Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Ендірме: Қазақстан жəне климаттың өзгеруі



Pdf көрінісі
бет90/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   195
kazakhstanII.KAZ

4.2 Ендірме: Қазақстан жəне климаттың өзгеруі 
 
Қазақстан 1992 жылы БҰҰ ауа райының өзгеруі жөніндегі Шеңберлік Конвенциясына (БҰҰАӨжШК) қол 
қойып, оны 1995 жылы бекітті. 1997 жылы ҚР Үкіметі елдің МӨ қалдықтарының көлемін 1990 жылғы 
эмиссия көлеміне сүйене отырып, оны азайту жəне шектеуге бағытталған шараларды талқылауға дайын 
екендігі туралы мəлімдеді. 1998 жылы Қазақстан БҰҰАӨжШК хатшылығына Бірінші Ұлттық мəлімдемесін 
жасады. Қазіргі уақытта екінші мəлімдеме жасауға дайындық жүргізілуде. 1999 жылы Қазақстан I Қосымша 
жəне В Қосымшасы тараптарына айналмай, Киото Хаттамасына қол қойды. Үстіміздегі жылы Қазақстан 
Конвенцияның I Қосымшасы тарапының міндеттемелерін қабылдауға ниет білдірді. Осылайша, Хаттаманы 
бекіткен соң, Қазақстан I Қосымша тарабына айналады, бірақ В Қосымшасында қалдықтарды қысқарту 
жөніндегі міндеттемелердің мақсаттық көрсеткіштері көрсетілмейді.
2000 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша ауа райының өзгеруі жөніндегі Ведомствоаралық комиссия 
(ВК) құрылды. ВК мақсатының қатарына мына мəселелер жатады: (a) Киото Хаттамасын бекітуге қатысты 
шешімдер қабылдау туралы ұлттық үйлестіруді жақсарту, елдің БҰҰАӨжШК шеңберінде қабылданған 
міндеттерін орындау; (b) ауа райының өзгеруі туралы мəселелерді талқылауға қатысу; (c) елде бірігіп 
жасалған жобалар шеңберінде МӨ қалдықтарын қысқартуға бағытталған қызметті атқару. ВК құрамына 
Экономика жəне сауда Министрлігін қосқанда, бірқатар министрліктер жəне ҚОҚМ (төраға орынбасары 
ретінде) кірді. 
Сонымен қатар ВК ПГ ағымдары мен көздерін түгендеу жəне мониторингтеу мəселелерін шешуге, 
жеңілдету жəне бейімдеу шараларына, технология беру, халықаралық талқылаулардың реттеуші қоры 
мен барысын жасауға қатысты. 2000 жылдан 2002 жылға дейінгі аралықта, бірқатар шешімдер мен 
кепілдемелер дайындалып өткізілген төрт келіссөзден соң, ВК бірде бір келіссөз жүргізген жоқ, дегенмен 
оның хатшылығы мен жұмыс органы (Ауа райының өзгеруі жөніндегі Үйлестіруші орталық) (4C) əлі күнге 
дейін жұмысын тоқтатқан жоқ. 4С – үкіметтік емес орган, ол мемлекеттің атынан қызмет етеді жəне 
Қазақстанды халықаралық деңгейде ауа райының өзгеруі жағынан танытады.
Киото Хаттамасының Бекітілуі қаржыландырудың сыртқы көздері мен жаңа технологияларға қол 
жеткізумен сəйкес, таза даму механизмі (ТДМ) мен бірігіп іске асыру механизмі (БІА) сияқты «икемді 
механизмдерге» қатысуға мүмкіндік береді. В қосымшасына қосылу барысы Қазақстан Республикасы үшін 
базалық жыл ретінде бекітілген, 1992 жыл деңгейіне қатысты міндеттемелердің алғашқы кезеңіндегі
(2008–2012 жылдар) эмиссия көлемін төмендету туралы міндеттемелер қабылдауды талап етеді. Бұған 
қоса, Тағайындаулы ұлттық орган (ТҰО) құру туралы да түрлі пікірлер ұсынылды, ол да ТСО сияқты 
үкіметтік орган болуы мүмкін.
Қазақстан көптеген кедергілер мен тəуекелдердің болуына қарамастан, БІА жобаларын тартуға көп 
мүмкіндігі бар. Ең алдымен, Қазақстандағы БІА жобаларын жасауға арналған реттеуші қор əлі бастапқы 
кезеңде тұр. Қазақстанның І Қосымшасының да, В Қосымшасының да арнайы тарапы болып 
саналмайтындығын, сонымен қатар бұл елдің осы күнге дейін қалдықтарды қысқарту жөніндегі формалық 
жағынан міндетті мақсаттық көрсеткіштер белгілемегендігін ескерсек, қолданыстағы немесе жаңа 
жобалардың мүмкіндік дəрежесіне қатысты белгісіздік орнайды.
Елде ПГ қалдықтарын қысқартуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылуда. Энергия тиімділігінің бір 
жобасы жапондық мемлекеттік NEDO компаниясының қатысуымен аяқталды, бұл компания 15 миллион 
АҚШ доллары салымын жасады. Жобаның нəтижесінде жылу жəне электр энергиясын өндіретін 
қуаттылығы 130 МВт жəне 120 Гкал/с қос газ құбырының орнатылды. Сонымен бірге бұл қондырғыда 
тəулігіне 50,000 тонна тұщы суға дейінгі суды тұщытып өндіруші қондырғы да бар. Жыл сайын көміртек 
қос тотығының (CO
2
) қалдығы 800 кг дейінгі мөлшерде қысқартылады деп жоспарлануда.
Экология жəне ауа райы жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты (ЭАЖҚазҒЗИ) мемлекеттік бюджеттен 
қаржыландырып отырған, ауа райын өзгерту жөніндегі зерттеулер жүргізеді. Институт 2000 жылдан бастап 
ҚОҚМ бақылауымен қалдықтарды үздіксіз түгендеу жұмысын жүргізеді. Түгендеудің сапасы артқандығына 
қарамастан, жекелеген секторлар бойынша эмиссияға қатысты жоғарғы белгісіздікпен байланысты күрделі 
мəселе сол күйінде қалады.
Қазіргі уақытта халықаралық мекемелерді қолдау барысында бірқатар жобалар іске асырылып 
отыр. Олардың бірқатары Батыс Тянь-Шянь биоəралуандылықты сақтау жобасы, жыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет