Ион материалистiк философиялық мектептiң iрi өкілдері Фалес, Анаксимендр, Анаксимен - әлемнiң шығу тегiн табиғаттың өзiмен байланыстырды. Фалес, барлығы табиғи дамудың нәтижесiнде судан пайда болды деп есептедi. Анаксимандр, тiршiлiк судан және топырақтан жылудың әсерiнен пайда болады дедi. Анаксимен, негiзгi элемент ауа, ол сиректенедi және тығыздалады, ол заттардың әр түрлiлiгiн сол әрекеттердiң әсерiнен пайда болатынын түсiндiредi. Ол адам мен жануарлар жер кiлегейiнен пайда болды деп санады. Механикалық материализмнiң өкiлдерi саналатын философтар - Демокрит және Эмпедокл болды (б.э.д. 460- 370 ж.). Демокрит бойынша әлемнiң барлығы көптеген бөлiнбейтiн атомдардан тұрады. Грецияның философы Эмпедокл (490-430) алғаш рет тiршiлiктiң пайда болу механизмiн түсiндiрмекші болды. Атомдардың жеңілдері бетіне көтеріліп одан ауа, ауырлары астына түсіп одан топырақ пен су пайда болған, ал олардың камбинацияларынан бiр тұтас ағзалар құралады деп жорамалдады. Механикалық материализмнiң өкiлдерi саналатын философтар - Демокрит және Эмпедокл болды (б.э.д. 460- 370 ж.). Демокрит бойынша әлемнiң барлығы көптеген бөлiнбейтiн атомдардан тұрады. Грецияның философы Эмпедокл (490-430) алғаш рет тiршiлiктiң пайда болу механизмiн түсiндiрмекші болды. Атомдардың жеңілдері бетіне көтеріліп одан ауа, ауырлары астына түсіп одан топырақ пен су пайда болған, ал олардың камбинацияларынан бiр тұтас ағзалар құралады деп жорамалдады. Аристотель Биологияның ғылым ретiнде пайда болуы Грецияның ұлы ойшылы Аристотельмен байланысты. Ол өзiнiң еңбектерiнде жануарларды салыстыра зерттеп, салыстырмалы анатомияның, морфологияның, ежелгi эмбриологияның негiзiн салды. «Жануарлар тарихы» атты еңбегiнде. Аристотель ағзалардың жiктелуiн салыстырмалы морфологиялық және физиологиялық зерттеулердiң негiзiнде құрды. Жануарларды ол екi үлкен топқа «қаны бар жануар» және «қансыз жануарлар» деп бөлдi, ары қарай бұл топтар одан майда таксондарға бөлiнедi. Ең бiрiншi рет «туыс» және «түр» деген түсiнiктердi енгiздi.
Достарыңызбен бөлісу: |