Ф-об-007/017 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/11
Дата23.02.2016
өлшемі5.61 Mb.
#6430
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Ортағасырлық Ақтөбе қаласы.

6-13 ғғ. басы (археол.) а. оңт. шығ.-нан 3 шақырым. Ақсу өзенінің қос жағала- уында. Алғаш рет әдебиетте 1894 (В.В, Бартольд) еске алынған, 1941 Жамбыл археол. пункті экспедициясы ашқан (Г.И. Пацевич), 1954 Қырғыз ҚСР ҒА ККАЭ отряды (П.Н. Кожемяко) тексерген. 1974-1980 ҚазМУ археол. экспед. (У.Х. Шалкенов) станционарлық қазба жүмыстарын жүргізді. 1977 Ақтөбеде САС (К.А. Ақышев) жумыс істеді. Қала қалдығы ұзын дуалдармен қоршалған екі ішкі қаладан (I, II), қамал және қала төңірегінен турады. 1-ішкі қала 380 х 250 м тікбұрыш үлгісінде, биіктігі 6-7 м. Оның орта бөлігінде 100 х 100 м дурыс емес тікбурыш тәрізді, биікт. 10 м қамал орналасқан. ІІ-ішкі қала 300 х 250 м биікт. 3-6 м. Қала төңірегі ұзын дуалдармен қоршалған: бірінші дуалдың ұзындығы 17 шақырым, екіншісінікі - 25 шақырым. Екінші дуалға батыс және оңтүстік жағынан 4 жарты шеңбер дуалдар жанасады. Қазу жұмыстары қала қалдығының барлық бөліктерінде жүргізілді. Қамалдағы қазба жұмыстары оның 9 м астам мәдени қалың қабатта 3 хронологиялық кезеңге бөлінетінін анықтады: 6-8 ғғ. бірінші жартысы; 8-10 ғғ. екінші жартысы; 11-13 ғғ. басы. Бірінші хронологиялық кезең басында Ақсу езені деңгейінөн 7-8 м биіктіктегі табиғи төбеде құрама қалау әдісімен ені 7 м, биікт. 3 м платформа - алаң, оның үстіне ені 4 м, қазір 2 м, биіктігі сақталған бекініс қабырғасы тұрғызылған. 7 ғ. соңы мен 8 ғ. басында қамалдың солт. шығ. белігінің 6-7 ғғ. мәдени қабат-тары нивелирленіп, қапталған. Биіктігі 2,2 х 3,5 м платформа қаптауында солт. бат. ортақ дәлізбен жалғасатын 4 төр бөлмеден тұратын қамал (16 х 20 м) салынған. Қамал өрт нәтижесінде бұзылған. 8 ғ. басында тебенің оңт. бат. жағынан ені 5,5 м, 6 м биіктігі сақталған тұңғыш бекініс қабырғасы тұрғызылған. Қабырғада ені 1,4 м биікт. 2 м өтетін жер бар. Қабырғаның ішкі жағындағы негізіне ені 0,6 м, биікт. 1 м қарсыкерме жанасады. Бірінші хронологиялық кезең қыштарына тәждері сыртқа майысқан хумза мен құмыралар тән. Тиын ақшалар (5 дана) 7 г. соңы, 8 ғ. басына жатады. Екінші хронологиялық кезеңде қамал аумағының өсуі жалға-сып, оның қорғаныс элементтері жетіле түседі. 8 ғ. екінші жартысында бекініс қалпына келтіріліп, оның шығ. жақ мұнарасының солт.-шығ. қапталынан баспалдақсалынған. Осы кезеңдерде ені 1,3 м және 5,1 м биіктікте сақталған бірінші оңт.-бат. қабырғасы мен ені 2 м жөне 3,2 м биіктікте сақталған екінші оңт.-батыс қабырғаларының жөндеу қалау жу-мыстары қолға алынды. Олардың арасында қабырғасында ені 1,22-1,4 м өтпе жол бар. Ішкі қалаға бастайтын ені 6 м I дәліз пайда болған. Араға уақыт салып I дәліз (дәлізде қалың-дығы 0,4 м қатпар жиналған) 7 бөлмеге бөлінген, 1,2,3,4- белме-лер солт.-бат. кешенге жатады. Өткел ені 1,4 м 1 бөлме 1 және 2 (5 қазба) мунаралар арасында орнала-сқан бөлмелермен қосылған. 5, 6, 7 бөлмелер оңт.-шығ. кешенге жата-ды. Ұзындығы 14,8 м, ені 1,2-1,4 м 7-бөлме - бұл қамалды ішкі қаламен жалғастыратын II дәліз. I дәліз жұмыс істеуін тоқтатқан соң, бірінші оңт. бат. қабырғаның солт. шығ. қарай ені 2,2 м және 2,3 м биіктікте сақталған үшінші қабырға салынды. Бірінші және үшінші қабырғалар арасында ені 1-1,7 м. III дәліз пайда болған. Кейін III дәліз едені мен қабырға табанына күйдірілген кірпіш төселген 2 бөлмеге бөлінген. 