Ф-об-007/017 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет4/11
Дата23.02.2016
өлшемі5.61 Mb.
#6430
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

9.Суяб және Баласағұн

10.Теміртау - Төрткүл
Тараздан шыққан Түрік жолы Төменгі Барсханнан өткесін Қырғыз Алатауының солтүстік беткейімен Шығысқа - Шу өңіріне қарай жүріп отырып Касрабасқа жеткен.

1.Касрабас - Акыртөбе. Касрабас туралы Кудама ибн Джафар былай дейді: "Төменгі Барсханнан Касрабасқа дейін 2 фарсах, онан оң жақта тау, ал сол жақта құм (бар), бұл жылы жер, қарлұқтар (жері) осыдан басталады". Карабасты В.В. Бартольд Шахнамада аталатын түріктердің қамалы Качарбаш болса керек Деп, оны Әулиеата (Тараз) тұрған жерден іздеді, ал В.А.Каллаур мен К.М.Байпақов болса Касрабасты Тараз қаласынан шығыста (40 км), Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінде, Түрік керуен жолының бойында түрған Ақыртаспен баламалайды. Ақыртас көлемі 180x250 м келетін, үлкен тас блоктардан салынып, бітпей Калған "VIII ғ. ортасындағы құрылыс. Біз Ақыртастың Төменгі Барысханнан шығып Шу өңіріне (шығысқа) бет алған Түрік керуен жолы бойындағы бірінші елді мекен екенін және оны орналасқан жерінің Кудама ибн Джафар суреттегендей, оң жағьщда Қырғыздың Алатауы, ал сол жағында Мойынқұм жатқанын жәңе құрылыстың салынған уақытының деректерге кереғар келмейтінін ескере отырып Ақыртасты Касрабаспен баламалаған пікірге қосыламыз.

2.Кулшуб - Өрнек. Түрік жолы бойындағы келесі елді мекен Күлшуб, ол туралы Кудама ибн Джафар былай деп жазған: "Касрабастан Кулшубқа дейін 4 фарсах, ол да Касрибас сияқты, онан он жакта тау бар, тауда жеміс, жоңышқа және тау көкөністері көп". Күлшубты К.М.Байпақов алғашында Ақыртөбе төрткүлімен баламалануы ұсынған болатын, ал кейіннен Өрнек қаласында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелеріне байланысты, зерттеуші осы қаланы Кулшубпен баламалады. Өрнек Сұлутөр шатқалында орналасқан, көлемі 155x160 м келетін ІХ-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген қала. Біз Өрнектің Ақыртастан шығыста 30 км жерде түрғанын және ол орналасқан жердің деректе көрстеілгендей екенін басшылыққа ала отырып, зерттеушілердің бұл қаланы Күлшубпен баламалағаны дұрыс деп есептейміз.

3.Жүлшуб. Жүлшуб Күлшубпен 4 фарсахта орналасқан елді мекен. Зерттеушілер Жүлшубті Малдыбай төрткүлімен баламалап жүр. Малдыбай ауылынан шығыста (1,5 км) орналасқан төрткүлдің көлемі 33x35 м, ол ҮІ-ҮІІІ ғғ, кезінде өмір сүрген. Біз бұл төрткүлдің Өрнектен солтүстік-шығыста 15 км жерде орналасқанын (керуен жолынан солтүстікте) ескере отырып оны Жүлшупен баламалған пікірге келісі алмаймыз. Шамасы, Жүлшубты Күлшубтан (Өрнектен) шығыстағы Жырлысу не Талдысу шатқалдарына кіре берістен іздеген дұрыс болар. Түрік жолы бойындағы Құлан, Меркі, Аспара қалаларының баламалануы жөнінде зерттеушілер бір пікірде, бұл қалалардың тарихи аттары осы уақытқа дейін сақталған.

4.Нүзкет-Шыштөбе. Нүзкет (Нүркет, Нүнкет) Аспарадан 8 фарсахта орналасқан үлкен елді мекен. Нүзкетті В.В.Бартольд Ақсумен, ал А.Н.Бернштам мен К.М.Байпақов Шыштөбе қаласымен баламалайды, Аспарадан шығыста Қайыңды (17 км), Шыштөбе (31 км), Полтавск (42 км) қалалары орналасқан, осы қалалардың арасындағы тарихи-топографиялық қүрылым жағынан үлкені, әрі күрделісі Шыштөбе. Шыштөбенің қорғаныс жүйесі мықты, бұл қала ҮІ-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген. Шамасы, жазба деректердегі Нүзкет осы қала болса керек.

5.Харанжуан - Аксу. Харанжуан (Харанджаван) Нүзкеттен 4 фарсахта орналаскан үлкен елді мекен, ол туралы әл Мукаддаси былай дейді: "... Оны қамал қоршаған, цитадель соның ішінде, дикан сонда тұрады". Харанжуанды А.Н.Бернштам Сретенкалық Ақтөбемен, Е.И.Агеева мен Г.И.Пацевичтер Ақтөбемен, ал К.М.Байпақов Ақсу қаласымен баламалайды. Ақсу қаласы (бекінісі) Шыштөбеден 23 км шығыста орналасқан, оның орталық бөлігі (шахристан, цитадель) екі өзектің аралығындағы төбеде тұр. Ақсу қаласы ҮІІ-ХІҮ ғғ. кезінде өмір сүрген. 1984 жылы кдла шахристанының солтүстік қабырғасында қазба жүргізген кезде оны қоршаған қамаддың салынған уақыты және оның кезедері анықталды. Ақсудың тарихи-топографиялық Кұрылымын, қорғаныс жүйесін зерттеудің барысында алынған Деректерге сүйене отырып, бұл қаланы Харажуанмен баламалаған пікірге қосыламыз.

Жүл – Соқұлық Жүлдің (Жулюл) Харанжуаннан 4 фарсахта орналасқан үлкен елді мекен. Жүлдің В.В.Бартольд Пішпек (казіргі Бішкек қаласынан аздап шығыста) каласымен, ал Томашек пен В.Д.Горячева Бішкек қаласымен баламалаудь үсынды. А.Н.Бернштам О.Караев, Жүлді Шалақазақ төрткүдімен баламалады. К.М.Байпақов Жүлдің (Жулюл) ХІҮ ғ. дейін өміп сүргенін ескере отырып оны Соқұлық қаласымен баламалап жүр Соқұлық Ақсу қаласынан шығыста 16 км жерде орналасқан ХІҮ ғғ. кезінде өмір сүрген ұзын қорғанды қала. Біз Соқұдық қаласы төңірегінде Джаламыш (өзен), Джантай (арық), Джал Чон Джар (жер аттары) деп аталатын жер-су аттарының сақталғанын ескере отырып қаланы жазба деректердегі Жүлмен баламалаған пікірге қосыламыз, демек, Соқұлық - Жүл.

6.Сарығ - Новопокровка. Сарығ Жүлден 7 фарсахта ораналсқан үлкен елді мекен. А.Н.Бернштам Сарығты Қызыл өзенмен, В.Д.Горячева Милянфанмен, ал К.М.Байпақов болса оны Ала арша өзенінің сол жағасында орналасқан Грозненск қаласымен баламалап жүр.

Біздің пікірімізше Жүлден шыққан Түрік жолы шығыска қарай жалғаса берген, сөйтіп арада 35 км өткенде Новопокровка қаласына жеткен. Новопокровка осы аралықтағы бірден-бір үлкен, әрі тарихи-топографиялык қүрылымы күрделі кала. Бұл қаланы К.М.Байпақсз Кирмираумен, ал В.Д.Горячева болса, - түрік қағанының астанасымен баламалайды. Біз Новопокровканың үлкен, әрі тарихи-топографиялық қүрылымы күрделі қала екендігін, және осы төңіректе (оңтүстікте 8 км жерде) Сары жон аталатын елді мекен барын ескере отырып, оны жазба деректегі Сарығ қаласымен баламалаймыз.



7.Түрік кағанының мекені - Шөміш. Түрік кағанының мекені Сарығтан 4 фарсахта орналасқан. К.М.Байпаков Шөміш қаласымен баламалайды. Сарығтан (Новопокровкадан) шыккан Түрік жолы шығысқа қарай жалғаса береді - бұл негізгі жол, ал осы қаладан солтүстікке қарай жүретін екінші жол Шу өзеніндег өміш өткеліне апарады. Сарығ пен Шөміш өткелінің арасы 16 кМ өткел Шөміш тауының батыс жағында. Шөміш тауын жергілікті қазак, қырғыздар "Әулие тау" деп атайды. Шөміш қаласы Шу өзеннін сол жағасында орналасқан, тарихи-топографиялық құрылымы күрделі, бекініс жүйесі жақсы ойластырылған ескерткіш, бұл қала туралы П.Н.Кожемяко бьшай дейді: "Чрезвычайно мощные оборонительные сооржения внешней стены Чумышских развалин ставят их в ососбое положение среди городищ с длинными стенами... Чумышксие 2 развалины своей монументальностью напрашиваются на отождествление их с важным военно-административным центром". Біз бұл қаланың Әулие таудың етегінде, өткелдің басында орналасқанын және мыкты бекініс - қамал қала екенін басшылыққа ала отырып, оны Түрік қағанының мекені (астанасы - М.Е.) детен пікірге қосыламыз.

8.Навакет - Кызыл өзен. Навакет қытай деректерінде ҮІІ ғ. белгілі, ал ҮШ ғ. оның аты Муғ тауынан табылған қүжаттардың бірінде аталады, сондай-ақ түрік қағанының ордасы ретінде белгілі. Навакет түрік қағаны мекенінен 4 фарсахта орналаскан Үлкен қала, онан Барсханға жол шығады. Навакетті А.Н.Бернштам Орловкамен, ал К.М.Байпақов әуелі Қысымшымен, кейіннен Қызыл өзен қалсымен баламалаған. Ғалымнын. алғашқы пікірін өзгертуіне ортағасырлық қаланың көлемі және осы қалада кең көлемде жүргізілген тұрақты қазба жүмыстары кезінде ашылған сәулет өнері қүрылыстары, будда храмы, соғды жазуы мен несториан қайрақтарының табылуы себеп болған. Қызыл өзен өзінің көлемі, тарихи-топографиялық құрылым жағынан Шу өңіріндегі аса үлкен, әрі күрделі қала, ол қазба деректердегі Навакет.

9.Суяб және Баласағұн. Батыс Түрік, Түргеш, қарлұқ Ү-ХШ ғ. аралығында болған деген пікірде. М.Е.Массон мен В.Д.Горячева Ақбешім каласындағы тіршіліктің моңғол шапкыншылығынан да кейін жалғаса бергені туралы былай дейдг "Встречающиеся на поверхности, правда, немногочисленные археологические находки ХІҮ в. преимущественно в виде фрагментов керамической утвари являются показателями, что жизнь на Акбешиме продалжалась в какой-то мере и после мон гольского завоевания".

1983-1984 жж. Ақбешім қаласының тарихи-топографиялық қүрылымын анықтау мақсатымен оның әртүрлі бөліктерінде зерттеулер жүргізген кезде жер бетінде жатқан Х-ХІІ ғғ., тіпті ХШ-ХІҮ ғғ. ыдыс сыныктарын көрдік. Соған қарағанда бұл қаладағы тіршілік X не XII ғ тоқтады деуге болмайды. Шамасы, XIII ғ. басындағы тарихи окиғалардың барысында Акбешім қаласы катты қиратылған болса керек, ал ХИІ-ХІҮ ғғ. кезінде оның кейбір бөліктері ғана өмір сүрген.

Сонымен, он ғасырдай өмір сүрген Ақбешім тарихи Суяб қаласы. Суябтың аты бірнеше рет өзгерген. ҮІІІ-ІХ ғғ. кезінде ол астаналық қала ретінде Ордакентті (Ордукент) деп аталған болса керек. Ордакент атты қала ҮІІІ-ІХ ғғ. Манихей жазуында (Ходжодан табылған) кездеседі. IX ғ ортасында Суяб Кубал деген атпен белгілі, ал X ғ. орта кезінде (940 ж.) Кубал және Сагур Кубал қалалары қосылып Суяб деп аталған. Бұл жерде Кубалдың Суяб екеніне шек келтіруге болмайды, ал оның екінші бөлігі Сагур Кубалдың аты жазба деректерде аталмайды, соған қарағанда ол X ғ. салынған қала. Біз X ғ. Ақбешімнің жанында (6 км) салынған қала Бурана екенін ескере отырып оны осы Сагур Кубалмен баламалаймыз. Демек, Кубал (Суяб) - Ақбешім, ал Сагур Кубал-Бурана қаласы. У.Х.Шалекенов Сагур Кубалды Ақбешіммен, ал Кубалды Бурана каласымен баламалайды X ғ. екінші жартысынан бастап Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың қатарында Баласағұн қаласы аталады.

Баласағұн туралы хабарды Селжүқтық уәзір Низам ал-Мулктен кездестіреміз, оның айтуына қарағанда 940 ж. шамасында Баласағүн қаласын тұріктер басып алған. Тарихи қаланың орналасқан жерін анықтауға әл Мукаддасидің 985 ж. жазған шығармасындағы Испиджаб аймағына қарайтын қалалар мен елді мекендердің тізімдері (екі тізім) құнды дерек болып табылады. Әл Мукаддаси тізімнің алғашқы тізбесінде алдымен Таластың жоғарғы ағысында орналасқан Шелжі, Күл, Сус және Такабкет қалалары көрсетілген, ал сонан кейін Баласағүн, Лабан, Шуй және басқа бірқатар қалалардың аттары аталған. Мукаддаси бұл жерде Тараздан басталып Таластың жоғарғы ағысы арқылы, Қырғыз Алатауының оңтүстік бетін жағалап жүретін керуен жолының Баласағүн төңірегіндегі бір асу арқылы асып, таудың солтүстік беті арқылы өтетін Түрік жолына қосылған жердегі қалалар мен елді мекендерді көрсеткен. Махмут Қашқаридің картасында Баласағүнды коршап жатқан Баласағүн тауларында Занби-арт асуы көрсетілген. Асу Қошқар басы (Коджункар-баши, Кочкар-баши) мен Баласағұн қалалары аралығында орналасқан, оны (Занби-артты) В.В.Бартольд Баласағұннан оңтүстік-шығыста түрған Шамсы асуымен баламалаған болатын. Демек, әл-Мукаддасидің алғашқы тізбесінде Шамсы асуы төңірегіндегі қалалар көрсетілген.

Әл Мукаддасидің тізімінің екінші тізбесінде Таластың жоғарғы ағысында орналасқан қалалардан кейін Қырғыз Алатауының теріскей беткейі арқылы өткен Түрік керуен жолының бойында тұрған Құланнан шығысқа қарай жатқан Қалалар: Меркі, Нушкет (Нузкет - М.Е.), Лакар, Джамук (Жүл -М.Е.), Урду, Навакет, Баласағүн, Лабан, Шуй және басқа қалалар мен елді мекендер көрсетіліп алғашқы тізбе толықтырылған, ал Баласағұн туралы: "Баласагун - большой населенный (город), обильный благами" - дейді.

Баласағұн қаласының әртүрлі аттары және осы қаланың төңірегіндегі жер атаулары жайлы деректер Махмұт Қашқаридің "Түрік тілінің сөздігінде" келтірілген. Мәселен, Баласағұнның Қүз Үлүш, Қүз Орда деген аттары және осы қала төңірегіндегі Орда (Орду), Құлбақ, Бақырлығ сияқты жер аттары көрсетілген. Баласағұн "Кіші Орда" деп та атаған. Махмұт Қашқаридің осы шығармасында Баласағұн қаласының жанындағы Шу қаған салдырған Шу қамалы туралы аңызда берілген.

Әбу Райхан Берунидің картасында Баласағұн қаласы 91° 30' бойлықта, 44° 40 ендікте орналасқан. XIII ғ. басындағы Баласағұн қаласы туралы дерек 1210 ж. осы каладағы қанды қырғынға байланысты берілген, ал 1218 ж. кала соғыссыз берілгендіктен, оны моңғолдар "Тобалық" ("Жақсы қала") деп атаған.

Абу-л Фед Баласағұн қаласын 91° 35' бойлықта, 4У-40 ендікте орналаскан деп көрсеткен, ал бұл тарихи қала туралы соңғы деректі Махмұт ибн Валиде (ХҮІІ ғ) кездестіреміз, ол былай дейді: "Баласағун имел сорок сборных и двести будничных мечетей. Двадцать ханака и десят медресе".

Қорыта айтқанда, қытай дерегі бойынша Баласағұн Суяб қаласынан шығыста 20 лиде, Шудың сол жағасында орналасқан қала, ал Шудын арғы (оң) жағасында Цзедань тауы бар. Араб-парсы деректері бойынша Түрік керуен жолы бойындағы Навакет, Лабан қалалары аралығында, Занби (Шамсы) асуынажақын жерде орналаскан үлкен қала. Оның төңірегінде Үлыш, Орду, Қүлбақ, Бақырлығы тәрізді жер аттары болған, тарихи қаланың бірнеше аты болған: Баласағұн, Құз ұлыш, Қүзорда, Кіші Орда, Жақсы қала т.б.

Баласағұн қаласының баламалануы мәселесі әле шешімін тапқан жоқ, оны бірқатар қалалармен баламалаған Ағылшын зертеушісі Ховорс тарихи Баласағұнды Иткешу еткелшен солтүстікте едәуір жерде, Шу езенінін он жағасында орналасқан аты белгісіз бір қаламен баламалаған болатын- Шуға Қүрағаты өзенінің

Батыста 4 км жерде орналасқан Төртқүл көлемі 200x3180 м келетш, ҮШ-ХІҮ ғғ. кезінде өмір сүрген ескерткіш. Көлемі шағын, әрі түрік керуен жолынан солтүстікте 150 км орналаскан бұл қала Баласағұн болуы мүмкін емес.

В.В.Бартольд әуелі Бурананы, ал кейін Ақбешімді Баласағұн болса керек деді, А. Н. Бернштам Ақбешімді Баласағүн деп жазды- Л.Р.Кызласов болса Ақбешім Баласағүн емес, оны басқа жерден іздеу керек Н.Ф.Петровский Баласағүңды Шу өңіріндегі қалалармен баламалауға қарсы болды-ал Л.Б.Ерзакович болса: " Шу өңіріндегі ХШ-ХҮ ғғ. кезінде өмір сүрген бірде-бір қала Баласағұн сияқты үлкен қалаға сай келмейді, - деді М.Т.Тыныдшаев Баласағұнды Қызыл өзен қаласымен баламалады.

70-жылдардан бастап ортағасырлық Бурана қаласындағы
зерттеу жүмыстарды қайта қолға алынып, қаланың тарихи-
топографиялык. қүрылымы мен өмір сүрген уақыты жөнінде жаңа
деректер жарыққа шықты соның негізінде Баласағұнмен баламалаған зерттеушілердің қатары өсті.

Меселен Д.Ф.ВИННИК, Б. Д. Кочнев- В.Д. Горячева - К.М. Байпақов- О Караев - В.Н. Настич - Бурананы Баласағұн қаласымен баламалайды.

Бурана Тоқмақтан солтүстік-батыста 12 км жерде бос жерге алып жатыр (ешқандай құрылыс қалдықтары жоқ -М.Е.). Қаланың әртүрлі бөліктерінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында оның Х-ХҮ ғғ. кезінде өмір сүргені анықталды.

В.Д.Горячева Бурана қаласының тарихи-топографиялық құрылымының қалыптасуы туралы былай дейді: "Строительство внешних городских стен, как показали археологические разрезы в разных частях, приходятся на конец X или начало XI в. Археологические данные свидетельствуют о возведении их (ашылған қүрылыстардың - М.Е.) в второй половине X в для минарета и в конце XI - начале XII в. для мавзолеев". Демек қаланың орталық бөлігіндегі қүрылыстар ХІ-ХІІ ғғ. кезінде салынған. 1984 ж. Бурана қаласының орталық бөлігін қоршап жатқан қамалдың солтүстік-батыс бұрышында қазба жүргізіп, қамалдың үлтындағы ені 8 м екенін анықтадық, ол 4,2 м биіктікте сақталған, қамал X ғ. салынған.

М.Е.Массон мен В.Д.Горячева Бурана қаласын жан-жакты зерттей келіп: "Бурана мен Ақбешім қалалары 200 жылдай қатар өмір сүрген, бірақ олардың біріндегі (Ақбешімдегі) тіршілік бірте-бірте өше бастаса, ал екіншісінде (Буранада) - гүлдене бастаған", - дейді. Дегенмен, Ақбешім қаласының кейбір бөліктеріндегі тіршіліктің ХШ-ХІҮ ғғ. кезінде де жалғаса бергенін ескере келіп, бұл екі қала 400 жылдай қатар өмір сүрген десек дұрыс болар еді.

Сонымен, жазба деректерде X ғ. 40-жылдардан бастап аталатын Баласағұн қай қала: Бурана ма, әлде Ақбешім бе? Біздің пікірімізше әл-Мукаддасидің екінші тізіміндегі Орда (УрДУ) Ақбешім қаласы, ал Баласағүн - Бурана болса керек. Бірақ бұл кездегі Баласағұн (Бурана) әл Мукаддаси айтқандай, "үлкен, бай қала" емес, археологиялық зерттеулердің барысында анықталғандай - жаңадан салынып жатқан, тарихи-топографиялық құрылымы әле толық қалыптаспаған, көлемі шағын қалашық болған, осы кездегі Баласағүн туралы В.Д. Горячева былай дейді: "... что центарльная часть городищца могла сложиться как загородная (или новая) резиденция тюркского князя Орду (Ордукента) около середины или во второй половине X в". Махмут Қашқари Орда (Орду) мен Баласағұн қалалары туралы былай деп жазады: "Орда - Баласағұнның жанындағы қала. Сондықтан да Баласағүн Қүз Орда деп аталады", соған қарағанда бұл кезде осы екі қала бір-біріне өте жақын орналасқандықтан оларды бір қала деп есептеген болса керек, мүмкін олар бір атпен «Қүз Орда» не Баласағұн» деп аталған. XI ғ. кейін жазба деректерде Орда атты қала аталмайды.Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқари кезінде Баласағүңды «Қүз ұлыш», " Қүз Орда", "Кіші Орда" деп атаған.

В.В.Бартольд Баласағұн қаласының "Худуд ал-аламда" және ибн Зохах Гардизиде аталмайтындығын ескере отырып былай деген болатын: "Очень вероятно, что Баласағга носил прежде другое название и упоминается в Маршрутах географов ІХ-Х вв. под этим старым названием".

Н.И.Умняков пен Х.Хасанов Баласағүнның бұрынғы аты Биклиг не Биклилиг (Беклиг не Беклелиг) болса керек деген еді, осы болжамды одан әрі дамытқан К.М.Байпақов Беклиг-Баласағұн ал Баласағүн - Бурана деп баламалады. В.Д.Горячева Бурана қаласының X ғ пайда болған қала екенін дәледей отырып былай деді: "ҮІІ-ҮІП ғғ. кезіндегі Беклигті Х-ХІҮғғ. Буранамен баламалауға келісуге болмайды". Шынында да, Бурана X ғ. кдлыптасқан ертеортағасырлық Беклиг бола алмайды. Шамасы, " Беклиг" не "Беклелиг" деп ертеортағасыр кезінде Суяб аталған болса керек.

Әл Мукаддаси тізіміндегі (Шуй) Шу қаласы Ақбешімнен солтүстік-батыста 2 км жерде орналасқан Кіші Ақбешім төрткүлі болса керек. Төрткүл Шу өзенінің екінші жарғабақтьіқ террасасына салынған, Х-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген ескерткіщ Кіші Ақбешім төрткүлінің Ақбешім мен Буранаға (Баласағүңға) өте жақын орналасқанын және оның тарихи-топографиялық қүрылымы бойынша кішігірім қамал екендігін ескере отырып Біз оны Махмут Қашқари аңызындағы Шу атты патшаның Баласағүн каласына жакын жерде салдырған Шу камалымен баламалаймыз.

1210 ж. Мухаммед Хорезм шахтан ойсырай жеңілген қарақытай әскерін калаға кіргізуден бас тартқаны үшін Баласағұн қатты қиратылып, талан-таражға түскен. Жазба деректердің хабарлауына қарағанда осы канды оқиға кезінде 47 мың баласағүндықтар қаза болған. Шамасы, осы апаттан кейін Баласағүн каласы қайта қалпына келе алмаған, оның моңғолдарға 1218 ж. қарсылық көрсете алмай "Жақсы қала" аталуының бір себебі осында болса керек. ХІП-ХІҮ ғғ. кезінде каланың кейбір бөліктері ғана өмір сүрген. Баласағүнмен баламаланып журген келесі қала ортағасырлық Ақтөбе. У.Х.Шалекеновтің бірқатар макалалары мен еңбектерінде Ақтөбе қаласы тарихи Баласағүнмен баламаланған. Ақтөбе Түрік керуен жолынан солтүстікте 45 км жерде, Ақсу мен Қарабалта өзендері жағасында ораналасқан үзын қорғанды қала. Тарихи-топографиялық құрылымы жаксы сақталған, көлемі жағынан Шу өңіріндегі үлкен калалардың бірі. Ақтөбенің әртүрлі бөліктерінде жүргізілген стратиграфиялық және кең көлемді казба жүмыстарының нәтижесінде қаланың ҮІ-ХІІІғ. басы аралығында өмір сүргені анықталды. Біз Ақтөбе каласынын Түрік керуен жолынан солтүстікте 45 км жерде орналасқанын, оның төңірегінде аттары жазба деректерде аталған ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің жоктығын және бұл қаладағы тіршіліктің XIII ғ. басында-ақ тоқталғанын ескере отырып Актөбе Баласағұн деген пікірге қосыла алмаймыз. Сөз жоқ Ақтөбе Шу өніріндегі аса үлкен қалалардың бірі, оны қорғаныс жүйесі жан-жақты ұйымдастырылған, Тасөткелге баратын керуен жолында тұрған қала ретінде оның аты жазба деректерден табылатынына сенгіміз келеді.

К.М.Байпаков Ақтөбені Жағалық (Яналық) пен, ал Төлекті - Йага (Яг), Сретенкалық Ақтөбені - Жакаркан (Джакаркан) калаларымен баламалап жұр. Дегенмен, бұл әле жан-жақты дәлелдеуді қажет етеін болжам ғана екенін ескерте кеткен дұрыс. Жазба деректердегі Орда каласын А.Х.Марғұлан Шу өзенінің оң жағасындағы Қарақоңыз ауылы жанындағы каламен, ал С.Г. Агаржанов болса оны хандагтық (хантаулық - М.Е.) оғыздардың басты қаласы Хийаммен баламалайды.

10.Теміртау - Төрткүл. Әл Идриси Тараздан шығып Банджарға апаратын керуен жолының бойындағы Теміртау (Демиртаг) қаласы туралы былай дейді: "Тараздан Касраға дейін 45 миль, сосын тауларды жанай өтіп 4 күн жүргесін Теміртауға жетеді. Теміртау таудың етегінде орналасқан кішкене кала. Б.Е.Кумеков етегінде Теміртау қаласы орналасқан тауды Шу-Іле тауларымен баламалайды. Біздің пікірімізше, Демиртаг Хантауы, ал оның етегіндегі қола - Шу өзеніндегі Иткешу өткелінен солтүстік-батыста 10 км жерде өзеннің оң жағасында орналасқан Бірлік төрткүлі болса керек. Төрткүл "Хан жолы" бойында орналасқан, ҮІІІ-ХІҮғғ. кезінде өмір сүрген қала. 1948 ж. осы қаланы зерттеген Ә.Х. Марғұлан былай деп жазған болатын: "Шлактың көп шоғырлануына карағанда, (жердің бетінде жатқан - М.Е.) сөз жоқ, бұл жерде Орталық Қазақстаннан, дәлірек айтқанда, Бетпақдаладан не Балкаштан және Атасу аудандарынан әкелінген темір рудаларын өндеген". Сонымен, Касрабастан солтүстік- шығыста Хантауының етегінде орналаскан Бірлік төрткүлі әл Идриси айткан Теміртау (Демиртаг) қаласы болса керек.

Сонымен, Түрік керуен жолының Талас, Шу өңірлері арқылы өтетін бөлігінде орналасқан, аттарын, арақашықтықтарын Ибн Хордадбех, Кудама ибн Джафар мен Әл-Идриси көрсеткен 20 қала мен елді мекендердің 5-і Талас өңірінде (Жувикат, Тараз, Төменгі Барсхан және Кавкеттегі екі елді мекендер), 3-і Талас-Шу өңірлері аралығында - Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінде (Касрабас, Күлшуб, Жүлшуб), ал 12-сі Шу өңірінде (Қүлан, Меркі, Аспара, Нүзкет, Харанжуан, Жүл, Сарығ, Түрік қағаны мекені, Кирмирау, Навакет, Бунджикет, Суяб (Кубал, Сагур Кубал) орналасқан. Зерттеушілер тарапынан бұл қалалар мен елді мекендердің барлығы баламаланған болатын, бірақ 80-90 жж. Шу, Талас өңірлерінде зерттеу жүмыстарын жүргізген кезде жиналған жаңа, «қосымша деректерге сүйене отырып, Біз зерттеушілердін. Жувикат - Бектөбе, Тараз - Тараз, Төменгі Барсхан - Төрткүлтөбе, Касрабас - Ақыртөбе, Күлшуб - Өрнек, Қүлан - Қүлан, Меркі - Меркі, Аспара - Аспара, Нүзкет -Шыштөбе, Харанжуан – Ақсу, Жүл-Соқлүық, Түрік қағаны мекені Шөміш, Навакет - Қызыл өзен, Бунджикет - Қысымшы, Суяб Ақбешім деп баламалаған пікірлеріне қосыламыз. Ал Кавакеттегі екі елді мекенді - Адахкет пен дех Нуджикесті Қоңыртөбе мен Қаратөрткүл қалаларымен, Сарығты Новопокровкамен, Кирмирауды Миянфан қаласымен баламалай отырып, Жүлшубты Кулшубтан шығыстан іздеу керек дейміз.



Зерттеушілер Мукаддаси тізімдеріндегі Баладж Барукет, Бурух, Яганкет, Адахкет, Дех Нуджикет, Тараз, Балу, Шігіл, Барсхан, Отлүқ, Жамукат, Шелжі, Күл, Сус, Такабкет, Дех Нави қалалары мен елді мекендерін Қаратаудың солтүстік беткейі мен Талас өңіріндегі кдлалармен, ал Қүлан, Меркі, Нүзкет (Нушкет), қаласын Хантауының етегінде тұрған Бірлік төрткүді деп есептейміз. Дегенмен, біз Шу, Талас өңірлеріндегі ортағасырлық қалалар мен елді мекендер енді баламаланып бітті деген ойдан аулақпыз. Келешекте жүргізілетін зерттеулердің барысында Щу Талас өңірлеріндегі ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің баламалануы толықтырылып, өзгерістер енгізілуі ықтимал.Урду, Навакет, Баласағұн, Жакаркан, Янг, Жағалық (Якалыг) кдлалары мен елді мекендерін Шу өңіріндегі қалалармен баламалап жүр. Махмұт Қашқари "сөздігіидегі" Отлүк, Кенжек сеңір, Қарлығ, Ягма Талас өңірінде, ал Үлыш, Орда, Баласағүн Шу өңіріндегі қалалар. Талас өңірі мен Қаратаудың солтүстік беткейіндегі қалалардың қатарыңда В.Рубрук болған Кинкет, онан бір күндік жердегі елді мекен, Гетум атап өткен Кутукчин, Беркент, Сукулкент, Урусокан, Қойқанд, Кузак, Кендакур қалалары мен елді мекендері бар. Әл Идриси Шу өңіріндегі Теміртау (Демиртаг) қаласын көрсетеді. Біз зерттеушілердің Баладж-Бабата, Барукет-Тамды, Шігіл-Жалпақтөбе, Төменгі Барсхан - төрткүлтөбе, Жамукат - Қостөбе, Отлүқ-Жуантөбе, Кенжек сеңір - Шаруашылық, Шелжі - Садырқорған, Күл -Ақтөбе (Орловка), Сүс- Шалдавар, Такабкет - Ақтөбе (Талас қаласы жанындағы), Орда - Суяб, Баласағүн - Бурана, Кинкет -Құмкент, Құмкенттен бір күндік жердегі елді мекен - Саудакент, Кутукчин - Майтөбе, Беркент - Тамды, Сукулкент - Саудакент, Қойқанд - Құмкент, Урусокан - Шолаққорған, Кузак - Созақ, Кендакур - Ақсүмбе деп баламалаған пікірлеріне қосыламыз. Сонымен қатар, зерттеушілердің Балуды - Бесағашпен, Жаңа Таласты Садырқорғанмен, ал Жаңа балықты Ақтөбемен (Талас қаласы жанындағы баламаланғанына келісе алмаймыз. Біздің пікірімізше Балу қаласын Шігіл қаласына жақын жерден, ал Жаңа Талас пен Жаңабалықты Талас өзенінің орта ағысындағы қалалардың қатарынан іздеу керек. Жазба деректерде аттары аталған Бурух, Яганкет, Қарлығ, Дех Нави қалалары бүрын баламаланбаған қалалар, біз бұл қалаларды Талас өңіріндегі Қаракемер - Бурух, Бектөбе - Яганкет, Қарлығ - Оққұм, Дех Нави - Каскантөбе қалаларымен баламаладық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет