Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылды. Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылды. Ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. К. Линней біріншіден, сол уақытта белгiлi өсiмдiктердiң ситематикасын құрастырды. Екіншіден, бұрынырақ К.Баунинг құрастырған бинар номенклатурасын (қос ат беру, түр және туыс) тәжірибеге енгiзіп, оны жүйелеуге негіз етіп алды. Үшіншіден, К. Линнейдiң iрi жетiстiктерiнiң бiрi таксондар иерархиясын анықтау болды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отряд класқа біріктірілді. Бiрақ К. Линней эволюциялық көзқарасты жақтамады. Оның ойы бойынша «басында қанша түр болса, нетижесiнде сонша қалады», түрлер өзгермейді олардың саны құдірет жаратқаннан аспайды деген сенімде болды. Оның концепциясы креациоизмге тән сипатта жазылды. Сонымен, түрдiң тiрi табиғаттың негiзгi құрылымдық бiрлiгi болуы мен ситематика биология саласында дарвинизмге дейiнгi кезеңде басты орынға ие болды. А. Левенгук жыныс жасушаларды, ал У. Гарвей жұмыртқа жасушасын табуы және ағзалардың жеке дамуы белгілі бір жоспарлы түрде жүретіндігін көрсеттi. Онтогенездiң iштен жоспарлануы преформизм концепциясының негiзi болды. Көптеген белгiлi ғалымдар жыныс жасушаларында миниатюра түрiнде дайын ағза қалыптасқан деп санады. Мысалы, немiс биологы Р. Ганнердiң ойынша тауық жұмыртқасында дайын шөже бар. Преформистердiң көзқарастарының негiзi онтогенез әрекетінiң барысында жаңа туындылар пайда болмайды дедi.
Достарыңызбен бөлісу: |