8.Шалып лақтыру.
Арттан шалу. Белдеуінен ұстағанкезде қарсыласы оған жауап ретінде тұрған күйін өзгертіп және арқасынан асырып лақтырудан қорғану үшін, ұстауға еңкейіп, аяқтарын сәл бүгіп тұрғанда осы тәсіл қолданылады. Ең қолайлысы – орташа және жақын қашықтық. Тәсілді орындау үшін тізесі тізесіне келетіндей етіп қарсылықтың аттас аяғын сырт жағынан орап, оны өзіне бір жағына, алға қарай тартып қалу керек. Дене салмағы есебінен тарту күшін арттыру үшін қарсыласты лақтыратын жаққа құлау қажет.
Арттан шалып лақтырғанда қарсыласын аттас жағасынан асыра белбеуінен қарсыластың ұстап алған қолдарын айқастыра жағасымен аттас жеңінен; аттас иығы мен басқа жеңінен; белбеуінің бүйір жағы мен жеңінен иығының үстіңгі жағынан, мойын мен жеңінен ұстауға болады.
Тактикалық даярлық. Бастапқы жағдайда тұрғанда палуан қарсыласын арқасынан асыра лақтыратын сияқты болып өзіне қарай тартады.Бұл кезде ол қарсыласының оң жағына шабуыл жасайтындай сыңай танытуы тиіс те, ол оң аяғынан шалу керек.
24
Көбінесе жіберілетін қателер: шабуылдаушы аяғын алға қойғандашалқаяды да қарсыласына қажетінше жақындамайды; өзіне қарай жұлқымайды; қарсыласының салмағын өзі шалатын аяғына түсірмейді; палуан аяғын ілгері қойғанда қарсыласы кейін аттайды да тәсілге салу кезінде қарсыласын итеріп, кейін аттауға мәжбүр етеді.
Қорғану: аяғын кейін қойып, қолын қарсыласының ілгері қойған аяғы жағынан белбеуіне тіреп, аяғын шабуылдаушының аяғынан аттап, кейін қою.
Қарсы амалдар: арттан шалу, қолтығынан алып лақтыру, босанып шығу.
Комбинациялар: арттан және алдан шалу, арттан шалып, қолтығынан ұстап лақтыру, арттаншалып, іштен қағу.
9.Алдынан шалу.
Бұл үшін қарсылас оң жағымен тұруы керек. Қолайлысы – жақын және орташа қашықтық. Қарсыласты жеңі мен белбеуінен алып, өзінің бір жілінгіші оныңаттас аяғының тізесіне тірелетіндей етіп қойып, оған арқасын қаратып, айнала беріп, сол кезде оны өзіне – алға – төмен қарай тартып, өзінің аяғынан асыра кілемге лақтыру керек.
Қарсыласын жеңі мен жағасынан; әр аттас иығы мен жеңінен аттас иығы арқылы белбеуінен; аттас жағасы мен жеңінен; ұстаған қолдарын айқастыру арқылы; жағаларынан; жеңі мен белбеуінің алдыңғы жағынан; тізерлеп құлай кетіп ұстауға болады.
25
Тактикалық даярлық: қарсыласын өзіне қарай тартып, аттас аяғын алға қоюға мәжбүр ету; іштен іліп лақтыру – сонда қарсылас палуан әр аттас аяғын артқа қояды; іштен ілу – аттас аяғын аяқтың басымен іштен ілу.
Қорғану: қарсыластың шалатын аяғы жағындағы бүйірінен белбеуінен ұстап, соның бұрылуына мүмкіндік бермеуі; оның аяғынан тартып кету; тізесі мен оның тізесінің астынан тіреу.
Қарсы амалдар: кеудемен лақтыру, арттан қағу, аяқтың басымен арттан шалу.
Комбинациялар: арттан және алдан шалу, табанмен іштен ілу
– алдан шалу; кез –келген аяқпен ілу – аттас аяқпен ілу – алдан шалу, кеудемен лақтырып алдан шалу; іштен көтеріп алдан шалу; арқадан асырып лақтырып алдан шалу.
Достарыңызбен бөлісу: |