8 ғ. соңында бірінші кезеңнің қамал қабырғасы оның жөндеу қалауы (кеспе бойынша) табанының ені 1,5 м, үсті 4 м, биіктігі 7 м. Г-тәріздес қапталға құндақталған. 9 ғ. соңы немесе 10 ғ. басында бірінші және екінші кезеңдер қабырғалары П-тәріздес қаптамаға құндақталуы нәтижесінде солт.-бат. қабырғаның ені 10 м жетті. Үшінші хронологиялық кезең (11-13 ғ. басы) 11 ғ. басында екінші оңт.-батыс қабырға-ның ішкі жағынан төртінші қабырға (табан ені 4 м және 5 м биіктікте сақталған) салынған, содан кейін екінші хронологиялық кезеңнің барлық ғимараттары (қамал, 1-7 және 1-3 бөлмелер, III дәліз, қабырғалар т.б.) салынып, кесек қаланып тасталған. Осының нәтижесінде ішкі қаланы қоршаған бетінен биіктігі солт.-бат. белігінде 8 м оңт.-бат., оңт. - 7 м және солт.-шығ. - 4 м болатын стилобат -таған пайда болған стилобаттың солт. бат. бөлігінде 13 бөлмеден тұратын сарай кешені бой көтерген. 10 және 11 құрметті орны бар спалар және сөресі бар (10 бөлме) немесе ортасында көшпелі ошағы бар спа (11 бөлме). 3 бөлмеден, 3 бөлмеден ені 0,48 м, биік. 0,65 м ені балшық жар-тыбағаналы шеңберлене жасалған таяз сөре табылған. Сөренің бетін күйе басқан - оның табанының сопақ түбінде от жағылған. 2 бөлменің сөресі үш жапырақты өсімдіктен торлап жасалған, кенеремен әдіптелген. Сарай кешені жоғарғы алаңның ор-таңғы бөлігінде, оның қабырғасынан оңт. шығыс және оңт. қарай су ағызатын құрылым төселген. 11 ғ. басында қамалдың шығыс бұрышының Ішкі жағынан ені 2 м қамал қабырғасы салынған. Оның негізі -биікт. 3 м, ені үстіңгі жағында 8 м болатын түптабан. Түптабанның деңгейінде ішкі жағынан ені 2,5 м бермасы бар, ішкі жағынан кіретін жер - ені 3,5 м, ол ішкі қамалдың төменгі алаңқайына апарады (Дуалдың кесіндісі, қазба 1). Төменгі алаң ішкі қамалдың оңт.-шығ. одан да төмен бөлігінде түр. Ол О.-Б-та оңт.-бат. қабырғасымен аяқталып тұр, ал С.-Ш.-та сарай. Негізгі кіретін жер, үз. 36 м. С.-Б.-тан О.-Б.-қа бағытталған. Ол ішкі қаланы ішкі қамалдың төменгі алаңның бұрышымен жалғастырады (қазба 7) 11-12 ғғ. ішкі қамалдың солт. бұрышында аула және шаруашылық бөлмелері орна-ласқан еді (2 жөне 3 бөлме). Оларда 3 өмір сүру дәуірі байқалады: біріншісі құдықпен байланысты, ал екіншісі және үшіншісі - шығыс моншасымен байланысты (қазба 3) 12 ғ. аяғы — 13 ғ. басы үшінші қабырғаға (көлденеңнен) ішкі жағынан табаны-ның ені 3 м, үстіңгі жағында 3-3,5 м болып сақталған төртінші қабырға және ені 1 м, биік. 3 м контрфорс. Осы уақытта оңт.-бат. төртінші қабырғаның ішкі жағынан табанының ені 2,5 м болатын П секілді қабырға са-лынды (қазба 6, сегізінші құрылыс кезеңі). Кескендегі ені 1,5-7 м, ұз. 32 м 1 ішкі қаланың солт.-шығ. алдында қалыңд. 6,5 м мәдени қабат қазылды. Сөйтіп қамал қабырғасының өмір сүрген 4 дәуірі анықталды. Алғашқы дәуірде қамал қабырғасы (5-6 ғғ.) ені 7,5 м, иленген саз балшық-тан салынған, оның сақталған биік. 0,8-1 м. Оның сырт жағында түбіндегі ені 2 м, үстіңгі ені 10 м ор қазылған. Бул дәуірге тән керамика - ауыз тесігі үлкен және шеңбер секілді тәжі бар, Ішке қарай иілген, қызғылт анго-бомен қапталған хүмдар. Екінші дөуірде бірінші қабырға қалдығына иленген балшықты табан орнатты, ені 9,5 м, биік. 2,5 м және ені 6 м бекініс қабырғалары өрмелерді қиыстырып салған. Оның сақталған биіктігі 3,5 м. Қабырғаның табанына ішінде спасы бар бөлме жалғасып жатыр. Бул дәуірдің керамикасы - (6-7 ғғ.) құмыралардың, табақ пен қақпақтардың сынықтары.

Үшінші дәуірге ені 2 м пандусты көтермесі бар дәліз, екінші дәуірдің қамал қабырғасына ішкі жағынан жал-ғастырыла салынған ені 4,5 м алаңқай. Бүл дәуірдің уақыты - 7-8 ғғ. басына жататын құман, құмыра, қазан сынықтарымен және түргеш теңгелерімен (4 дана) анықталды. Төртінші дәуірде - екінші және үшінші дәуір құрылыстары және соларға қосылатын мәдени қабаттар, өңделген кірпіштен жасалған қабырғалармен беттелген. Оның табанындағы ені 15 м, сақталған биік. 3 м-ге дейін. Қабырғаның қалыңында ені 1 м, дәліз бар. Бүл дәуірдің керамикасына тән белгілер құмыралардың сопақша де-неден және қабырғаларының шеті сыртқа қарай қайрылған мойны бар, қазанның сферонд формалы болып келуі және 10-11 ғғ. жататын кең тесігі бар ішке қайрылған тәж. Ішкі қаланың қазба жұмыстары үлкен ғылыми қызығушылық тудырды. Қазба жұмыстарын жүргізу 10-12 ғғ. жататын үстіңгі құрылыс гаризонтының құрылыс конструкциясы табылды. 3 қазба ішкі қамалдың табанынан оңт. 30-40 м жерде де қазылды. Оның көлемі 40 х 40 м (1600 кв.м). Қазбаның нәтижесінде 21 бөлме табылды. Және тұтас үйлер табылды, олардың салыну тәсілдері анықталды. Кейбіреулері бес бөлмеден, қалған-дары негізінен екі не бір бөлмеден тұрады. Қазбаның солт. бөлігінің қабырғаларының биік. (А 1-10) 0,2-ден 0,7 м дейін, кіретін есіктер өте нашар көрінеді. Қазбаның (ж 14-19) оңт. бөлігіндегі бөлме қабырғаларында - оттың әсері байқалады. 5 бөлмеден тұратын жеке үйлер 3 қабаттың солт. шығ. бұрышында орналасқан. 1-бөлме тік бұрышты (6,7 х 6,1 м) бөлменің көп жерін Г тектес балшық-тан жасалған спа алып жатыр (ені 1,4 м, ұз. 4,2 м) Спаның шетіне өңделген кірпіш жалпағынан өрілген (37 х 18 х 9-10 см). Бөлмелердің қабырғалары иленген балшық блоктармен (40 х 50 х 60 см) өрілген. Олар еңкейте жапсарласқан, сонымен қатар 3 қатар шикі кірпіштен (37 х 38 х 10 - 20 х 8-9 см; 50 х 19 - 20 х 8-9 см) өрілген. Спаның бір шетінде диам. 45 см, түбінікі 33 см, биік. 25 см ошақ жалғасып түр. Бөлменің екі есігі бар, оңт. есік 2-бөлмеге (2,8 х 2,8 м) апара-ды. Сөйтіп жалпы үйдегі өтпелі коридор есебінде қалады. Солт. есік 3 және 5-белмелерді қосып тұрады. Кіретін жердің ені 1,5 м. Қабырға-лардың қалыңдығы 0,7 ден 1,2 м. 5-бөлме ұз. 6,1 м, ені 5,2 м. Бөлменің көп белігін балшық спа алып жатыр. Ол П секілді формада, ошақтың жа-нында аяқталады. Бөлмеде кіретін ені 1,1 м есік бар, ол 1 және 3-бөлмелерді жалғастырып тұрады. 4-бөлме салыстырмалы түрде үлкен емес (4,7 х 3 м). Шығ. қабырғада 2 тандыр, оның төбесіндегі диам. 45 см, түбінде 40 см, биік. 31 см. Ара қашықтығы 18 см солт.-батыс бұрышында қоқыс төгетін шұңқыр, одан көптеген керамикалық материалдар табылды. Шұңқырдың диам. 1,3 м, терең 2 м 4-бөлменің орналасу ың-ғайына қарағанда ас дайындайтын бөлмеге ұқсайды.

3-қазбадан табылған негізгі материал керамика. Олар ас дайындайтын - қазан, құмыра, қақпақ, ас ішетін -кеселер, табақтар, тостағандар, сапты аяқ; шаруашылық хум, хумги, қүмыралар. Боялған керамика сирек кездеседі. Екі форманы айыруға болады: кесе мен тостаған. Барлықболған ыдыс тығыз қоспасыз қамыр шеңберінде жасалған. Аппақ ангобқа мөлдіреген, жылтылдаған жылтырауықтар жапсырылған. Жылтырауықтың астына қара, қызыл - қоңыр бояулармен өрнектер салынған. Құйын тәрізді әшекейлер, стильденген, эпиг-рафияландырылған. Кейбір бөлмелерде қоладан жасалған шырақтар, түғырлар, трипоз, баған, қүрастырыл-ған шырақтың түғыры. Трипод - жо-ғары шеңбер, екі аяқтан тұрады. Үшінші аяғы жоқ. Аяқтар фигуралы, адамның бүгілген аяғы сияқты жасалған. Аяқтардың ортасында 3 шығыңқы жер орналасқан, оларға өрнектер салынған. Шеңбердің диам. 16,4 см, аяқтардың биіктігі 10,4см, шеңбердің ені 1,2 см. Бағанның іші қуыс 3 бөліктен түрады: орталық-дөңгелек қүбырдың қимасы және екі катушка секілді бөліктермен екі жағы бағанға бекітілген. Бағанның бойымен кесілген сызық өтеді, ең үлкен ені 2,1 см. Осы сызат арқылы бағанның іші толтырылғанын көреміз. Бағанның ұштарында шеңбер бар. Оларға катушка секілді, іштері қуыс, бөлшектер жапсырылған. Катушканың ортасын-дағы тор екі жағынан біліктермен шектелген жалпы уз. 36,9 см, дөңге-лек трубканың ұз. 21,2 см, трубканың диам. 5,2 см, торлардың диам. 4,9 см табанының диам. 5 см. 7-бөлмеде 3057 қараханид теңгелерінен түратын қазына табылған. Осы жерден мыс және керамиканың бай коллекциясы, таразы мен екі темір қазан табылған.

8-12 ғғ. үй-жайы зерттелді. Оның тұрғын бөлігі орталық квадратты бөлмеден түрады (3,3 х 3,3 м) пери-метрі бойында өтпелі дәлізбен қор-шалған. Ені 2,8 м әр төрт бөлігінің үз. 4,5 м. Орталық бөлмеге кіретін есік оңт. қабырғаның ортасында орналасқан, ені 1,2 м. Бөлменің шығ. солт. және бат қабырғаларына тұтас бекітілген тұғыр қойылды, биікт. 0,95 м және ені 0,75 м.

9-10 ғғ. Ғимарат қайта салынған. Орталық зал және айналма дәліз шой таспен толтырылып тасталған. Дәлізді иленген балшықпен бөліп тастаған, әр айналма жеке бөлме болып қалған. Алғашқы комплекстің мақсаты әзірше түсініксіз жаңа құрылыс түрғын үй болған.

2 шарап жасайтын орын қазылған. Біреуі бір бөлме мен дәлізден тұрады. Онда тік бұрышты күйдірілген кірпіштен өріліп, қырмен сыланған жәшік секілді жүзім езетін алаң орналасқан. Жәшіктің көлемі 2,2 х 1,6 м, өңірінің биік. 0,6 м. Алаң жерге хуммен көмілген науамен жалғасқан.

Екінші шарапсығу үйі алғашқыда тұрғын үй болған. Бір бөлме мен (5,1 х4,1 м) дәлізден тұрады. Екінші дәуірде тұрғын үй төртке бөлінген. 1 және 4-бөлмелерде жүзім, шарап сақталған, 2-бөлме сығатын, 3-де жерге кемілген хум тұр. Бірінші шарап жасау үйі 10-12 ғғ., екіншісі - 11-12 ғғ. жасалған.

