4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру
97
тек Ресей Федерациясы мен Өзбекстан ғана осы құжатты бекіткен. Аймақ үшін су маңызды
мəселе болып саналатындығына байланысты Қазақстан Орталық Азияның басқа да елдерінің
Су Конвенциясына бірігуіне ықпал ететін іс-шараларға жиі қатысады. Осынау игі істер
қатарына қоршаған орта мен суды қорғау туралы түрлі халықаралық форумдарға қосылу
мəселесін көтеру жəне дипломатиялық бастамалар жатады. Қазақстан сондай-ақ Қытайды
Ертіс өзені жəне Балқаш көлімен байланысты мəселені шешуге тартуға үлкен күш жұмсады.
Экономикалық белсенділіктің күшеюінің нəтижесі өзен ағыстары мен су балансының
өзгеруіне, осы бассейндердегі жерүсті жəне жерасты суларының ластануының күшеюіне,
сонымен бірге Балхаш көлінің басым тұздануына жəне жартылай құрғақтануына ықпал етті.
Əлеуетті тəуекелдердің алдын алу немесе оларды азайту мақсатында Қытай жəне Қырғызстан
мемлекеттерімен бірігіп су ресурстарын трансшекаралық тұрғыда басқару туралы үшжақты
келісімді орнатып, қол қою қажет. Қазақстан Су конвенциясының жетекшілігімен ЕЭК БҰҰ
жариялаған трансшекаралық өзен, көл жəне жерасты суларының Бірінші бағалануын
дайындауға белсенді түрде қатысқан еді.
2000 жылы Қазақстан мен Қырғызстан Шу жəне Талас өзендеріне қатысты екіжақты Келісімге
қол қойып, Шу жəне Талас өзендерінің суын тиімді қолдану жүйесін пайдалану жөніндегі
Үкіметаралық Комиссиясын құрды. Комиссия Келісімде көрсетілген су қолдану жүйесін
бірігіп басқаруға жауап береді.
Қазақстан «Орталық Азиядағы плотиналардың қауіпсіздігі: аймақтық қауымдастыққа
қатысты басымдықты арттыру» жобасына қатысады, бұл жобаны Финляндия Үкіметі
БҰҰ Орталық Азия елдеріне арналған Арнайы бағдарламасының (ОАЕАБ) шеңберінде
қаржыландырып отыр. Жоба мына мəселерді шешуге бағытталған: (a) қатысушы елдерді
ұлттық реттеуші шеңбердің үйлесуіне қол жеткізу үшін плотиналар қауіпсіздігін жасауға
немесе қайта қарастыруға ынталандыру; (b) плотиналарда апат немесе төтенше оқиғалар
болған жағдайда ақпарат жəне мəлімет алмасу мақсатында субаймақтық ынтымақтастықты
алға жылжыту. Жоба ЕЭК БҰҰ жəне ЭСКАТО
16
Арал теңізін құтқару жөніндегі Халықаралық
Қордың Атқарушы комитетінің қазақстандық филиалымен бірігіп жүзеге асырылады.
Қазақстан өз аумағында 2007 жылдың қазан айында Алматыда “Өзен бассейндерінің
комиссиясы жəне трансшекаралық су ынтымақтастығының басқа да институттары” семинарын
өткізді. Семинар ЕЭК БҰҰ, БҰҰДБ жəне ЕҚЫҰ бірігіп, Су конвенциясының басшылығымен
жүзеге асрылатын «Шығыс Еуропа, Кавказ жəне Орталық Азия елдеріндегі су
ынтымақтастығының басымдығы» жобасының шеңберінде ұйымдастырылды. Семинардың
мақсаты ВЕКЦА елдерінде шешім қабылдаушы сарапшылар мен тұлғалардың əлеуетін
нығайтуға, сондай-ақ трансшекаралық суларды бірігіп басқаруды мақсат еткен өзен
бассейндерінің біріккен комиссиясын қосқанда, тиімді институттар мен механизмдер құру
жəне оларды қолдау мекемелері аралығында тəжірибе алмасуды қамтамасыз етуге негізделген.
Екіжақты жəне аймақтық ынтымақтастық мəселелері 4.4 бөлімінде жəне 8 тарауда
қарастырылады.
Қалдықтарды жəне химиялық заттарды басқару
2003 жылы Қазақстан қауіпті қалдықтар мен оларды кəдеге асырудағы трансшекаралық
қозғалысты бақылау жөніндегі Базель Конвенциясына қосылды. Базель Конвенциясының веб-
сайтында аталған Конвенцияның Қазақстандағы білікті органы мен жауапты тұлғасы туралы
ешқандай мəлімет берілмеген. Қазақстан зиянды қалдықтар мен оларды кəдеге асырудағы
трансшекаралық қозғалыс салдарынан келтірілген залалды өндіруге қатысты жауапкершілік
пен жəрдемақы туралы Базель Хаттамасымен тең Базель Конвенциясын қолдануға тыйым салу
туралы Қосымшаны да əлі бекіткен жоқ. Базель Конвенциясының талаптарына сəйкес
Қазақстан 2004 жылдан бастап Конвенция Хатшылығына жылдық ұлттық есеп беріп келеді.
Елде зиянды қалдықтарды импорттауға жəне экспорттауға рұқсат беру жүйесі жасалынған.
16
Азия мен Тынық мұхитына арналған экономикалық жəне əлеуметтік комиссия
|