Тіреу алаңы.
Күрес өнеріне баулудағы ең бір күрделі кезең болып саналатын, әрбір жаттығушыға тән жекпе -жек кезіндегі өзін-өзі басқара алу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Сол кездегі күрес өнерінің тактикасын меңгеру деп атаймыз. Белдесу барысын бағдарлау мен қарсыласын дегеніне көндіру балуанның шеберлік шыңына көтерілгендегінің куәсі. Себебі, күрес өнеріне шеберлікпен меңгергендіктерінің көрсеткіші алдағы жекпе-жек қарсыластарына қолданылатын әдіс айланы алдын ала сайлай білу және алысу кезіндегі өзін- өзі басқара білуіне тікелей байланысты. Бұл күресті барлау (техникасы) екендігіне шек жоқ. Белдесу барысында әдіс айла жасау үшін бірде –бір ұтымды кезеңді ұйымдастыра алмаған балуан ешқашан да жеңіс тұғырына көтеріле алмайды. Бірақ, балуанның тактикалық шеберлігінің негізгі көздері техникалық дене қуатын және ерік жігерді кемелдендіру болып табылады. Мысалы, күрес өнерінің қыр-сырын техникалық
жағынан жіті меңгерген балуан жекпе-жек бәсеке кезінде белдесу барысының тізгінін өз қолына алып, мақсат биігінен көрінері хақ. Егер күрес өнерінің техникасы жаттығу барысында тиянақта жүргізілсе, жекпе-жек барысының нәтижелілігі алдын ала қамтамасыз етіледі. Олай болса, тактикалық салауаттылыққа жетудің бір ғана көзі күрес техникасына тән дей келіп, балуандық өнерге баулушылар күрес өнеріндегі тактика мен техниканы меңгеруді педагогикалық бір процесс деп түсінуін ескертеміз. Егер балуанның іс -әрекетті бір-екі тәсіл мен ғана шектелген жағдайда оның барлық белдесу барысындағы тактикасы бекерге тер төгумен аяқталады. Ал техникалық ауқымы мол күрес өнерін жетік меңгерген балуанның тактикасы әр қилы қимыл қозғалысының ширақтағы күрестің барлық кезеңдеріндегі жинақылығы сақтығы нәтижесінде өзі ойлағандай аяқталып отырады. Мұндай балуандардың әр бір күш санасар алдында өзіндік бағдарламасы бар дегенмен ойлау қабілеті бір орталықта тоғысып, оның жекпе-жегі көрермендер үшін де сәтті қойылған өнер көзіне айналады. Себебі, спорт өнеріндегі сайыс тек қара күштің құлы емес. Он-ең жоғарғы дәрежеге көтерілген тән мүмкіншілігінің де көрсеткіші.
Күрес өңірінде бапкерлердің жақсы нәтижеге жетуінің бірден-бір кепілі күрес әдістерін жүйелі түрде жетілдіріп отыру болып табылады. Олар өз шәкірттеріне тән ерекшеліктерді зерттеп, байыпты толық мәліметтер түзіп, жаттығуға алдын-ала дайындығын бағып көрсетеді. Шеберлігі шыңдалған бапкерлер – шәкірттер өсуіне, олардың организмдеріне тән мүмкіншіліктерді ескере отырып, жаттығу бағдарламасының арнайы кезеңдерден тұратын нақты жоспарлар жасайды.
Бапкерлер үшін алғы шарттардың бір-жаттығушылардың күш қуатын арттырудың көзін тауып, күрес өнерімен машықтанушылар үшін оның басты мақсат екендігін ескерулері шарт. Себебі, күрестегі тактикамен техниканы белдесу барысында іске асыру балуанның күш-қуатына тәуелділігінде . Мысалы, қайратты, жойқын күш иесі-белдесі дарысында бәсекелесін өздегеніне көндіре алады. Ал шапшаң, шалт қимылды меңгермеген балуан әдіс қолдану сәтте үнемі кешігіп, сәтті кезеңдерді дайым қолдан шығарып алады. Нәтижеде ол қарсылысының жетегінде кетіп жеңіске жету үмітінен айырылады.
Күрес өңіріндегі тактикалық шеберлік – балуанның ерік-жігерінің жоғарылығына да тәуелді. Оған, батылдық, табандылық, тәуекелшілдік және бастамшылдықты жатқызуға болады. Мысалы, бір балуан бастапқы – кезеңнен-ақ жекпе-жек тізгінін өз қолына
алып, белдесуді жеңіспен аяқтауды қамтамасыз етсе, екінші біреулері қарсыласын күрес барысында әдеп қалжыратын барып жекпе-жектің соңғы кезеңінен өз қолына ыждақатталықпен алып жеңіс тұғырына көтеріледі.
Күрес тактикасына тән белгілер-қайталанбайтын іс-әрекет пен шалт қимылдар, үстін-үстіне үдемелі шабуылдар, көз ілеспейтін күрес тәсілі айлакерлікпен қарсыласының әдісіне дер кезінде кедергі жасай білу. Балуан шеберлігі мен тактикалық жағынан сауаттылығының негізгі белгілерінің бірі-оның белдесу барысындағы пайдаланылатын алуан түрлі әдіс-айлалары мен ширақтығы болмақ.
Белдесу процесіне тән тактикалық бағыттың негізгі бағыттары бізге белгілі: олар; бірінші үйреніп меңгерген айла-амалдарды пайдалану тактикасы, тәсілдерді дер кезінде пайдалануға жағдай жасау тактикасы, жекпе-жек тактикасы, жарыс жолдарындағы іс-әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |