6.1 Кесте: Қоршаған ортаны қорғауға 2001 - 2006 жылдарда жұмсалған шығындар: іріктемелі индикаторлар Бап Деңгейі Ақша бірліг 2001 2002 2003 2004 2005 2006 Жалпы шығындар
ағымдағы бағаларда млрд теңге
42,9
44,1
56,4
69,8
89,0
125,3
Жалпы шығындар, ЖІӨ% ағымдағы бағаларда %
1,3
1,2
1,2
1,2
1,2
1,3
Жан басына шаққандағы
жалпы алынғандар
ағымдағы бағаларда теңге
2 889
2 964
3 789
4 574
5 896
8 292
Халықтың жан басына
шаққандағы нақты
шығындар
коэффициент
2001=100
100
97
111
115
126
153
Халықтың жан басына
шаққандағы жалпы
ағымдағы бағалар жəне
қолданыстағы айырбас
US$ АҚШ
доллары
20
19
25
34
44
66
Дерек көзі: ҚР статистика жөніндегі агенттігі: "Қоршаған ортаны қорғау жəне Қазақстандағы тұрлаулы даму",
Алматы,2005 ж.; сондай-ақ БҰҰ ЕƏК мəліметтері. ХВҚ Дүниежүзілік экономикалық шолуының мəліметтері,
Қазан, 2007 ж. (www.imf.org);
Ескерту: Мемлекеттік жəне жеке сектордың жұмсаған шығындары нақты шығындар ЖІӨ дефеляторын қолдану
арқылы есептелді.
Инвестициялармен салыстыруда қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын ағымдағы шығындар 2001 жылдан бастап, жыл сайын дерлік инвестициялық шығындар ағымдағы шығындардан
асып отырды (6.2 Кестені қараңыз). 2001-2006 жылдар арасындағы жалпы инвестициялық
шығындар қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын жалпы шығындар деңгейінің, орта есеппен
50 пайызға жуығын құрады. Ағымдағы шығындардың үлесі жалпы көлемінің шамамен 44
пайызын құрап, ал қалған бөлігін (6%) жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын
шығындар құрады.
3
Ластанудың деңгейін азайту бойынша интеграцияланған технологиялар
инвестицияларымен салыстырғанда тазарту технологиясына жасалатын инвестициялардың
салыстырмалы мəні туралы ақпарат жоқ. Алайда қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын
жалпы жиынтық инвестициялық шығындар (тіпті техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді
есептемегенде) ел экономикасының негізгі капиталына жалпы қаржы бөлудің жалпы
деңгейінің небəрі 0,2-0,3%-ын ғана құрады (6.2 Кестені қараңыз).
Негізгі экологиялық салалар бойынша жұмсалатын шығындар 2001-2006 жылдар арасында қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындардың ең үлкен
үлесі (45%) ауаны қорғауға бағытталды (6.3 кестені қараңыз), суды қорғауға (28%) жəне
қалдықтарды басқаруға (20%) жұмсалатын шығындар екінші орын алады. Ауаны қорғауға
жұмсалатын шығындар су ресурстарын қорғауға жұмсалатын 17%-бен жəне қалдықтарды
басқаруға жұмсалатын шығындардың 11% -ға жуығымен салыстырғанда экологиялық
инвестициялық шығындардың жалпы деңгейінің үштен екісіне жуығын құрады.
2004-2006 жылдар арасында ауаны қорғауға жұмсалатын шығындар орта есеппен, ауаның
ластануымен күрес жүргізу саласындағы шығындардың жалпы деңгейінің шамамен 75
пайызын құрады. Суды қорғау мен қалдықтарды басқаруға жұмсалатын шығындардың сəйкес
үлестері анағұрлым төмен болып шықты жəне сəйкестігіне қарай 32% бен 20%-ды құрады
(6.1 суретті қараңыз). Осы цифрлар ағынды сулар мен қалдықтарды басқару салаларындағы
3
Халықаралық ұлттық есепшоттар жүйесі (ҰШН) бойынша ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету
ағымдағы шығындарға жатады, ал күрделі жөндеу, реконструкция немесе негізгі қаражаттарды ұлғайту
инвестициялық шығындар категориясында қаралады, бұлар тіркелген активтердің көлемін толықтырады.
6 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар 131 анағұрлым қажет инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін барабар қаражаттардың жоқ екенін
көрсетеді.