Біріиші және екінші үзын дуалдың кесіндісі, бірінші дуал табанындағы ені 4,5-6 м, ал екіншісінікі - 2 м. Жер үстіндегі ені 6 м, биік. 1 м үйінді болып жатты. Бірінші ұзын дуалдың ішіндегі қала бекінісінен Төрткөлтөбе 1 жарым-жартылай, Терткөлтөбе 2 түгелдей қазылды. Төрткөлтөбе 1 қазу барысында 3 құрылыс дәуірінің қалдығы, уақыты, 10-13 ғғ. басы, белгіленді. Бірінші дәуірде оң жағалауда сүйірленіп шығып тұрған бірінші жайылмадан жоғары Ақсу ө. қамал салынған. Көлемі 67 х 18 м, 9 бөлмеден түрады және ені 3,5 м қамал қабырғасымен қоршалған ауладан тұрады. Екінші құрылыс дәуірінде барлық бөлмелердің еденіне қалың-дығы 0,25-0,3 м сары балшықтөселіп тасталған. 9-бөлме екіге бөлінген (9-10). Оңт.-шығ. қамалдың бұрышында қосымша 5 бөлме салынған (11-15) Бат. ауланың қамал қабырғасында - тар есігі бар бөлме. Үшінші қүрылыс дәуірінде қамал шой тас-тармен бекітіліп тасталған, дайындал-ған стилобатта сол дәуірдің үй-жайы салынған. Ауланың оңт.-бат. бұрышында ұста дүкені салынған, канализация құбырлары жүргізілген. Төрткөл 2. Иленген балшықтан жа-салған түғырға (биік. 0,5-1 м) тұрғызылған 8 бөлмеден тұратын қамал қазылды. Қамал құрылысында 2 дәуір белгіленді. Алғашқыда 1 бөлме салынған (19 хЗ,8 м). Екінші дәуірде -айналма дәліз (2 бөлме) және басқа белмелер (3-8) салынған. Табылған заттарды қорыта келгенде (керамика, теңге, оқтың үшы) қамалдың салыну датасы - 11-13 ғғ. басы. 1979 Ақтебе қалашығының шеткі қамалына қазба жүргізілді. Ішкі қамалдан Б-қа 700-800 м жерде ор-наласқан. Келемі 30 х 16 м (480 кв.м). Қазба жұмысының нәтижесінде көшенің бір бөлігі және оған қосылып тұрған кіретін есігі бірге 7 тұрғын үй қазылды. Кіретін жер табанында ені 2,7 м ұз. 9 м тазаланды. 1-орталық бөлме тік бұрыш формалы (5,75 х 4,4 м) қабырғасының қалың. 1-ден 1,5 м-ге дейін, көлемі 0,5 х 0,6 м иленген балшықтан жасалған блоктармен ерілген. Осындай блоктармен қабырғаның теменгі жағы да өрілген. Қабырғаның ішкі жағы шикі кірпішпен (37-38 х 19-20 х8-9 см; 55 х 19 х 20 х 8-9 см) төселген, ал іші топырақпен толтырылған. Осындай осал конструкциялар Ақтебе қалашығында бірінші рет кездесіп тұр. Еденнен 1 м биіктікте күмбез табанының ізі жатыр. Күмбездің құлап қалған қалдықтары қоқыс болып бөлменің солт.-бат. белігінде үйіліп жатыр. Сақталған қабырғаның биік. 1,5-2 м. Белме едені 3 дәрежеден түрады. Қабырғаларында сабан қосылған сылақтың орны бар. Бөлмеде ұз. 2,5 м, ені 0,75 м, биік. 0,25 м спа түр. Спаның үсті сабан сылақпен сыланған. Спаның қасында ошақ. Ошақтың айналасында темірден, шыныдан, керамикадан жасалған бұйымдар шашылып жатыр. Боялған керамиканың сынықтары, 2 қараханид теңгесі (10-12 ғғ.) сонымен қатар мыстың сынықтары, ерітілген теңгелер де шашылып жатыр. Басқа бөлмелерде (2-7) қабырғалар сондай конструкцйяда. Кв. формалы спалар кездеседі. 4-бөлмеде - спа (3,25 х 3,25 биік. 0,25 м).

Қазба кезінде көптеген материал жинақталды. Солардың ішінде ең бастылары боялған және боялмаған керамиканың сынықтары. Боялған керамика табақтар, тостақтар, шырақтар, өсімдік стильінде және эпигра-фикалық өрнектермен әшекейлен-ген заттардың сынықтары. Созылған мұрны бар және ілмешекті ұстайтын жері бар ақ фонға қарамен өрнек салған шырақтар. Осы сияқты ыдыстар мен шырақтар Шу алқабында, Тараз қалаларында кездеседі. Даталары - 10-11 ғғ.
Лекция 11.

Іле өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері.

Жоспар

1. Ортағасырлық қалалары мен елді мекендері

2. Ортағасырлық Алмату – Алматы


  1. Ортағасырлық қалалары мен елді мекендері

Солтүстік шығыс Жетісу немесе Іле өңірі оңтүстік-батысында Шу-Іле тауларымен және Іле Алатауымен, солтүстік-шығысында Алакөл жағалауына дейін, солтүстігінде – Балқаш көлімен және оңтүстігінде Жоңғар жотасымен шектесіп жатыр. Бұл өңірдің қалалары туралы алғашқы деректерді Ш. Уалихановтан кездестіреміз. Әр жылдарда Іле өңірін Н. Н. Пантусов, Г. В. Фишер, В. В. Бартольд, А. Н. Бернштам, Т. В. Савелева және К. М. Байпаков зерттеген. Іле өңірінің ортағасырлық қалалары Талғар қаласының төңірегінде Іле Алатауы мен Тянь-Шань сілемдерінің солтүстік беткейінде, Іле өзенінің төменгі ағысында Жоңғар тауалды жазығында шоғырланған.

Талғар қаласы Алматы қаласынан 25 км оңтүстік шығыста, Талғар өзенінің оң жағасында орналасқан. Көлемі 300x298x280x302 метр, аумағы 9 – га. Талғар қаласының аймағында Талғар 1, 2, 3, Қайназар, Қызылқайнар, Алатау, Раздолье, Жаңа Алексевка елді мекендері мен қалалары орналасқан.

Іле Алатауы мен Тянь-Шянның солтүстік беткейінде Ақсеңгір, Қастек, Қаскелең, Алматы 1, Алматы 2, Есентай, Түркісіб, Ақсай, Тереңқора, Жақсылық, Молдахмет, Шелек, Киікбай, Саржаз, Кеген, Сүмбе, Басшы, Қарашоқы, Шеңгелді және т. б. Қалалар бар.

Ортағасырлық Сүмбе қаласы Сүмбе ауылының солтүстік шетінде Кетпен жотасының етегінде орналасқан, көлемі 230x140м, биіктігі 5-6 м. Оны қоршаған ордыі ені 10 м, тереңдігі 2- 2,5м. Қалада жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде оның 8-12 ғасырлар кезінде өмір сүргендігі анықталды.

Іле өзенінің төменгі ағысында Көктал 1, 2, Бояулы, Ақтам, Ағашаяқ, Қарамерген, Барысхан қалалары бар.

Жоңғар тауалды жазығында Биже 1, 2, Дүнған, Тамды, Теңлік, Айнабұлақ, Қапал, Арасан, Мешіт, Қызылтаң, Еңбек 1, 2, Жаңалық, Қызылқайың, Қарауылтөбе, Көкирім, Шержетем, Бақалы, Ақмола, Антоновка қалалары бар.

Кең көлемді қазба жүмыстары Антоновка қаласында жүргізілді. Соның нәтижесінде қаланың тарихи-топографиялық құрлымы түсіріліп, будда храмы, «бай адамның үйі», монша жіне басқа құрылыс қалдықтары ашылды. Қазба кезінде табылған заттай деректер бойынша Антоновка қаласының 8-13 ғасырдың басында өмір сүргендігі анықталды.

Осы өңірде төрткүл тәрізді елді мекендер мен қалалар кең таралған. Олардың қатарына Қызылқорған, Ағарту, Лепсі, Теректі, Қарғалы қалалары бар.

Жалпы, Іле өңірінде төрткүл тәрізді қалалар мен елді мекендер кең таралған.

2. Ортағасырлық Алмату – Алматы

Еліміздің оңтүстік Астанасы Алматы қаласының негізі 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің жағасында салынған «Верный» атты орыс бекінісімен байланысты. Сол себепті 2004 жылы қала халықы Алматының 150 жылдық мерекесін атап өтті. Шын мәнінде Алматыға 150 жыл ма?

Қаланың шын жасын анықтау тарихи жазба деректерге көңіл аударсақ Рашид - ад Дин (1274-1318) өзінің «Джами ат таварих» атты еңбегінде Х – ХІІ ғасырлар кезіндегі оқиғаларды суреттей келіп, Оғыз хан өзінің бір сапарында Алмалық облысындағы Алатагқа (шамасы, бұл жерде Алатау – М.Е.) Қазіргі Алмыты қаласының олрнынан ХІІІ ғасырдың үшінші ширегімен – ХІҮ ғасырдың басында соғылған теңгелер шекарашылап учелищесінң жанынан 1979 жылы табылды. Осы теңгелерді зерттеген шығыстанушы – нумизмат Н.В.Настич қазіргі қаланың орнында ХІІІ ғасырда теңге соғатын сарай болуы мүмкін деген болжам жасады. 1990 жылы бетінде таңбасы бар тағы екі теңге табылды. Осы теңгілердің бірінің бетіндегі жазуды Н.В.Настич «Алмату» - қазақша «Алматы» деп деп аударды.

Жалпы қзіргі Алматы қаласы тұрған жерде қола ғасырның, сақ, үйсін кезеңдерінің обалары мен оба қорымдары, елді мекендері белгілі, және олардың бірқатарында археологиялық қазба жұмыстары да жүргізілген.

Ортағасырлық Алмату - Алматы қаласы ортағасырлар кезінде Ұлы Жібек жолының Іле өңірі арқылы өткен Солтүстік тармағының бойында орналасқан ортағасырлық қалалардың бірі болған. Осы қаланың әртүрлі бөліктерінен табылған археологиялық заттарға (ыдыс сынықтары, металдан жасалған затттар, және т.б.) заттарға қарағанда қаладағы тіршілік ҮІІІ ғасырдың соңы – Х ғасыр кезінде-ақ қалыптасып дамыған. Бұл қаланың тез өсіп гүлденуіне Ұлы Жібек жолы мен Іле өңірі арқылы өткен ортағасырлық керуен жолдарының ықпалы зор болған. Х-ХІІІ ғасырлар кезінде қазіргі Алматы қаласы орналасқан жерде бірнеше ортағасырлық қалалар мен елді мекендер болғаны белгілі. Солардың бірі Алматы 1 қалашығы – ол қазіргі қаланың «Таулы қырат» бөлігінің оңтүстік жағында орналасқан. Жобасында төртбұрышты болып келген төбенің көлемі 140х150 м, бұрыштары дүниенің төрт жағына қарай бағытталған, оған солтүстік-батыс жағынан жалғасып жатқан төбенің көлемі 85х40м, оны сыртай жал қоршап жатыр. Қалшықты сырттай қоршаған қамалдың қалыңдығы 2-2,5 м, мұнараларының биіктігі 3 м, қақпа оңтүстік қабырғаның ортасында орналасқан. Қалшық таудан ағатын өзектердің ортасында тұр. Алматы 1 қалашығында жүргізілген шағын көлемді қазба жұмыстарының барысында оның мәдени қабатының қалыңдығы 1,8-2,2 м екендігі белгілі болды. Қалашық ІХ – ХІІІ ғасырлар кезінде өмір сүрген.

Алматы 2 қалащығы Кіші Алматы өзенінің жағасында шекарашылыр учелищесінің жерінде орналасқан, қазіргі күнде ол толық бұзылып үстіне жаңа құрылыстар салынып кеткен. Құрылыс жұмыстаы кезінде қалашықтың орнынан ұстаның көрігі, темір балта, кетпен, түрен, темір қазанның сынығы және 2 құмыра табылды.

Весновка (Есентай – М.Е.) қалашығынң орны Алматы қаласының Бас Батаникалық бағының ішінде орналасқан. Бұзылып кеткен қалашықтың орнынан бояулы, бояусыз ыдыс сынықтары табылды, қала Х – ХІІ ғасырлар кезінде өмір сүрген.

Ремизовка (Әл Фараби – М.Е.) қалащығы Алматы қаласының оңтүстік шетінде, әл Фараби даңғылы мен Ремизовкам ауылына бұрылатын жолдың қиылысында тұрған биік төбенің үстінде орналасқан, көлемі 120х100 м. Шамсы, қалшықтың бірқатар бөлігі осы төңіректен топырақ алу кезінде бұзылған болса керек. Қалашықтың үстінен және бұзылған бөліктерінен табылған сынықтарына қарағанда әл Фараби қалашығы ХІ-ХІІ ғасырлар кезінде өмір сүрген.

Алматы қаласы көлемінде орналасқан ортағасырлық қаланың бірі Тереңқора (Тереңқұр – М.Е.) ол Алматының солтүстік шетінде «Зарья Востока» ауылында орналасқан. Жобасында төртбұрышты қалшықтың көлемі 320х300 м, оны қоршаған жалдың ені 12 м, биіктігі 1,75 – 2,5 м. Жалда мұнара орындары сақталағн қалашықта үш жағынан қоршаған ордың ені 12 м, тереңдігі 1,5 м. Қалашықтан табылған ыдыс үлгілеріне қарағанда, ол ХІ – ХІІІ ғасырдың басы аралығында өмір сүрген.

Сонымен, қазіргі Алматы қаласының орнында ҮІІІ – ХІІІ ғасырдың басы аралығында бірнеше ортағасырлық елді мекендер мен қалашықтардың болғаны ғылымға белгілі болып отыр, демек, ортағасырлық Алмату – Алматы қаласының жасы 150 жыл емес, ол 1000 жылдан астам тарихы бар қала.


Лекция 12.

Орталық Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендері.

Жоспар

1. Ортағасырлық қалалары мен елді мекендер

2. Ортағасырлық Аяққамыр қалашығы

1.Ортағасырлық қалалары мен елді мекендер

Орталық Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендері.

Орталық Қазақстанда 30-ға жуық ортағасырлық қалалар мен елді мекендер белгілі. Оларды зерттеуге Ә.Х. Марғұланның қосқан үлесі зор. 1946 ж. бастап Ә.Х.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы орталықта ұзақ жылдар далалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп ондаған ортағасырлық қалалар мен елді мекендерді ашып, ғылыми айналымға енгізді. Олардың қатарында Аяққамыр, Ханордасы, Айбас-дарасы, Алаша-хан, Ноғайбек дарасы, Дойбағұл, Басқамыр, Милықұдық және басқа да ортағасырлық қалалар мен елді мекендер бар. Ә.Х. Марғұлан Милықұдық елді мекенде кең көлемде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, оның ортағасырлар кезінде ірі металл өңдеу орталығы болғанын анықтады.

1972 ж. С.Жолдасбаев Аяққамыр қаласында шағын көлемде археологиялық қазба жүргізді.

1988-1994 ж.ж. аралығында ҒА ТАЭ институтының Жаңақұрылыс экспедициясының Жезқазған тобы Аяққамыр, Шотқора, Басқамыр қалаларында, Жошыордасы елді мекенінде қазба жұмыстарын жүргізіп, осы ескерткіштердің өмір сүрген уақытын анықтайтын заттай деректер алды. Шағын көлемдегі қазба жұмыстары Алаша хан, Ханордасы, Ногербек дорасы, Айбас дорасы, Топырақ қорған, Дойбағұл, Қаратон қалаларында және Аяққамыр, Барақ, Келінтам, Бестам, Болған ана елді мекендерінде жүргізілген.

2.Ортағасырлық Аяққамыр қалашығы.

Аяққамыр қалашығы Жезқазған қаласынан солтүстік-батыста 70 км жерде, Жезді өзенінің сол жағасында, оған Қарабұлақ жылғасының құйған жерінде орналасқан, жобасында төртбұрышты көлемі 60х60 м, биіктігі 1 м, бұрыштары дүниенің төрт жағына бағытталған. Қалашықты үш жағынан (оңтүстік-батысынан басқа) ор өоршап жатыр. Қалашықты қоршаған қамалдың бұрыштарында сақталған биіктігі 1,1 м, қаладан сыртқа қарай 10-13 м шығып тұрған мұнара орындары сақталған. Қазба жұмыстары қалашықтың оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс қабырғаларының ішкі жағында жүргізілді, соның нәтижесінде қаланың қалай салынғаны анықталды. Алдымен қала салынатын жерге биіктігі 0,8-0,9 топырақ төгіліп тегістеліп тапталған, сонысын оның үстіне қамал, қаланың құрлыстары салынған. Балшықтан салынған қамалдың табанындағы қалыңдағы 3,5 м, сақталған биіктігі 0,6-0,7 м. Қаланың қазба кезінде ашылған оңтүстік бұрышындағы жобасында дөңгелек болып келген мұнараның аумағы 5 м. Оңтүстік-шығыс қабырғаның ортасынан ашылған мұнара төрт бұрышты болып келген көлемі 4,5x6 м, ол қамалдың қабырғасынан сыртқа 1м шығып тұр. Қазба кезінде қамалдың ішкі жағында орналасқан 8 бөлме ашылды. Қазбаның оңтүстік-шығыс шетінен ашылған мәдени қабаттар оның стратиграфиясын анықтауға мүмкіндік берді. Ең үстінде жатқан қалыңдығы 03,-0,7 м қабат қамал мен бөлмелердің қабырғаларының құландысынан тұрады, онан заттар табылған жоқ. Осы қабаттың астында жатқан қалыңдығы 0,5 м құрамында күл, сүйек, ағаш көмірі, ыдыс сынықтары аралас қабат табиғи жердің бетінде жатыр. Қазба кезінде Аяққамыр қаласынан ІХ-ХІ ғасырлардың әртүрлі ыдыстары табылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет