Эволюциялық идеялардың даму тарихы



бет4/9
Дата10.11.2022
өлшемі1.08 Mb.
#464467
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Эволюциялық идеялардың даму тарихы

Биологияның ғылым ретiнде пайда болуы Грецияның ұлы ойшылы Аристотельмен  байланысты. Ол өзiнiң еңбектерiнде жануарларды салыстыра зерттеп, салыстырмалы анатомияның, морфологияның, ежелгi эмбриологияның негiзiн салды. «Жануарлар тарихы» атты еңбегiнде. Аристотель ағзалардың жiктелуiн салыстырмалы морфологиялық және физиологиялық зерттеулердiң негiзiнде құрды. Жануарларды ол екi үлкен топқа «қаны бар жануар» және «қансыз жануарлар» деп бөлдi, ары қарай бұл топтар одан майда таксондарға бөлiнедi. Ең бiрiншi рет «туыс» және «түр» деген түсiнiктердi енгiздi.

Аристотель өзi құрған жiктеу әдiсiн қолданып жануарлардың 500 түрiн сипаттап берген. «Жануарлардың бөлiктерi» атты еңбегiнде мүшелердiң өзара байланыстылығы (корреляциясы ) туралы ой келтiредi. Мұнда бiр мүшенiң өзгеруi басқа да мүшенiң қызметiнiң өзгеруiне әкеледi дейді. Осы еңбегiнде Аристотель табиғаттың жалпы заңы ретiнде материялы объектiлердiң сатылы дамуын көрсетті: төменгi сатыға - минералдар, өсiмдiктер, зоофиттер ( өсiмдiк жануарлар) және төменгi сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыға - жануарлар мен адамды орналастырды. Бiрақ Аристотель осы сатының баспалдақтары арасында байланыс жоқ деп есептедi. «Жануарлардың шығу тегi» деген еңбегiнде Аристотель салыстырмалы анатомиялық әдiстi жетiлдiрдi және эмбриологиялық зерттеулердi қолданды. Әр түрлi жануарлардың эмбриондарын зерттеу барысында, Аристотель олардың ата тегi бiр болуы мүмкiн деген ойға келдi.

Сонымен, ежелгi заман философтарының көз-қарастарында эволюцианизмнiң маңызды элемент-терi болды:

Сонымен, ежелгi заман философтарының көз-қарастарында эволюцианизмнiң маңызды элемент-терi болды:

  • Тiршiлiк табиғат жолымен пайда болды және олар қарама-қайшылықтың күресi нәтижесiнде өзгередi, сәттi түрлерi тiршiлiк етедi. 
  • Тiрi табиғаттың сатылап, бiрте- бiрте күрделенуi туралы идеялары.
  • Ағзалардың бiртұтастығы (корреляция принци-пi) және эмбриогенез, жаңа құрылымдық әрекет-тер туралы түсiнiктер пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет