Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Аяқтың басын іліп лақтыру



бет32/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Аяқтың басын іліп лақтыру.

Қарсыласы қарсы қарап , орташа қашықтықта және жақын тұрғанда орындауға ыңғайлы. Күртешесінің қолтығы мен жеңінен ұстап алғаннан кейін қарсыласына бүйірімен бұрылып, аяқтың басымен әр аттас аяғының басынан немесе жіліншігінің жіңішке жерінен сырт жақ артын ала іліп, қолдарымен айналдыра қимылдап, аяған өзіне қарай тартып, қарсыласы кілемге жауырынымен түскенше оны алға соза береді. Бұл әдісті қарсыласы шегінгенде аяқтың басымен ішінен іліп те қолданған ыңғайлы.


Мұндайда аттас аяғын іліп тартып, кеудесімен және қолымен қатты итеріп қалады.

Тактикалық даярлық: қарсыласты бір жағынан тартып , оның салмағын ілетін аяққа түсіру; аттас иығы арқылы арқадан асырып лақтыратындағыдай белбеуінен ұстап , қарсыласы қорғанамын деп тізелерін бүгіп , шабуылдаушыны өзіне қарай тартады, осы кезде аттас аяғынан аяқтың аяқтың басымен лақтыруға болады.


40


Қателер: тәсілге салғанда шабуылдаушының аяғының басы сирақ бойымен тізе астына қарай жылжып кетеді. Бұл палуанның ілген кезде аяғын керегінше бұрмалағанынан болатын жағдай. Шабуылдайтын және ілетін аяқтардың басы бағытта болуы , ал тізесі кілемге қарау керек. Шабуылдаушыны аяғын іліп көтергенімен лақтыра алмайды немесе оған көп күш жұмсайды , себебі , ол аяққа қарсыласының салмағын түсірмеген. Ілген сияқты жоғары көтермей кілем үстімен тарту керек.
Қорғану: аяғын кейін қойып , шабуылдаушыны итеріп , ілінген аяғын кетуге мүмкіндік бермеу.
Қарсы амалдар: іштен алып , жұлқып тепе – теңдігінен тайдыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет