Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/10
Дата09.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#125028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



5,6,7 семестрлер

Пәннің аталуы

Ветеринариялық хирургия

Қысқартылған атауы

ВХ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

6,7,8

Оқытушының Т.А.Ә.

Ильясов Бисенғали Керешұлы

Доцент/оқытушы:

В.ғ.д., профессор

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

90/күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер. морфология, физиология және биохимия, фармокология, патология; микробиология және вирусология аталған пәндерде білмейінше ветеринариялық хирургия оқу мүмкін емес.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Ветеринариялық хирургия курсының мақсаты болып, студентті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдымен қамтамасыз ету, сонымен қатар жануарлардың өнімділігі мен сапалық сипатын арттыру үшін жүргізілетін хирургиялық көмек кезіндегі клиникалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.


Мазмұны

Дәріс: Хирургиялық емдеу, алдын алу және атқарудың жалпы принцптері. Жануарларды хирургиялық емдеу тәсілдері. Хирургиялық операцияларды негіздеу және орындау техникасы. Операцияның түсінігі, мағынасы, мақсаты, және нәтижесі. Операцияның көрсету және қарсылықтары. Ауру малды операцияға дайындау. Хирургиялық операцияның жіктеуі. Операцияның қауіптілігі. Операциядан кейінгі асқынулар, оны емдеу және алдын алу. Хирургияның болашақтағы бағыттары мен даму перспективалары. Хирургиялық инфекциялардың алдан алу. Хирургиялық инфекциялардың алдын алу және хирургиялық жұмыстарды ұйымдастыру. Асептика және антисептика туралы ілім. Асептика – антисептикалық тәсіл. Құрал – саймандарды, тігіс материалдарды, шприцтерді, инекциялық инелерді, резиналық заттарды, таңғыш материалдарын, хирургиялық арнайы киімдерді және хирургиялық құрал – саймандарды залалсыздандыру. Оташы қолын және операция алаңын дайындау әдістері мен қағидалары. Кілегейлі қабаттарды заласыздандыру. Хирургиялық қолғапты қолдану. Операциялық бөлмені даярлау және күту. Инъекциялар, инфузиялар, қан жіберу, пункция. Көрсеткіші, терінің астына, терінің ішіне, бұлшық еттің ішіне, тамырдың ішіне, артерияның ішіне, және сүйектің ішіне жасалатын инъекциялардың көрсеткіштері және техникасы. Сайман құралдары. Пункцияның қажеттілігі және түрлері. Пункцияның техникасы және атқару ережесі. Жануарлардың денесінің әрбір аумағына пункция жасау. Плевра, соқыр ішекті, мес қарынды, қуықты тесу. Анестезиология. Ауырсудың физиологиясы және жеке ағзалармен ұлпалардың ауырсы сезімталдық ерекшеліктері. Анестезия теориясы. Анестезия түрлері. Анестезияның қолданатын және қолданбайтын кездері. Наркоз түрлерінің жіктелуі және наркотикалық заттарды енгізу тәсілдері. Наркоз кезеңдері. Премедикация. Операцияның қауіптері. Наркоздың сатылары. Наркоздан болған асқынулар. Реаниматология негіздері. Жедел анестезия. Ингаляциялық және ингаляциялық емес наркоз. Нейроаналгезия және потенциалдық жансыздандыру. Күйіс қайыратын мал, жылқыға, шошқаға, итке және мысыққа наркоз беру. Жергілікті жансыздандыру. Жергілікті жансыздандыруда қолдануға болатын және қолданылмайтын кездері. Жергілікті анестезия үшін қолданылатын енгізгі дәрі – дәрмектер. Жергілікті анестезия кезіндегі премедикация. Жергілікті жансыздандыру түрлері. Жергілікіті анестезиның балаулық маңызы. Жергілікті анестезия кезіндегі асқынулар. Новакаин ерітінділері патогенетикалық терапия қолдану. Ұлпаларды ажырату және жалғау, қан кету, қан тоқтату. Ұлпаларды ажырату. Тиімді тілу жөніндегі түсінік. Қан ағудың қауіптілігі. Қан ағудың түрлері, құю. Қан үйлесімділігін анықтау. Қан ағудың алдын алу. Қан ағудың тоқтату әдістері. Ұлпаларды жалғаудың техникасы мен жалпы қағидалары. Аспаптар мен мен тігін материалдар. Хирургиялық тігіннің түрлері. Тері тігіндерін алу техникасы мен мерзімдері. Арнайы тігіндері: ішектің, сіңірді жалғайтын, апоневроздық, жүйкелік, қуыс мүшелері мен қан тамырларына салынатын. Ұлпаларды жасанды желімдер көмегімен жалғау. Сүй іктерді жалғау техникасы мен әдістері. Десмургия. Таңғыш және оның түрлері жөніндегі түсінік. Қан ағудың қауіптілігі. Таңғыш материалдардың сипаттамасы мен пішіндері. Әр түрлі таңғыштарды қолдану әдістерінің техникасы. Таңғыштардың жіктелуі, арналуына, таңғыш материалдардың қолдану нысанына және техникасына байланысты. Иммобилозациялық таңғыштар. Гипстік таңғыштарды салу және шешу техникасы. Экономикалық, косметикалық операциялар. Жануарлар мен қауіпсіз жұмыс істеу үшін қорғау операциялары. Мүйізсіздендіру. Бұзаулардың мүйіз өсуін алдын алу. Ұрғашы еркек малдарды пішу. Пішудің мақсаты, маңыздылығы және тәсілдері. Құйрықтың экзартикуляциясы мен ампутациясы. Косметикалық операциялардың түрлері және техникасы. Дененің беткейлігіндегі операциялары. Қосымша бармақтардың операциялары. Бұқаларға мұрын сақинасын кигізу. Пластикалық және әшекейлеу операцияларының элементтері. Ұлпаларды енгізу кезіндегі биологиялық жағдайлар. Ұлпалардың бір – біріне сәйкес келмеуі және пластиканың түрлері. Трансплантация тәсілдері. Аллопластика материалдарын қолдану. Ринопластика. Аллопластика. Малдың жарақаттануы. Жарақаттану туралы түсінік. Жарақаттанудың түрі және жіктелуі. Жарақаттанудан болатын экономикалық шығындар. Организмнің жарақатқа жалпы және жергілікті әрекеттер. Қабыну реакциясы, оның орагизмді қорғаудағы бейімділік мәні. Қабынудың асептикалық және инфекциялық түрлерінің клиникалық белгілері. Патогенетикалық ерекшелігі жоқ және емдеу әдістерін пайдалану. Хирургиялық инфекциялар. Хирургиялық инфекция туралы түсінік. Хирургиялық инфекцияның дамуына әсер ететін жағдайлар. Хирургиялық инфекцияның қоздырғыштары. Жара инфекциясының даму кезеңдері. Хирургиялық инфекцияның жіктелуі. Аэробтық инфекция. Шіріткіш инфекция. Іріңді резорбтивтік қызба. Сепсис. Тәнді хирургиялық инфекция. Алдын алу және емдеу шаралары. Ашық, жабық механикалық, химиялық және физикалық зақымдар. Жара және жара туралы жалпы түсінік. Жараның белгілері және жіктелуі. Жаралану кезіндегі жіті қан аздығы. Жараның биологиялық даму процессі. Жараны емдеу әдістері. Жұмсақ ұлпалардың жабық механикалық зақымдалулары: соғылу, қанды ісіктер, жаншылу, соғылу, үзулі, шығу, сыну. Патогенезі және клиникалық белгілері, балауы, алдын алу және емдеу. Термиялық, химиялық және термохимиялық зақымданулары, ерекшеліктері. Күйіс дәрежелері. Патогенезі, клиникалық белгілері және емі. Күйік ауруларының алдын алу. Электр тогы мен найзағайдан жарақаттану. Электр тогы мен найзағайдың мал организміне әсері. Патогенезі, клиникалық белгілері және емі. Үсіктер. Үсіктің дәрежелері. Патогенезі, клиникалық белгілері және емі. Үсіктің алдын алу. Тері, бұлшық ет, байламдар, буынның, сүйектің, мидың жарақттары, шеткі жүйкелердің аурулары. Механикалық зақымданулар. Терінің сыдырылуы, қажалуы және жыртылуы. Этиологиясы. Патогенезі, балауы, болжамы, алдын алук және емдеу. Терінің іріңді аурулары. Фолликулит, Фурункулит, Фурункулез. Карбункул, Экзема, Дерматиттер, Шораяқтық. Этиологиясы, патогенезі, балау, емдеу және алдын алу. Миозиттер. Миопатоздар. Былшық еттің семуі. Буындардың созылуы, соғылуы және шығуы. Гемартроз, синовиттер, гидроартроз, ревматикалық полиартрит. Буын жаралары, переартрит, артрогриппоз, крнтрактуралардың түрі. Анкилоз. Периоститтер, иоститтер, остеопороз, остеосклероз, остеодистрофия. Сүйектің сынуы. Емдеу әдістері және репарацияның ынталандыру. Ісіктер. Мидың жарақаттануы. Нерв аурулары. Ісіктердің әртүрлі мал түлігі арасында таралуы және жиі кездесетін аумақтар. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің этиологиясы, патогенезі, болжамы, клиникалық белгілері. Қазіргі уақыттағы ісікті емдеу қағидалары мен әдістері. Мидың шайқалуы, соғылуы, жаншылуы. Радионуклидтер, плекситтер, невриттер, иневралгия, орталық және шеткі салданулар мен жартылай салданулар. Этиологиясы, патегенезі, балауы, болжамы, алдын алу және емдеу қағидалары. Бас, мұрын және қосымша қуыстардың аумағы. Ценуроздың оперативтік емі. Мүйіз үстінің және астыңғы жақ, танау және бастың басқа сүйектерінің жарақаттануы. Жақ буынының таюы. Сілекейлі қаялар, сарысу кернеген ісік. Беткілік және үшкілік жүйкелердің салдануы. Тіс аурулары. Флюороз. Кариес. Пульпиттер, периодонтит, пародонтоз, тістердің дұрыс бітіспеуі. Құлақ жарғағының қанды ісігі және өліеттенуі. Сыртқы, ортаңғы және ішкі отиттер. Мойын аумағы. Өңештің жыртылуы. Мойны омыртқаларының сынуы. Ышқынып, тұншығу, өңештің дивертикулдары. Флебриттер, парафебриттер және күре тамырлардың тромбофлебриттері, резекциясы. Кеуде, бел аумағы. Кеуде қабырғасының жаралары, пневматрокс және гемотракс. Омыртқалар мен қабырғалардың сынуы. Қабырғаның резекциясы. Спондилит, спондилоартроз. Қарын аумағы. Лапоротомия, руминотомия, абомазотомия. Тік ішектің түсуі. Перитониттер. Кіндік, еншап жарықтары. Парапроктиттер, парааналдық қаяулар. Зәр – жыныс мүшелерінің аумағы. Фимоз және прафимоз. Уретротомия, цистотомия, цистециркоз. Акропостит, постит, Уретраның қабынуы. Препуций мен жыныс мүшесінің өсінділері. Зәр тастары. Еннің жарақтары. Гематоцеле, гидроцеле. Орхит, Переорхит. Эпидидимит. Посткастрациялық асқынулар: қансырау ішектің жалпы қабыну, ен бауының, зәр қапшығының түсуі. Препуций, еннің домбығуы және флегмонасы. Вагиналит, фурункулит. Патогенезі, анықтау, болжауы, алдын алу және емі. Аяқ аурулары туралы жалпы деректер. Аяқтарды зерттеу тәсілдері. Алдыңғы және артқы аяқтардың аурулары. Тұяқ ауруларының жалпы анықтау, емдеу және алдын алу принцптері. Көз мүшелерінің анатомиясы эжәне фйизиологиясы. Көз ауруларын жалпы анықтау. Емдеу және алдын алу принцптері.
Зертханалық: Жануарларды бекемдеу. Хирургтың қолын және жануарды операцияға дайындау. Хирургиялық асапаптарды, байламдарды, тігіс материалдарды стерилизациялау. Инъекциялар, пункциялар және қан ағызу. Жалпы жансыздандыру. Премедикация. Жергілікті анестезия. Ұлпаларды ажырату. Қансырау және оны тоқтату. Тері және ішек тігістері. Бинттік, иммобилизациялық және ерекше байламдар. Құлақ шеміршегінің резекциясы және құйрықтың ампутациясы. Жануарлармен жұмыс істегенде сақтануға арналға операциялар (мүйізсіздендіру, мұрын сақинасын кигізу). Жалпы және жергілікті жарақаттарға қарсы организмнің реакциясы. Жалпы және жергілікті жарақаттарға қарсы организмнің реакциясы. Жарақатты зерттеу. Жарақатты емдеу негіздері. Күйік пен үсіктер. Дерматиттер. Миозиттер. Сүйек сынулары (себептері, патогенезі, анықтауы, емдеу тәсілдері, репарациялау) Өсінділерді анықтау және емдеу негіздері. Нерв аурулары. Анықтау, емдеу, алдын алу шаралары. Ценуроз. Анықтау және емдеу. Бас аумағының жарақаттары (жаралары, сынулары және шығулары) Тістерді оперативтік тәсілдермен емдеу. Мойын аумағындағы операциялар (трахеотомия, эзофаготомия) Кеуде қабырғасының жарақаттары. Пневмо – гемоторакс. Қабырғаның және омыртқаның сынулары (Қабырғаның резекциясы) Қарын қабырғасының және қарын ішек мүшелерінің операциялары. Жарықтар. (Оперативтік емдеу тәсілдері) Зәр қапшығын тесу және ашу. Баланопостит. Фимоз және парафимоз (анықтау және емдеу) Алдыңғы аяқтарды ауруларын анықтау және емдеу негіздері. Посткастрациялық асқынулар. Артқы аяқтардың ауруларын анықтау және емдеу негіздері. Тұяқ ауруларын анықтау және емдеу негіздері. Көз ауруларын жалпы анықтау және емдеу негіздері.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері






6,7 семестрлер

Пәннің аталуы

Акушерлік, гинекология және көбею биотехнологиясы

Қысқартылған атауы

YG

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Құрбанов Сайым Құрбанұлы

Доцент/оқытушы:

в.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

90/күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер: Барлық пәндердің шоғырланған тәжірибесін көрсетеді. Клиникалық пәндердің және мал дәрігері қызметінің ғылыми – теориялық негізін құрайды. Ветеринарлық мамандардың негізі теориялық пән болып келеді

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Мақсаты:

Жыныстық процестердің, ұрықтандырудың, буаздықтың, туудың, туғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты жағдайын және патологияларын, жаңа туған төлдің ауруларын, бедеуліктің себептерін, қолдан ұрықтандырудың және эмбрионды көшіріп қондыруды зерттеп, оқып-білу.

Жыныстық цикл феномендерін анықтауды, шәует пен эмбрионның сапасын анықтау, тууға көмектесу, операция жасауды білу. Студенттер жануарлардың жыныс аппараттарының нақтылы құрылысы мен физиологиясының ерекшеліктерін білумен қатар, жануарлардың жалпы құрылысы және эволюциясының сатылары туралы түсінігі болуы керек.


Мазмұны

Дәріс:

Кіріспе. Пәннің мақсаты мен даму тарихы

Аталық және аналық малдың жыныстық аппараттарының атқаратын қызметтері

Жыныстық цикл, оның сатылары мен феномендері

Спермийдің құрылысы мен қызметі

Табиғи ұрықтандыру физиологиясы

Буаздықтың физиологиясы

Эмбрионның, төлдің және төл қабықтарының даму

Әр түлік малының буаздығының ұзақтығы

Туу акті жөніндегі ілім

Туғаннан кейінгі кезең, оның әр түлік малда өту ерекшеліктері

Буаздықтың патологиясы

Туудың патологиясы

Оперативтік акушерлік

Жаңа туған төл аурулары

Туғаннан кейінгі кезеңнің аурулары

Зертханалық:

Ұрғашы және еркек малдың жыныс аппаратының ерекшліктері.

Күйттеуші малды дайындау әдістері. Жыныстық циклдың феномендерін анықтау.

Акушерлік диспансерлеуді жүргізу әдістері.

Буаздық патологияларды анықтау, емдеу және дауалау.

Туу патологияларын анықтау және емдеу.

Туғаннан кейінггі кезең патологияларын анықтау, емдеу және дауалау.

Сүт безін зерттеу әдістері.

Желінсаудың клиникалық түрлерін дифференциалдау.

Желінді сылап-сипау, жылу, суық және новокаин блокадаларын қолдану техникасын игеру.

Желінге және емшекке операциялар жасау.

Гинекологиялық зерттеу әдістері.

Жасырын эндометриттерді анықтаудың лабораториялық әдістері.

Бедеулік себептерін зерттеу әдістері.

Бедеуліктің әр түрлі формаларын емдеу және алдын алу жолдары.

Жатырдың патологияларын анықтау және емдеу.



Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері






6 семестр

Пәннің аталуы

Ветеринарлық рдаиобиология

Қысқартылған атауы

ВР

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Өсербай А.Ж.

Доцент/оқытушы:

А.ш.ғ.к.

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

күндізгі

Еңбек сыйымдылығы

135

Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Радиобиология – жоғарғы энергиялы сәулелер әсеріне организмнің реакциясын және оларға қажетті бағыттқа өзгерту тәсілдерін оқытатын ғылым. Мал дәрігерлік радиобиология – иондаушы сәуленің биологиялық әсерін және ауыл шаруашылық малдарына пайда болатын үрдістерінің даму ерекшеліктерін оқытады. Ядролық физика элементтері, радиометрия, дозиметрия, радиоэкология және радиотоксикология, иондаушы сәулелердің биологиялық әсері, сәуклемен зақымдану, радиоактивті изотоптарды биологиялық зерттеулерде қолдану, ветеринариялық қадағалау, радиометриялық сараптау

Мазмұны

Дәріс: Пәннің мақсаты мен қысқаша даму тарихы. Ядролық физика элементтері. Иондаушы сәулелерді радиометриялау және дозиметриялау. Радиометрия, дозиметрия туралы түсінік. Радиоэкология және радиотоксикология негіздері. Мал организміне радионуклеидтердің жиналу заңдылығы. Ауыл шаруашылық тізбегі бойынша радиоизотоптардың көшуі. Иондаушы сәулелердің биологиялық әсері. Сәуленің биологиялық әсері. Сәулемен зақымдану. Сәуле күйігі. Мал дәрігерлік қадағалу нысандарын радиометриялық және радиохимиялық сараптау. Радиоактивті изотоптар мен иондаушы сәулелерді мал шаруашылығы мен ветеринарияда пайдалану. Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерін өсімдік және мал қнімдерін молайту үшін пайдалану. Радиациялық қауіпсіздік негіздері. Радиоактивті заттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Зертханалық: Жылжымалы радиометрлік аспаптардың құрылысы және жұмыс істеу принцптері. Тұрақты радиометрлік аспаптардың құрылысы және жұмыс істеу принцптері. Есептегіштің жұмыс жасау сипаттамасын анықтау радиометрлік аспаптардың тұрақты жұмыс жасауын анықтау. Радиометриялық және радиохимиялық зерттеулерге сынама алу және дайындау ережелері. Қосынды бета активтілігі жедел әдіспен анықтау. Қосынды бета активтілікті күл қалдығында анықтау. Сәуле ауруымен әр дәрежеде ауырған малдың әр кезеңдегі клиникалық және гематологиялық өзгерісін анықтау, зерттеу. Сәулеленген малдағы паталогоанатомиялық өзгерістерді тексеру. Радиация қауіпсіздік негіздері және радиоактивті заттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Радиоактивтіліктің, сәулелену дозасының және доза қуатының өлшем бірліктері. Иондаушы сәуле детекторының құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Иондаушы сәулелерді табу және тіркеудің әдістері. Радиоактивтілікті анықтаудың әдістері. Радионуклидтермен ластанған аймақта мал шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру техналогиясы. Радионуклидтермен ластанған аймақта егіншілікті және өсімдік шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу, өсімдік өнімдерін өңдеудің техналогиясы. Мал өнімдері мен шикізаттарын зарарсыздандырудың әдістері. Иондаушы сәулелер мен радиоизотоптарды мал шаруашылығында және ветеринарияда пайдалану. Ядролық физика элементтері. Иондаушы сәулелердің радиометриясы және дозиметриясы Радиоэкология және радиотоксикология негіздері. Иондаушы сәулелердің биологиялық әсері. Сәулемен зақымдану. Иондаушы сәулелерді мал шаруашылығы мен ветеринарияда пайдалану. Ветеринариялық қадағалау нысандарын радиациялық сараптау. Радиациялық қауіпсіздік негіздері және радиоактивті заттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру Дезактивациялау әдістері Радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау. Радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру Радиациядан сақтану шаралары

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Сәулемен ауруған диагноз қою, сауықтыру шараларын жасау, карантин және шектеу шараларын ұйымдастыру және іске асыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет