Ұлы ел билеуші қызметші ғана емес, ақын және көрнекті жаратылыстанушы ғалым да болды. Оның «Бабур тағылымы» еңбегінде тарихижәне географиялық Орта Азиялық, Үндістандық, Ауғаныстандық жерлерден қызықты мэлімдемелер беріледі. Ол жерлердегі халықтың қоныстануы мен тұрмыс-салттары жазылған. Бабур өз деректерін нақты іс жүзінде өзі саяхаттаудың нэтижесі бойынша берді. Өсімдіктер арасында кездесетін ұқсастықты, жануарлар арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарды, әртүрлі аршалар мен бүталы өсімдіктерді сипаттайды. Үндістанның эндемді өсімдіктері туралы жазды. Басқа елдерден экелінген жануарларды жерсіндіруге көп еңбек етті. Мысалы, тоты құсын, тауықтарын, маймылдарын, үйректерін, еліктерін т.б. әкелді. Бабур жануарлар дүниесін төртке бөлді. Ресейде табиғат туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М. В. Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерістерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт-Петербург академигі К.Ф.Вольф алғашқылардың бірі болып, үрықтық дамуы жөнінде дұрыс пікір үсынды. Ресейде табиғат туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М. В. Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерістерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт-Петербург академигі К.Ф.Вольф алғашқылардың бірі болып, үрықтық дамуы жөнінде дұрыс пікір үсынды. А.Н.Радищев табиғатты бір түтас деп тауып, оның дамуы қарапайымнан күрделі қүрылысты ағзаларға қарай жүреді деген пікірде болды. Зоолог К.Ф.Рулье түрлердің тұрақтылығы жайлы мета-физикалық көзқарасты қатты сынап, ағзалардың қай қайсысы болса да, айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді. Аса құнды эволюциялық идеяны А.Н.Герценнің еңбектерінен де кездестіруге болады. Ол қүрылысы мен физиологиялық ерекшеліктері жақын ағзалар арасында міндетті түрде туыстық байланыстар бар, яғни олардың шығу тегі бір деп жазды. Назар аударғандарыңызға рахмет! Назар аударғандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |