Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы



бет14/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Дененің тепе-теңдігі.

Қазақша күрес тактикасы мен техникасы. Егер бұл жоғарыдағы күрес өнеріне тән ерекшеліктерді балуандар арнайы жаттығу барысында дұрыс меңгерген болса, кілем үстінде өткізілетін жекпе-жек бәсекелерде балуанның мерейінің үстем боларына күмән жоқ. Мысалы, қарсыласының қазақша қимыл жасауына кедергі келтіру үшін, оған әлденеше рет тәсіл қолдануды ниет еткен болып, қарсыласын ретсіз алаңдатып өзі ойлаған нағыз күрес тәсілін пайдаланып жеңіске жетеді. Қазақша күрес ережесіне сәйкес жалған тәсіл жасайтындай бола тұрып, оған қарама-қарсы бағыттағы қимыл арқылы қарсыласын аса қауіпті жағдайға немесе қарсыласының өзі жақсы меңгерген әдіс айласына қарама-қарсы тәсілді кедергі етіп пайдалану тактикасы т.б. сияқты. Ал жұлқылап-сілкілеу арқылы кілем үстінде тең басып тұрып қалпынан тайдыру үшін шалт қимыл мен аяғына өту, иығынан итеріп қалу немесе қолтықтасу кезеңінде ту сыртынан өтіп қос аяқтай шалу арқылы қарсыласын етпетінен түсіру амалдарын пайдаланады. Бұл әдіс айлаларды жаттығу барысында толық меңгерген балуан аз ғана


17


күш жұмсай жеңіске оңай жетіп отырады. Кілем үстіне шығу мен белсенді күрес қимылына өту арқылы қарсыласына да белсенділік көрсетуге жағдай жасау нағыз күрес өнерін меңгерген балуанға тән қасиеттердің бірі. Мұндай балуандар тарапынан байқалатын жақсы бастаманы төрешілер алқасы бағалап, олардың белдесулерін барлық жағдай туғызады және мұндай жекпе-жек уақыт мөлшерінен ерте аяқталып нәтиже беруінің таза жеңісі арқылы қорытындыланады. Қарсыласын жекпе-жек күш сынасуға шақыру кезінде әрбір балуан өз қимылын қарсыласынан ерте бастауға ұмтылуы міндетті.
Жаттығу барысында күрес тактикасына бағышталған арнайы сабақтарды бапкерлер тарапынан жүйелілікпен алдын-ала жоспарлануының ерекше педагогикалық мәні бар. Себебі, қазіргі күрес өнері тек қана қара күштің нәтижесі ғана емес: Бұл арнайы бағдарлама арқылы ұзақ мерзімге жалғасатын жаттығу процесінің нәтижесі болып табылады. Яғни, түлкідей айлакер, арыстандай айбатты, пілдей шыдамдылықты көріпкел сәуегейлікті талап ететін күрделі өнер жиынтығы сондықтан да кілем үстіне шығып өнер көрсету мен қарапайым жаттығу арасындағы үйлесімділікті жатығушыларға дер кезінде ескертіп отыру күрес барысын балуандардың өз іс-әрекетін басқара алуға жағдай жасайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет