6 семестр
Пәннің аталуы
|
М32.1. Биотехнологиялық құрал-жабдықтар
|
Қысқартылған атауы (егер бар болса)
|
БТҚЖ
|
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
6 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.:
|
Сейдалиева Г.Т.
|
Доцент / оқытушы:
|
аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті
|
Оқу түрі/академиялық сағ. саны
|
Дәрістер-30, практ. – 30, ОБСӨЖ- 60, СӨЖ – 60.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы- 180 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
4 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: микроорганизмдер биотехнологиясы, инженерлік энзимология, өсімдік биотехнологиясы, генетикалық инженерия , экологиялық биотехнология, тағам биотехнологиясы.
|
Білім беру мақсаттары
/ компетентности
|
«Биотехнологиялық құрал – жабдықтар » пәнінің мақсаты биотехнологияның əртүрлі салаларында пайдаланатын құрал-жабдықтар, биотехнологиялық құрал-жабдықтарға қойылатын талаптарды, жұмыс істеу принципін, қолданылуы туралы, құрылымдық ерекшеліктері туралы студенттерге білім беру болып табылады.
Компетенттілігі: Студенттерге биотехнология өндірістік технологиясының əр түрлілігі жəне оған байланысты құрал-жабдықтар туралы түгелдей таныстыру, биотехнологиялық қондырғыларға қойылатын талаптар мен жұмыс істеу принциптері, неге арналғанын білу, биотехнология жəне биоинженерия денгейіндегі қазіргі жетістіктері туралы үйрету олардың болашақтағы кəсіби мамандығын табысты игеруіне үлесін қосады
|
Мазмұны
|
Дәріс мазмұны: Кіріспе. Технологиялық қасиеттеріне байланысты биотехнологиялық өндірістердің көп- жəне азтоннажды болып бөлінуі, қондырғылардың негізгі технологиялық түрлері, олардың жалпы сипаттамасы, соңғы өнімдер қасиеттері мен асептикалық талаптар. Биотехнологиялық өндірістерді технологиялық қамтамасыз етудің негізгі принциптері. Биотехнологиялық өндірістердегі микроб контаминанттарымен күресу. Сұйықты мерзімді заласыздандыруға арналған қондырғылар (қоректік орталар, қоспалар, көбік басушылар). Сұйық қоректік ортаны үздіксіз заласыздандыру қондырғылары: өлшем жинағы, олардың жұмыстау принциптері. Қоректік орталар, қоспалар, көбік басқыштарды мөлшерлеу. Ауаны тазалау жəне залалсыздандыру технологиялық жүйелері. Алдына ала сүзу фильтрлері жəне ауаны биологиялық тазалау, Өсіретін культураны мерзімді жəне үздіксіз өсіру тəсілдері. Инокуляторлар жəне өсіру ферментаторлар. Ферментаторларға өсіру талаптары, Қондырғылардың аэрациялау, араластыру, жылу алмасу жəне көбік басу жүйелері. Биообъектілерге оттегінің қажеттілігі. Биообъектілерді өсіру процесіне жалпы оттегінің берілуі. Клеткаға сұйықтықтың берілуі. Биосинтез процесіндегі жылу алмасу, ферментерлардың жылу көздері. Жылу алмасы түрлері. Биообъектілерді өсіруге аналған ферментаторлар. Микроорганизмдерді қатты қоректік ортаға өсіру құрылғылары. Микроорганизмдерді анаэробтыөсіру ферментаторлары. Көбік басу жүйесінің сипаттамасы жəне көбік басуды бағалау тəсілдері.Көбік түзілуге қоректік орта құрамы мен микроорганизмдеркультураларының қасиеттерінің əсері. Механикалық көбік басу арналған құрылғылар. Фототрофты микрорганизмдерд і өсіруге арналған биореакторлар. Олардың ашық жəне жабық түрлері. Биообъектілерді терең аэробты жағдайда өсіруге арналған ферментаторлар; су астымен сұйық фазалы энергиялы (өзі сорылатын араластырғышты, эжекционды струйнды ферментаторлар), газды фазалы (барботажды, барботажды эрфлитті, колонды, форсуналық) жəне біріккен түрлері.Биологиялық синтез өнімдерінің негізгі препараттық формалары. Соңғы өнімді бөлу жəне қоюландыру. Концентраттарды алу. Флотаторлар, центрифугалар, сепараторлар, экстракторлар, адсорберлардың конструкциясы жəне əсер ету принциптері. Биологиялық активті заттар ерітінділерін қоюландыру жəне тазалауға арналған қондырғылар. Биологиялық активті заттар ертінділерін мембранды бөліп алу қондырғылары. Мембранды бөлудің техникасы. Микрофильтрация, диализ, электродиализ жəне ультрофильтрация. Кептіру туралы мəлімет. Биомасса жəне биологиялық синтез өнімдерін кептіру əдістерімен қондырғылар. Мөлшерлегіш жəне қаптау аппаратуралары. Микробиологиялық өндірістерді аппаратурамен жабдықтандыру;аминқышқылдар, ферменттер, өсімдіктерді қорғауға арналған заттар, бактериялық тыңайтқыш, еріткіштер жəне т.б. Фитобиотехнология өндірістерін аппаратурамен жабдықтандыру; жекеленіп бөлініп алынған өсімдік клеткалары мен ткандарды өсіруге арналған жарық камералары жəне ферментаторлар. Дəрі дəрмек өндірістерін аппаратурамен жабдықтандыру; вакциналар, диагностикалық, емдеу жəне медициналық препараттарды u1257 өндіру, Инсулин, интерферондар, өсу гормоналарын өндіруге гендік инженерлік жəне молекулалық биологиялық тəсілдерді пайдалану. Тағам өндірісін аппаратурамен жабдықтандыру; сыра, шарап, спирт, сүт қышқылды өнімдері, жəне ірімшік, наубайхана ашытқылары. Биогеотехнологиялық аппаратура жабдықтары; пайдалы қазбаларды өңдеу жəне тау-кен өндірістері. Экологиялық биотехнология аппаратура жабдықтары; қалдық суларды биологиялық тазалау, ауыл-шаруашылығы қатты қалдықтарын қайта өңдеу, аэротенклер, метантенклер, биофильтрлер.
Практикалық сабақтар мазмұны: Биотехнологиялық өндіріс түрлері, шикізатпен қамтамасыз ету және дайын өнімді тасымалдау құралдары. Ауа жəне қоректік заттарды залалсыздандыру қондырғылары. Анаэробты микроорганизмдерді өсіруге арналған ферментаторлар. Ферментаторлардың аэрациялау жəне араластыру жүйелері. Көбік басу тəсілдері мен құрылғылары. Фототрофты микроорганизмдерді өсіруге арналған биореакторлар. Аэробты микроорганизмдерді өсіруге арналған ферментаторлар. Микробсинтез өнімдерін бөліп алу, тазалау жəне кептіруге арналған аппаратуралар. Фитобиотехнология өндірісіне қолданатын қондырғылар. Сыра және шарап өндіруге арналған қондырғылар. Сүт өнімдерін өңдеуге арналған құрал – жабдықтар. Металдарды бактериалды сілтілендіруге арналған өндірістік қондырғылар. Ластанған суларды аэробты тазалауға арналған қондырғылар. Ластанған суларды анаэробты тазалауға арналған қондырғылар.
Курстық жұмыс.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқыту және емтихан тапсыру процесінде студент биотехнология өндірісі құрал-жабдықтарының алуантүрлілігі мен оларға сәйкес келетін аппаратуралық құрылымдары туралы мәліметтерді меңгеру керек.
Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).
|
6 семестр
Пәннің аталуы
|
М32.2. Биотехнологиялық құрал-жабдықтардың есебі
|
Қысқартылған атауы (егер бар болса)
|
БТҚЖЕ
|
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
6 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.:
|
Сейдалиева Г.Т.
|
Доцент / оқытушы:
|
аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті бойынша
|
Оқу түрі/академиялық сағ. саны
|
Дәрістер-30, практикалық. – 30, ОБСӨЖ- 60, СӨЖ – 60.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы- 180 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
4 кредита
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: микробиология, микроорганизмдер биотехнологиясы, инженерлік энзимология, өсімдік биотехнологиясы, генетикалық инженерия, экологиялық биотехнология, тағам биотехнологиясы
|
Білім беру мақсаттары
/ компетентности
|
«Биотехнологиялық құрал – жабдықтардың есебі» пәнінің мақсаты студенттерді микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар биотехнологияларында қолданылатын негізгі және қосымша қондырғылардың конструктивті есебін жүргізе алу дағдысын қамтамасыз ету болып саналады.
Компетенттілігі: биотехнологиялық өндірісті ұйымдастырудың принциптері мен биотехнологиялық құралдардың есебін жүргізу бойынша білім жүйесін қалыптастыру жағдайларын қамтиды. Яғни, студенттердің инженерлік ойлау қабілеттерін арттыруға үлкен үлес қосады, сондай-ақ компьютерлік әдістермен іздену, мәліметтер жинау, сақтау мен өңдеу, жаңа технологиялар туралы мәліметтерді меңгеру керек.
|
Мазмұны
|
Дәрістер мазмұны: Кіріспе. Биотехнологиялық қондырғыларды талдау және классификациялау. Биотехнологиялық аппараттарды құрастыруда қолданылатын конструкциялық материалдар. Биотехнологиялық өндірістерді технологиялық қамтамасыз етудің негізгі принциптері. Дәріс.Биологиялық синтез өнімдерінің негізгі препараттық формалары. Көтеру – тасымалдау құралдарын негізгі конструктивті есебі мен қолдануы. Заттардың физика- химиялық параметрлері. Қоректік орталарды зарарсыздандыруға арналған құрал-жабдықтар және тәсілдерді классификациялау. Жылуалмастырғыш аппараттар түрлерін таңдау және классификациялау. Құбырлы - қабықты және құбыр ішіндегі құбыр, пластиналы, спиралды жылу алмастырғыш аппараттарын конструкциялық есебі.
Қатты қоректік орталарда микроорганизмдерді культивирлеуге арналған қондырғылар.Сұйық қоректік орталарда микроорганизмдерді культивирлеуге арналған қондырғылар. Механикалық араластырғышы бар барботерлі ферментерлер есебі. Басқа да ферментерлер түрлерін есептеу.Сүзуге, экстрагирлеуге және флотацияға қондырғылар классификациясы және есебі.Биомассаны бөлуге арналған қондырғылар классификациясы, жұмыс істеу принципі, есебі. Соңғы өнімді тазартуға және концентирлеуге арналған қондырғылар есебі. Кептіргіш туралы жалпы мағлұмат. Кептіргіш кондырғылар классификациясы. Кептіргіш қондырғылар есебі. Биотехнология өндірісінің өнеркәсіптерінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Практикалық сабақтардың мазмұны: Биотехнологияның маңызды өнімдерінің өндірістері. Биотехнологиялық құрал-жабдықтардың классификациясы. Көтеру – тасымалдау қондырғыларды таңдау және есебі. Зарарсыздандыруға арналған қондырғылар. Биосинтез процесіндегі жылу алмасу. Ферментердегі жылу көздері. Құбырлы - қабықты және құбыр ішіндегі құбыр, пластиналы, спиралды жылу алмастырғыш аппараттарын конструкциялық есебі.Зарарсыздандыру процесін тереңдетіп культивирлеуге арналған ферментерлер. Зарарсыздандырылмаған процестерді тереңдетіп культивирлеуге арналған ферментерлер. Сүзуге, экстрагирлеуге және флотацияға қондырғылар классификациясы және есебі. Биомассаны бөлуге арналған қондырғылар есебі. Ерітінділерді концентирлеуге арналған қондырғылар есебі. Микробиологиялық өндіріс өнімдері – кептіру объектісі.Кептіргіш қондырғылар есебі.
Курстық жұмыс
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқыту және емтихан тапсыру процесінде биотехнология өндірісінің негізгі құрал-жабдықтарының есептері мен оларға сәйкес келетін аппаратуралық құрылымдары туралы мәліметтерді студент меңгеру керек.
Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).
|
6 семестр
Пәннің аталуы
|
М32.3. Биотехнология өндірісінде қалдықсыз технология құру
|
Қысқартылған атауы
|
БӨҚТҚ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Абубакирова А.
|
Доцент/оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Казақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән , таңдау компоненті
|
Оқу түрі/академиялық сағ. саны
|
Дәрістер – 30, практикалық– 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 180 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
4 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: биотехнология өндіріс негіздері, физика, математика, микробиология және вирусология, микроорганизм биотехнологиясы.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Бұл пәннің мақсаты өндірістік және тұрмыстық ағын сулардың ластануына байланысты қоршаған ортаның негізгі экологиялық мәселелерімен: ҚР аймағындағы топырақ, су қоймалары мен ауаның ауыр металдар мен радионуклидтердің жоғары концентрациясымен ластану, техногенді факторлар әсер ету нәтижелері туралы және осы мәселелерді шешуде биотехнологияны қолдану, онда бионысандарды ( бүтін микроб жасушаларын, ферментті комплекстер әртүрлі технолгиялық түрлердегі жеке ферменттер) қолдануға негізделген технолгиялармен студенттерді таныстыру.Өндірістік қалдықтардан қоршаған ортаны қорғау, шикізатты комплексті қолдану, қалдықсыз өнім өндірісін жасау, сондай-ақ тазарту, зарарсыздандыру мен қалдықтармен ағын сулардың барлық түрлерінің рекуперациясы сұрақтарымен студентерді таныстырып, оқыту.
Компетенділігі: Экология тұрғысында биотехнология өндірісін ұйымдастырудың негізгі принциптері мен әдістері, нысандары туралы түсініктер қалыптастыру, қалдықсыз биотехнология өндірісінің даму перспективалары мен қазіргі кездегі жағдайын түсіну, өз үлесін қоғамның дамуына қосу және жаңа биотехнологиялық процестер жасау мен әртүрлі салада өнімдері мен қамтамасыз ету бойынша шығармашылық саласында алдыңғы қатарлы орынды иемдену қабілеттерін меңгеру.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Пән оның міндеттері мен оның қазіргі кездегі қоғамдағы мәні. Қазіргі кездегі негізгі техногенді мәселелер. Табиғаттағы зиянды заттардың техногенді айналымы. Заттар айналымындағы микроағзалардың рөлі. Қоршаған ортаның ластануы туралы негізгі түсініктер. Қоршаған ортаның сапалық көрсеткіштері. Өндірістік қалдықтардың классификациясы. Өндірістік процестердің жалпы заңдылықтары. Ағым сулардың аэробты және анаэробды процестерінің сипаттамалары. Өндірістік қалдықтардың рециклігі. Әртүрлі өндірістік қалдықтарды биологиялық қайта өңдеу өндірістің экологиялық мәселерін шешу кезінде микроағзаларды қолдану. Табиғи орта ластануының мониторингі. Табиғи экожүйелерге антропогенді әсер ету. Қоршаған ортаның ластану көздері. Ластағыш- химиялық заттар, қалдықтар. Табиғи орта ластануының биологиялық факторлары. Биологиялық ластанудың сипаттамалары. Микроағзалардың өндірістік заңдары мен ластану қоршаған ортада ластанушы заттардың миграциясы мен алмасуы.Атмосфералық алмасу. Су меграциясы. Топырақ орталарының миграциясы. Биогенді алмасу. Органикалық ластанудың миграциясы . Ауры металдар мен радионуклидтердің миграциясы. Биотехнологиялық әдістерді қолданатын әртүрлі мекемелердегі ағын сулармен қалдықтардың химиялық құрамы, технологиялық процестердің негізгі кезеңдері, оларда қалдықтар түзіледі.Биотехнология өндірісінің ағын сулары мен өндірістік қалдықтарын зарарсыздаудың қазіргі кездегі әдістері.
Практикалық сабақтар: Қауіпсіздік кретериялары бойынша биотехнологиялық мекемелерге қойылатын талаптар. Өндірістік санитариядағы негізгі түсініктермен анықтамалар. Жұмыс істеу аймағындағы ауа микроклиматының негізгі қалыптастыратын көрсеткіштері. Биотехнологиялық мекемелерді жобалаудың санитарлық нормалары. Санитарлы-гигиеналық және санитарлы- техникалық талаптарды регламенттейтін, негізгі норматифті құжаттар. Өндірістік мекемелердің санитарлы классфикациясы. Санитарлы – қорғау аймағы түсінігі. Биотехнология өндірісінің қалдықтары және ағын суларды зарарсыздандырудың әртүрлі әдістерінің теңділігін бағалау.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқу және емтихан тапсыру нәтижесінде студент биотехнология өндірісінің экологиялық мәселелерін шешудің қазіргі замандағы жолдарын, негізгі әдістерді өндірістік қалдықтарды зарарсыздау технологиясын білу керек. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент қалдықтың түзілуі бойынша оптималды нұсқаны таңдау мақсатында биотехнология өндірісінің әртүрлі сызбаларын экономикалық және экологиялық бағалауда компонентті білу керек.
Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, курстық жұмыс, қорытынды (емтихан).
|
6 семестр
Пәннің аталуы
|
М36. Тағам биотехнологиясы
|
Қысқартылған атауы
|
ТБ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Дауылбай А.Д., Надирова Ж.К.
|
Доцент/оқытушы:
|
А-ш.ғ.к., аға оқытушы, х.ғ.к.
|
Жұмыс тілі
|
Казақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән , міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 15, зертханалық– 30, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Биохимия, микробиология, биотехнология өндіріс негіздері, микроорганизмдер биотехнологиясы.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Бұл пәнді оқытудың мақсаты тағам өндірісінде микроағзаларды қолдану және әдістер құралдарының ұқсастығы туралы білімді студенттерге меңгерту болып табылады.
Компетенциялар: негізгі биотехнологиялық тағам өндірісінің үйымдастырудың принциптері мен әдістері, нысандары туралы көзқарас болу, биотехнология дамуының перспективаларын және қазіргі кездегі жағдайын түсіну, биотехнологиялық өнімдеріне қойылатын талаптарды білу, әр түрді салада қолданылатын биотехнологиялық өнімнің өндірісін қамтамасыз ету бойынша шығармашылық саласында алдыңғы қатарлы орынды иемдену мен жаңа биотехнологиялық процестерді жасап шығару.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Тағам өндірісінде қолданылатын микроағзалардың негізгі типтері, микроағзаларды қолданып тағам өнімдерін алу, тағам өндірісінің өнімдеріне және шикі зат сапасына қойылатын талаптар. Ашытқы өндірісі. Спирт өндірісі. Сыра қайнату. Шарап жасау. Нан пісіру өндірісі. Сүтті қайта өңдеу өндірісі. Органикалық қышқылдар. Ақуыз, дәрумендер, ферметтер, амин қышқылдары, биологиялық белсенді қосымшалар алу. Қазіргі замандағы биотехнология өндірісі өнімдерінің биологиялық қауіпсіздік мәселелері. Тағам өнімдерінің микроағзалармен зақымдануы, тағам өнімдерінің улы болуы және осы құбылыстар мен күресу әдістері. Тағам өнімдерін микробиологиялық және санитарлы -гигиеналық бақылау.
Зертханалық сабақтар:
Микроорганизмдерді культивирлеуге қоректік орта дайындау.
Сүт қышқылының ашу процесі
Спирттік ашу процесі.
Май қышқылының ашуы.
Лимон қышқылының ашуы.
Дайын азық құрамындағы ақуыз және шикі протеинді анықтау.
Престелген ашытқылардың көтерілу күшін анықтау және сапасын органолептикалық бағалау.
Микробтық азықтық ақуыз алу.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Оқу шығармашылығының нәтижелері қорытынды бақылау түрі. Пәнді оқу және емтихан тапсыру нәтижесінде тағам өндірісі саласында микроағзаларды қолдану мүмкіндіктері туралы студент білуі керек.
Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды оқытудың техникалық және электронды құралдары.
|
Достарыңызбен бөлісу: |