қатысты үлкен қолдау бар, дегенмен, осыған қатысты қарама-қарсылық ерекше 
мүддесі бар бірқатар топтардан шығып отыр (мыс., өндірістік қалдықтар тастау жөніндегі 
міндеттердің ықпалына ұшырайтын жəне есебінің айқын болуын арттыруды қажет ететін 
компаниялар). Елдің ауа райының өзгеруі жөніндегі өткізілетін іс-шаралары мен жобалары 4.2 
ендірмеде көрсетілген. 
Ауа мен озон қабатын қорғау  
Қазақстан, өзінің дамыған өнеркəсібімен жəне елдегі негізгі энергия көзі ретінде көмірді 
мақсат-бағдарлы қолдануымен Орта Азиядағы ауаның ластануына жауапты болып табылады, 
оның үлесі аймақтағы бүкіл елдердің ішінен 40% аса үлесті құрайды. Энергия тақырыбына 
арналған 7 тарауда жəне Кен қолдануға арналған 8 тарауда сипатталғандай, соңғы жылдары 
өнеркəсіптік қызметтің қарқынды дамып келе жатқандығы байқалады.
Елдің энергиялық жəне 
өнеркəсіптік секторы басымдылығы, негізінен, қоршаған ортаны қатты ластайтын ескі қүрал-
жабдықтарды пайдалану барысында артты. Ауаның ластануының одан əрі күшеюінің алдын 
алуға арналған эмиссияны қысқартуды бақылаудың қазіргі тəжірибесін дамыту жəне таза 
технологиясын енгізіп, энергия тиімділігін арттыру қажет. 32 жыл уақыт кезеңі ішіндегі озон 
қабатының жағдайын зерттеу нəтижесі стратосфералық озон концентрациясының 7-8 пайызға 
төмендегендігін көрсетті, оның ең төменгі концентрациясына 1992 жылдан 1995 жылға дейін, 
ал ең жоғары концентрациясына –2003 жылы бақылау жасалған. 
2001 жылы Қазақстан ауаның үлкен арақашықтықтағы трансшекаралық ластануы туралы 
конвенцияға қосылды (АҮҚТЛ Конвенциясы). Ол оның бірде бір хаттамасын бекіткен жоқ. 
Қазіргі кезде Қазақстан ЛЗМБ
15
Хаттамасына
қосылу туралы мəселені қарастыруда. Елде 
14
Қазақстан Республикасымен бекітілген немесе қол қойылған, немесе ел үшін үлкен маңызға ие МСООС тізімі ІІ 
қосымшада берілген.
15
Еуропа бойынша ауаның үлкен арақашықтықтағы трансшекаралық ластаушы заттарына мониторинг жүргізу жəне 
бағалау жөніндегі Ынтымақтастық бағдарламасын ұзақ мерзімге қаржыландыру туралы хаттама (ЛЗМБ). 


4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру 
 
93 
 
«Қазақстандағы ауа сапасын басқару жүйесін жетілдіру жəне 2008-2010 жылдары АҮҚТЛ
 
Конвенциясы ЕЭК БҰҰ жекелеген хаттамаларын жүзеге асыру» бағдарламасын іске асыру 
жөніндегі іс-шаралар жобасы жасалынды. Конвенцияның Ұлттық есебін дайындау барысында 
күкірт қос тотығы, көміртек
тотығы, бейметанды ұшқыш органикалық қоспалар, көміртек қос 
тотығы жəне экономика мен ауыр металдар (кадмий, қөорғасын жəне сынап) жəне берік 
органикалық ластағыштар (БОЛ) тастайтын негізгі көздер салалары бойынша өлшенген қатты 
бөлшектердің жиынтық көлемі белгіленді. Талдау жүргізуге арналған құралды Бурабайдағы 
фондық мониторинг станциясына Норвегия ұсынды (3 тарауды қара). ЕЭК БҰҰ ауа сапасын 
басқару жəне Орталық Азияда көмірді таза технологиямен жағуды қолданудың басымдылығын 
дамыту мəселелері қамтылған. Энергетика жəне минералды ресурстар Министрлігі ауа 
сапасын басқару жүйесін басқару бағдарламасын дайындау жəне ТЗВБР Конвенциясының 
жекелеген хаттамаларын орындауға дайындық жүргізумен айналысуда. Дегенмен Қазақстан 
Республикасының Конвенцияның қандай да бір хаттамасына қосылу мерзімі туралы əлі 
белгісіз.
Қазақстан озон қабатын қорғау жөніндегі Вена Конвенциясына (Озон конвенциясы) жəне озон 
қабатын бүлдіретін заттар туралы Монреаль Хаттамасына (1998 жылы), сондай-ақ Монреаль 
Хаттамасымен қатар Лондон Толықтырмасына (2001 жылы) қосылды. Қазақстан Копенгаген 
жəне Монреаль толықтырмаларына қосылу мəселесін қарастырып отыр, бірақ Пекин 
толықтырмасы сияқты аталған құжаттарды да əлі бекіткен жоқ. Конвенция мен хаттама 
талаптарын орындау міндеті ҚОҚМ жүктеледі. 2001 жыл мен 2004 жыл аралығындағы кезеңде 
ПРБҰҰ қолдауымен озонды бұзатын заттарды (ОБЗ) қолдануды төмендету жəне қолданыстан 
біртіндеп шығаруға, сонымен бірге ОБЗ қолданатын кəсіпорындарға алмастыру 
технологияларын орнату жəне оларға қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар жобалар қолға 
алынды. ОБЗ қолдану, оны экспорттау жəне импорттау мəліметтеріне жинақтау, өңдеу жəне 
талдау жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды. Қазақстан ОБЗ бірнеше түрлері бойынша 
импортқа шығаруды шектеуді белгіледі, атап айтсақ хлорфторкөміртегі, галон, тетрахлорид 
көміртегі жəне метилхлороформ. Монреаль Хаттамасының шеңберіндегі міндеттемелерін 
орындау барысында Қазақстан Озон Конвенциясы хатшылығына 1999–2002 жылдар аралығы 
бойынша ұлттық есебін берді
.
Табиғат пен биоəралуандылықты сақтау, шөлге айналумен күресу
1994 жылы Қазақстан биологиялық əралуандылық туралы тұжырымдамаға (КБР) қосылды. 
ҚОҚМ – БƏК мəселелері жөніндегі білікті орган. 1999 жылы БƏК талаптарын орындау 
мақсатында Қазақстан биоəралуандылықты сақтау жəне тұрақты қолдану шараларының 
Ұлттық стратегиясы мен жоспарын қабылдады. Стратегия шеңберінде ормандардың 
биоəралуандылығын сақтау басымдылық ретінде анықталды. БЭК алға қойған талаптарына 
сəйкес Қазақстан биоəралуандылық туралы үш ұлттық есеп (соңғы есеп 2005 жылы 
дайындалды) жəне орман экожүйесі туралы есеп дайындады. 
Ерекше күзеттегі табиғи аумақтар биоəралуандылықты сақтау жөнінен ерекше рөл атқарады. 
2007 жылдың басындағы жағдай бойынша ерекше күзеттегі табиғи аумақтардың жалпы көлемі 
14.5 миллион га аса жерді құрады (елдің 5.3% аумағы). Қазақстанда күзетілетін аумақтардың 
тоғыз түрі бар (мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық парктер мен табиғи ескерткіштерді 
қосқанда), оның ішінде тек мемлекеттік табиғи қорықтар биоəралуандылықты қатаң қорғайды. 
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ерекше күзеттегі аумағын дамыту жəне 
жайғастыру Тұжырымдамасы 17.5 миллион га (елдің 6.4% аумағы) көлеміндегі күзетілетін 
аумақтың жалпы ауданына қол жеткізуді қарастыратын мақсатты белгілеп отыр. Берілген 
Тұжырымдама халықаралық мекемелердің қатысуымен 13 қосымша ұлттық парк (оның жалпы 
көлемі 2,100 га аса), 25 мемлекеттік табиғи қорық (2,800 га аса) жəне 6 биосфералық қорық 
(670,000 га) жасауды қарастырады. Жаңа күзетілетін аумақтар құру жөніндегі қызмет те 
басталып кетті. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман жəне аң шаруашылығы Комитеті 
күзетілетін аумақтарды дамытуға жəне басқаруға жауап береді. Орман жəне аң шаруашылығы 
Комитеті мен ҚОҚМ аралығында биоəралуандылықты сақтау жөнінде шынайы үйлестік жоқ. 


94
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет