Лекция 13.
Батыс Қазақстан мен Үстірттің ортағасырлық қалалары: Сарайшық, Қызылқала
Жоспар
-
Ортағасырлық Сарайшық қаласы
2. Ортағасырлық Қызыл қала
1.Ортағасырлық Сарайшық қаласы.
Зерттеушілер «Азияға кіретін қақпа» деп атап жүрген ортағасырлық Сарайшық қаласы Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Бұл қала туралы Ибн Баттута: «Сарайдан шығып бірнеше күннен соң біз Сарайшық қаласына келдік, мұндағы «шық»- кішкене деген сөз, яғни Сарайшық Кішкене сарай деген мағына білдірген»,-дейді. Еуропадан Азияға кірер жерде орналасқан бұл қала, шын мәнінде қақпа қызметін атқарған. Кезінде осы қала арқылы еуропалық саяхатшылар, елшіліуктер Қазақстанды басып өттіп Манғолияға сапар шеккен және қайтар жолда жалпақ арқылы еуропаға өткен.
Қзіргі кезде жайық өзені шайып бұзылып жатқан Сарайшық қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары 1988 жылдан бастап осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Қазба жұмыстарын белгілі археолог З.Самашев бастаған экспедиция жүргізуде. Қаланың әртүрлі бөліктерінде кең көлемде жүргізілген қазба жұмыстары барысында ондаған бөлмелер, шаруашылық құрылыстары ашылып жатыр.
Сарайшық қаласында ХІҮ ғ аяғы мен ХҮ ғ басынад теңге шығарылған, қазба кезінде табылған бір кезеңде «Сарайшық қаласында құйылған» деген жазу бар.
Ортағасырлық Сарайшық қаласының даму кезеңі алтын Орданың гүлденген кезеңіне, Қазақ хандығының тарих саханасына кезінде болды. Бұл қала бірнеше ғасырлар бойы Батыс Қазақстандағы мәдени, саяси, сауда орталығы болған қала. Сарайшық қаласына Алтын орданың хандары мен қазақ хандары жерленген. Қазба жұмыстары барысында күйдірілген кесектен салынған кесенелер, құрылыс орыендары ашылып, әртүрлі үлгіде жасалған бояулы, бояусыз ыдыстар табылып жатыр. Сарайшық ХІІІ – ХҮІ ғғ кезінде өмір сүрген қала.
2.Ортағасырлық Қызыл қала. Каспий теңізін жағалап жүрген Маңқыстау керуен жолының бойында орналасқан Қызылқала 10-14 ғғ. Кезінде өмір сүрген. Қазіргі Маңқыстау ауданының орталығы Шетпеден 20 км. солтүстік батыста, Шерқала тауына жақын жерде орналасқан. Қызылқала цитадель (көлемі 110-115 м) мен оны қоршап жатқан рабадтан тұрады (көлемі 20 га. шамасында). Цитадель ені 2 м. Тас қамалмен қоршалған. Қызылқалалардағы зерттеу жұмысын 1983-1986 жылдарда А.А.галкин, 2004-2005 ж. Е.Астафьев жүргізді. Жүргізілген зерттеулердің барысында қаланың көлемі анықталып, оны қоршап тұрған қорғаны , рабадтың әртүрлі бөліктерінің мәдени қабаттарында қазба жүргізіліп, үй орындары, шаруашылық бөлмелері, тұрмыста қолданған ыдыс сынықтары табылды.
2008 жылдан бастап қызылқалады Қызылқала археологиялық экспедициясы (жетекшісі М.Елеуов) зерттеу жұмыстарын бастады. Зерттеу жұмыстары негізінде цитадельдің шығыс бұрышында кең көлемде қазба басталып екі құрылыс кезеңінде салынған бөлмелер ашылды. Олардың қабырғалары тастан қаланған. Бөлмелердің ішінде ошақ, тандыр, пеш орындары сақталған. Цитадельдің шығыс бұрышының сыртында жүргізілген қазба кезінде оны қоршаған, қалыңдығы 2 м. Келетін тастан қаланып, сырты тас блоктармен өрілген қамал, бұрыштағы мұнара ашылды. Қазба кезінде ашылған құрылыс орындарына, олардан табылған еңбек құралдарына, ыдыс үлгілеріне, металлдан жасалған құрал жабдықтарға, әшекей заттары бойынша қаланың Х-Х111 ғғ. Кезінде өмір сүргені анықталды. Шамасы Қызылқала маңқыс тау арқылы өткен керуен жолының бойында Х ғ. басында керуен сарай ретінде пайда болып, бірте-бірте оның рабады қалыптасқан болса керек.
Лекция 14
Республикалық стратегиялық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша зерттеліп жатқан ортағасырлық қалалар мен елді мекендер.
Жоспар:
-
Ортағасырлық қалалары мен елді мекендер
2.«Мәдени мұра» бағдарламасы
-
Ортағасырлық қалалары мен елді мекендер
1.2003 ж. мәдениет дамуында елеулі болды, халыққа жіберген жылсайынғы үңдеуіңце Президент ел алдында тұрған шұғыл міндеттер ішінде тарихи-мөдени мүрамызды зертгеу және сақтау шараларьш анықтап отыр.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының іске асырылу мерзімі деп 2004—2011 ж ж. белгіленіп отыр. Ол тарихи-мәдени мүраны зерттеу, пайдалану мен сақтау ісінде елеулі жетістіктерге жеткізу керек.
Бағдарлама бойынша, зерттеуге, соның ішінде кең ауқымды қазбалар үшінгі архео-логиялық нысандар олардың осыған дейін зерттелуі деңгейін және маңыздылықтарын есептей отыра тандап алывды. Іс жүзінде бүл халықтың генетикалық жадына айырықша келген және маңызды тарихи-мәдени салмағы бар жетекші ескерткіштер. Бүлар Бүкіләлемдік мәдени мүра ескерткіштері қатарына кіретін номинантар қатарында.
Әрине, бағдарлама бойынша зерттеулер кешенді түрде, қазба жұмыстарынан кейін жөне сонымен қатар жобаны даярлау, консервациялау мен қазылған нысандарды қалпына келтіріп, оларды мұражайландыру ба-ғытында жүргізілуі тиіс.
Мұражайландырылған ескерткіштер мемлекетгік жөне халықаралық туристік бағдаршаларға қосылуы тиіс (кей түстары қосылып та жатыр) те, дамып келе жатқан туристік инфрақұрылымның өзіңдік торабына айналуы керек.
Бағдарламаның іске асуы үшін мынандай концептуалды негіздемелер анықталып алынды: бағдарламаны іске асыру барысында мәдени мұра елдегі біртұтастану процесетерінің негізгі себебі, ұлттық және мемлекеттік сана-сезімнің қалыптасуының құрамасы деп есептейтін, сипаттауды қажет етпейтін қағидаға негізделу керек; Қазақстан халқын Отан тарихын сүю, оған сүйіспеншілікпен қарау, оны ықыласпен сақтау рухында тәрбиелеу қажет; археология, сәулет өнер, көне өнер ескерткіштері ұлт рухын сақтайтындықтан олар халықтың қасиетті дүниесі болуы тиісті. Ғылыми зертгеулер мен қазбалар осы қағидаларға негізделіп жүргізілді; Ақсу темір өңдеушілер қонысы, қола дәуірінің қала жүрты Кент, сақ қаласы Шірікрабат, Берел, Мерке түрік ғибадатханасы, Отырар және Қиялық қала жүрттары жайлы жинақталған материал ой-сараптаудан өткізіліп, консервациялау мен мұражайландыруға байланысты ұсыныстар және бағдарламалар жасалыңды. Сонымен қатар Алматы және Шымкент археологиялық ескерткіштеріңде де елеулі жұмыстар атқарылды.
Халықаралық бағдарлама бойынша Отырар қала жұрты мен Тамғалы петроглифтер кешенінде ЮНЕСКО қатысуымен консервациялау жұмыстары жүргізілді. «Көне Отырарды қайта өркендету» жобасы осы Отырар бойынша қабылданған болатын.
Әрине, тарихи-мәдени мұраны тексеру мен есепке алу, тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағын баспаға даярлау осы Бағдарламаның басты міндеті болып отыр. Жинақ — ескерткіштерді зерттеу мен қорғау жұмыста-рының негізі. Қазірше оның, Шымкент және Жамбыл облыстары бойынша ғана екі томы шығарылды.
Алматы, Қызылорда, Солтүстік-Қазақстан облыстары бойынша Жинақ томдарын даярлауға қызу зерттеулер басталып кетті.
Осыған дейін шығарылған Жинақтарды толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жинаққа қатысты жұмыстар жаңа деңгейде, компьютерлік технологиялар мен ескерткіш орнын нақты жаһандық тұрғыда анықтау жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуде.
Бағдарлама бойынша 2004 ж. іске асырылған жұмыстардың жекелеген қорытындылары жинақтама есепте жариялануда.
1999 ж. әлемдік маңыздағы Алтайдағы Берел обасындағы мәңгі тоң басқан қорғандар мен бейіттерде қазба жұмыстары жалғасқан болатын.
Зайсандағы Шілікті обасыңда жұмыстар жалғасуда. Былтыр онда патшалық қорғаннан «алтын адам» мәйітінің қалдықтары табылған еді. Жетісуда, Қарлық мемлекетінің ортағасырлық орталығы, әлемдік діндердің түйіскен және бірге өмір сүрген жері болған Қиялық қала жұртында өрнек ойылған кірпіштермен қапталған XII—XIII ғғ. бас мешіті мен XI—XII ғғ. мавзолейі ашылған болатын. Бұл Қазақстанның ислам сәулетөнерінің жаңа жарқын ескерткіші.
Зерттелініп жатқан ескерткіштер ішінде елордамыз Астана қаласының маңындағы Бұық қала жүрты да бар. Жоба жұыстары нәтижесіңце онда Астананың көпғасырлық тарихы мен өлкедегі урбанизация бастауы жайлы түсінік бере алатын Археологиялық парк үйымдастырылады.
Алматы маңында жуырда құылған мұажайқорыққа енгізілген Есік обасы мен Талғар қала жұтының (ортағасырлық Тальхир қаласы) зерттелуі жалғастырыдды.
Тальхирдің ортағасырларда шеберлері болат құышын құ алған Орталық Азияның темір өндеу орталықтарының бірі болғандығын айғақтай түсетін жаңа тың мағлұаттар жинақталуда.
Алматы территориясындағы археологиялық қазба жұыстары бұл елде адамдардың ерте тас дәуірінен бастап қоныстанғаны мен X—XI ғғ. ортағасырлық қаланың бөй көтергеніне дейін түсінік береді. Ұы Жібек жолы бойындағы ірі саяси, экономикалық, мәдени және сауда қаласы ретіне Алматы осыдан мың жыл бұынғы уақытта қалыптасқан, ал, XIII ғ. Алматыда жеке теңге соғатын сарайдан бақыр шығарылатын. Бір кереметі, бақырда «теңге Алматы қаласында шығарылған» деген жазу бар, яғни қала XIII ғ. өзінде-ақ Алматы деп аталатын.
Тараз маңындағы Ақыртас кешенінде археологиялық және консервациялық жүмыстар жүргізілуде. Бүл 751 ж. Талас шайқасынан кейін түрік-қарлұтар шақыртқан араб сәулетшілерінін тастан салған Қазақстандағы бірден-бір зәулім сарайы.
Көне Шымкент және Сайрам қала жұтгарында археологиялық зерттеулер етек алды. Археологиялық және тарихи материалдар негізіңце қала жүрттарыңцағы қазбаларды консервациялаудың, мұажайлық кешендерді үйымдастыру мен оларды қазіргі таңдағы қызу жүмыс істеп жатқан Шымкент — Отырар — Түркістан — Сауран туристік бағытына енгізудің ғылыми концепциясы жасалынуда. Арыс өзенінің орта бойында әйгілі Арсу-баникет қаласы мен кейінгі ортағасырлык Қараспаң қаласы деп танылатын Қараспан қала жұртында археологиялық зерттеулер жүргізілді.
Отырар қала жұртында халықаралық ЮНЕСКО — Қазақстан — Жапония қатысқан жоба бойынша жұмыстар аяқталып, мәдени мүра аясындағы «Көне Отырардың қайта өркендеуі» жобасы басталды. Алқаптағы Ал-тынтөбе, Мардан—Күйік, Құрықтөбе ескерткіштерінде археологиялық және консервациялық жұыстар жүргізілуде.
Отырар мен оның маңында орналасқан Арыстан Баб мавзолейіне жылына 100000 турист келеді және оның саны жылдам өсуде.
Отырарда бүкіл ортаазиялық өңірдегі ғы-лыми және консервациялық зерттеулердің орталығын ашу және туризм инфрақүрылымын ұымдастыру концепциясы жасалды.
Түркістан маңынан Қазақстанның ерте ортағасырларындағы ірі орталығы болған Сидақ қала жұты қазылып жатыр.
Ортағасырлық тарихтың, археологияның және сәулетөнердің бірегей ескерткіші — Сауран қала жүртында зерттеу жұыстары басталды. XVI ғ. авторы Васифи суреттеп кеткен, айтулы екі шайқалмалы мүнарасы бар медре-се қазыла бастады. Қаланы сумен қамтамасыз еткен кәріз жүйесі зерттелуде.
Батыс Қазақстанда Жайық өзенінің бойында, Орал қаласының маңында XIV ғ. ортасында бой көтерген Жайық қаласының жұты зерттелуде. Бүл XVII—XVIII ғғ. Орал қаласы-ның негізі болған қала жүрты. Сарайшық пен Жайықтағы қазбалар Үлы Жібек жолының Орал тармағы жайлы мағлұаттар берді.
Маңғыстауда ерте қола дәуірінің қаласы — Тоқсанбай тұағы және сарматтардың ғибадатханасы — Қызыл Үйік ескерткіштері зерттелуде.
Жетісуда көне түріктердің Мерке және Жайсан ғибадатханалары, Сарыарқада қола дәуірінің қаласы Кент, темір өңдірушілердің Атасу тұағы зерттелуде.
Консервациялау мен мұажайландырмақ-сатымен энеолит дәуірінде пайда болған, алғашқы жылқы өсірушілердің тұағы Ботайда қазба жұыстары қайта қолға алынды. Адам тарихындағы елеулі оқиға — жылқыны қолға үйрету процессінің бастапқы аймақтарына Қазақстанның да кіргендігі дәлелденді.
Қазақстанның көне дәуірі жайлы тың мағлұат алу палеолиттік Шоқтас және Қошқорған бірегей ескерткіштеріндегі зерттеулер нәтижесінде мүмкін болады.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылайын деп жатқан есепті баспаға дайындайудан басқа, Сауран және Қиялық қалалары, Жайық қала жүрты, Акыртас кешені, Ешкіөлмес петроглифтері жайында моногра-фиялар дайындалуда. «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізілген әрбір ескерткіш жайында монографиялар, альбомдар, буклеттер даярлау жоспарланып отыр. Туристік бағдаршаларға суреттемелер даярлануда.
2.«Мәдени мұра» бағдарламасының жұмыстарына ҚР БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты (Алматы) қызметкерлері, еліміздің Мемлекеттік университеттері: Л.Н. Гумилев ат. Ұлттық Университеті (Астана), Әл-Фараби ат. Ұлттық Университеті (Алматы), Е. Бөкетов ат. Қарағанды Мемлекеттік Университеті (Қарағанды), Ш.ІП. Уәлиханов ат. Көкшетау Мемлекеттік Университеті (Көкшетау), М.О. Әуезов ат. Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік Университеті (Шымкент), Қ.А. Яссауи ат. Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті (Түркістан), М.Қ. Қозыбаеват. Солтүстік-Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Отырар Мұражай-қорығы (Шәуілдір), Мемлекетгік Әзірет Сұлтан Мұражай-қорығы археологтары ат салысты. Археологиялық зерттеулерге Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, АҚІП, Италия, ГФР, Ұлыбритания мамандары қатысты.
Жұмыстарды ұйымдастыру ҚР мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігі, ҚР білім және ғылым Министрлігі тарапынан іске асырылды; ал Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының орыңдалуын қамтамасыз ететін Қоғамдық Кеңес осы жұмыстардың ұйымдастыру Орталығы болды.
Лекция 15.
Республикалық стратегиялық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша зерттеліп жатқан ортағасырлық қалалар мен елді мекендер.
Жоспар:
1 Сауран қаласының 2004-2006 қазба жұмыстарын жүргізу
2Сауран медресесі.
1 Сауран қаласының 2004-2006 қазба жұмыстарын жүргізу 2004-2006 қазба жұмыстарын жүргізу маусымында Сауран қаласының орталық алаңынан медресенің орнын білдіретін объектінің 1 үлкен бөлігі аршылды.
Үйінді қабатының астында солтүстік мұнараға келіп қосылатын уча-ске мен медресе құрылыс орнының оңтүстік-батыс бөлігі жатыр, онда 2007 жылы маусымда іздестіру жұмыстары жалғасты. Медресенің оңтүстік-батыс бөлігіндегі қазбаның алаңы 206 шаршы метрді құрайды. Үйіндінің астында 7 құжыра және медресенің оңтүстік-батыс қанатының дәлізі көміліп қалған. Оны тазалау кезінде күйдірілген кірпіш сылақ бөліктері және төбе жабынының бөлшектері кездесті. Қүрылымдардың сақталуы ете нашар, өйткені ғимарат кірпіште құрылыс салуға бұзылып алынған. Бөлмежайды бөлетін кейбір қабырғалар түбіне шейін бұзылып алынған. Олардың орналасқан жерін қалың төселген еден іздері мен қалдықтары көрсетеді. Бөлмежайдың өлшемі 3,20x2,75 м. Бөлмежайлар мен дәліз солтүстік- шығыс қанатқа қарама-қарсы бөлмежайларға қатаң симметриялық түрде орналасқан. Тар дәліздің жанында көшеге шығатын есік бар.І өтетін жердің ені - 85 см, барлық бөлмежайларда кіреберісте әртүрлі деңгейде сақталған тереңдетілген ташнау алаңы, ошақ-сандалдар болғаны айқындалды. Жақсы сақталған бөлмежайларда да оңтүстік бұрыштан пештер табылды. Пештердің аузы ташнауы бар алаңта қаратылған. Түтін жолдары бөлмеге тікесінен орнатылған құдықі арқылы жүргізілген. Бөлмежайлардың қабырғаларында, сондай-ақ қуыстар бар. Олардың бірі бұрыштағы бөлмежайда сақталған.
Егер, ташнауы бар алаң және қуыстар бөлмежайларда әуелгі ба-стан болса, пештер, ошақ-сандалдар және суфалар кіреберісте бөлмежайды пайдалану кезінде кейіннен пайда болған. Барлық бөлме жайларға жөндеу мен кейіннен салынған құрылыс бөлшектерінің іздері байқалады. Едендердің бірнеше мәрте қалыңдатылғаны анықталды (3-4 кезең). Бөлмежайлардың бірінен әр кезеңге жататын бір-біріне тығыз орнатылған ошақ-сандалдар табылды. Бөлмежайда дәлізге солтүстік-батыс жағынан сол жақтағы кіреберісте тандыр орнатылған. Медресеге кірер жердің солтүстігіндегі үйінділерді тазалауда солтүстік мұнараның негізі табылды.өткен жылдарда жасалған қазба жұмыстары нәтижесінде цокольдің үстінен шығатын мұнара негізінің төрт жоғарғы қатары анықталды. Цокольдің астында биіктігі 1м 11 қатаркірпіш өрілген. Мұнара негізініңдиаметрі шамамен 3,3 м. Мунараныңтөменгі бөлігі доға күйінде қаспеттік қабырғадан шығады. Екінші бөлігі қаспеттік қабырғаға орнатылған және портал тұтас қалауымен өрілген. Мұнараның сұлбасы төбеге дейін жеткен, ал одан кейін бұранда баспалдақ арқылы көтерілген. Мұнараға төбе арқылы шыққан. Қабырғада төбеге шығатын баспалдақтар құрылыстың шығыс бетінде сақталған.
Мұнаралар іргетасқа тікбұрышты негізде тұрғызылған. Оңтүстік мунараның орнында 2005 жылғы маусымда аршу жұмыстары жургізіліп, тікбұрышты құрылым анықталды, сазға көп күл (қыр) қосылып, құйылғанкүйдірілген кірпіштердіңкөлемі 23-25x23-25x5-6 см, аталған құры-лым осындай кірпішпен тұтастай қаланып шыққан. Тік-бұрышты өлшемі 3,5x2,75 м кірпіш қаланған. Оның негізі тас табалдырық деңгейінен 2 метр тереңдікте жатыр, яғни құрылыстың еден деңгейінен 3 метр тереңдікте және 1,75 м биіктікте сақталған. Солтүстік мұнараның астынан, сондай-ақ мұнараның негізінен 1,3 метр тереңдікте орныққан іргетас табылды. Іргетас одан әрі қарай жіңішкеруі де мүмкін. Іргетас үшін төменде жатқан мәдени қабатты кесіп өтетін шұңқыр қазылды. Төменгі қабаттарды төрт-төрттен топтастырып, шахматтәртібімен орналастырылған қабырғасынан қойылған кірпіштер құрайды. Кірпіштердің арасында бекітуші ерітінді жоқ, тек мен күлдің қоспасы құйылған. Содан кейін күйдірілген кірпіштің алты қатары өрілген, онда оның ерітіндісінде күлдің құрамы көп. Бұдан кейін тағы бір қатар кірпіш қабырғасынан қойылған, бұл да жоғарыда айтылғандайтәртіппен өрілген. Ең соңында бес қатар кірпіш жалпағынан қаланған күлмен араластырылған ерітінді іргетасты қалауда гидроизоляциялау материал ретінде пайдаланған болуы керек. Қабырғасынан қойылған ерітіндісіз екі қатар қойылған кірпіш сейсмобелдеудің міндетін атқарған.
Жоғарыда айтқанымыздай, қазылған шұңқыр төменгі құрылыс қабатын кесіп өтті. Іргетасты қазу кезінде солтүстік-батыс қаспеттен 0,7 м жерде 0,5 м тереңдікте тандыр және көлбеу күйдірілген науа түріндегі түтін жолы табылды. Шикі саздан жасалған құрылыс қалдықтары, сондай-ақ 26 және 27 бөлмежайлардың арасындағы бұзылып алынған қабырғалар мен пилонның орнында жасалған шурфта табылды. Шурфтың өлшемі 2x2 м. 0,5 м тереңдікте шикі кірпіштен қаланған құрылым табылды, оның анықталған тереңдігі 1,2 м. Шикі кірпіштен жасалған қабырғаның негізінде борпылдақ қарашірік (гу-мус) толтырылған шұңқырдың аузы бар екендігі анықталды. Онда ХҮ ғасырға жататын жылтыратылған және жылтыратылмаған керамиканың бірнеше бөліктері табылды.
2Сауран медресесі.
Медресенің қасбетті қабырғасы алдында, кіретін баспалдақтың екі жағында, күйдірілген кірпіштен екі қатар етіп өрілген контурли қабырғаның алаңы бар. Алаңның өлшемі 12x7 м. Биіктігі 1 метргеі көтерілген, іші құрылыс қоқыстарымен толтырылған. Бет жағында тұтас және сынған кірпіштер қаланған. Солтүстік алаңның солтүстік-шығыс шетінде қабырға кейіннен кесіліп алынған, тұйық бұрышпен медресенің солтүстік бұрышына келіп тіреледі.
Медресе тікбұрышты жобада салынған, өлшемі 31,5x28 м, құрылымы - симметриялық аула түрінде, басты кіретін қақпасы порталмен бөлінген. Оның екі жағында екі мұнара орналасқан, бұл солтүстік-батысқа қаратылған. Вестибюльдің салтанатты бөлігінде екі сегіз қырлы бөлмежайлар бар, олардың шығатын жерлері аулаға қаратылған. Вестибюльдің солтүстік бөлігі арқылы үлкен бөлмеге кіретін болған, ал оңтүстік бөлмежай мешітке кіретін өтпе бөлме болғанға ұқсайды, өкінішке орай ол толықтай бұзылған. Екі айваны бар аула он алты тұрғын бөлме құжыралармен қоршалған. Құрылыс жобалауы бойынша ішкі үлкен ауласы бар құрылыс аталған типке жатады, онық айналасында оқу және тұрғын үй бөлмежайлары жайғасқан.
Сонымен, 2004-2007 жж. кезеңде Сауранның орталық қоғамдық I ғиамараттарының бір болып табылатын медресе қазылды.
16–лекция.
«Ұлы Жібек жолы өркениеті» пәннің мақсаты мен міндеттері
Жоспары
-
Ұлы Жібек жолы туралы түсінік
-
Ұлы Жібек жолы өркениеті пәнінің мақсаты мен міндеттері
1. Ұлы Жібек жолы туралы түсінік. Адамзат өркениетінің пайда болуының нәтижесінде әртүрлі халықтардың, тайпалардың арасындағы айырбас, сауда-саттық келіп шықты. Қарым-қатынас барысында тек зат алмасу ғана емес, сонымен қатар мәдени, ғылыми, діни құндылықтардың да араласуы қатар жүріп жатты. Тайпалар мен халықтардың, мемлекеттердің арасындағы алыс-беріс, қарым-қатынас оларды байланыстырып жатқан керуен жолдары арқылы жүрді. Ең қарапайым жолдан басталған қарым-қатынас бірте-бірте күрделеніп, өсіп отырды. Сауда жолдары халықтардың араласуына ықпал етті. Сауда жолдары олармен тасмалданған тауардың түріне байланысты «Көк лағыл», «Нефрит», «Дала жолы» және т. б аттармен аталатын болды. Уақыт өте келе мемлекеттік маңызы бар халықаралық жолдар қалыптасты. Ондай жолдар бір не бірнеше мемлекеттер арасында бақылауға алынып, керуендердің еркін жүруіне кепілдік беріліп, оларды қамтамасыз етіп отырған Орталықтандырылған осындай жолдарда заттарға сұраныс, олардың бағасы, алынатын алым-салықтың мөлшері, жолдың барысы, оның бойындағы елдердегі саяси жағдай туралы уақытылы хабар беріліп отырған. Осындай жолдардың бірі Орталық Азия мен Қазан арқылы өтіп Қытай, Индия, Жерорта теңізі мен Еуропаны байланыстырып жатқан «Ұлы Жібек жолы» болды.
Ұлы Жібек жолы б.з.д. 2 ғ бастап халықаралық жолға айналды. Эдвард Хетцель Шефердің есептеуі бойынша Ұлы Жібек жолымен 169 түрлі зат тасмалданған.
Ұлы Жібек жолының көптеген тармақтары, онымен байланысты жолдар болған, онымен алыс жақын елдерден шыққан керуендер жүріп жатты. Ұлы Жібек жолының бойында керуен сарайлар, бекеттер, құдық, өткелдер, көпір асулар болды. Осы жолдың бойындағы қалалар мен елді мекендердің базарларында бағалы заттар, қолөнер бұйымдары, кілем, жеміс-жидек саудасы жүріп жатты.
Ұлы Жібек жолы оның бойындағы елдер мен мекендердің өсіп өркендеуіне, сауданың дамуына оң ықпал жасап отырды, қалалар өсіп, гүлденді. Ортағасырлар кезінде Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы (жолы) өтті. Солтүстік жолдан шығатын, оған келіп қосылатын көптеген керуен жолдары пайда болды. Ұлы Жібек жолы шығатын керуен жолдарының бойында қалалар пайда болып, өркендеді, олардың қатарында ежелгі Тараз, Баласағұн, Суяб, Испиджаб, Сауран, Түркістан, Сығанақ, Жент, Сарайшық және басқа да қалалар бар.
Ұлы Жібек жолы және орта ғасырлық қалалардың мәдениеті пәнін оқыту барысында Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы, оның бағыттары, ортағасырлық Қазақстанның керуен жолдары және олардың бойында қалыптасқан қалалар мен елді мекендердің мәдениеті жайлы жан жақты деректер береді.
-
Ұлы Жібек жолы өркениеті пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Пәннің мақсаты: Пәнді оқыту барысында магистранттарға әлемдік өркениеттің дамуна сүбелі үлес қосқан Ұлы Жібек Жолы, оның қалыптасуы мен даму тарихы туралы білім беріледі. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық керуен жолдарының тарихы, олардың негізгі бағыттары, сауда – саттықтың дамуы, қалалық өркениет ошақтарының қалыптасуы жан – жақты қарастырылады.
Пәннің міндеттері: Пәнді оқыту барысында ежелгі керуен жолдары, Ұлы Жібек жолы мен Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық керуен жолдарының тарихы археологиялық және жазба деректер негізінде оқытылады. Ұлы Жібек Жолы мен Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық керуен жолдарының қалыптасу, даму тарихы, Ұлы Жібек жолының әлемдік өркениеттің дамуына, ортағасырлық керуен жолдарының қалалық өркениеттің өркендеуіне қосқан үлесін жан – жақты ашып көрсету.
17 – лекция.
Ежелгі жолдар
Жоспары
-
Лазурит жолы
-
Нефрит жолы
-
Меридиандық батыс жолы
-
Далалық жол
1.Лазурит (Көк лағыл) жолы б.з.д. ІІІ мыңжылдықтан бастап Орталық Азияны алыс, жақы елдермен байланыстырған бірқатар керуен жолдары болған, олардың қатарындағы ең ежелгі жолдардың бірі – Лазурит (Көк лағыл) жолы болатын. Бұл жолдың қалыптасуы, Бадахшаннан шыққан ляпис лазурит тасымен байланысты болды. Жалпы, көк лағыл өте бағалы тас болып табылады, онан әртүрлі әшекей бұйымдар, киелі заттар жасаған. Көк лағылдан жасалған әшекей заттар Иран, Қос өзен, Египет, Алғы Азияда б.з.д. 3-4 мың жылдықтан бастап кездеседі (Хошимов М, 2005, с.18).
Жазба және археологиялық зерттеулерге қарағанда Бадахшандық көк лағыл Иран, Қос өзен, Египет, Сирия арқылы Аатолияға тасылған. Жол Хорасан арқылы солтүстік-шығыс Мидияға өткен (Сарианиди В.И., 1968, с. 3-9; Яноковская Н. Б., 1956, с. 33). Бұл жол арқылы жылына тасмалданатын көк лағылдың көлемі айтарлықтай болғаны сонша, Ассириялық патша Тилатпаласар ІІІ (б.з.д. 745-727 жж) Заирден ары жатқан облысқа жылына 9 т көк лағыл салық салып отырған (Яноковская Н. Б., 1956, с. 33).
Бадахшандық көк лағыл Хотан арқылы Қытайға тасылған, содай-ақ оны Оңтүстік Түркіменстандағы Герируд және Теджен өзендері арқылы батысқа, Саррази елді мекендері арқылы (Зарафшан аймағындағы) Термезге тасыған. Жол Вахш, Ферғана өңірлері арқылы Шу өңірлеріне өткен. Сондай-ақ «Вахан жолы» арқылы Памирді айналып өткен де керуен жолы болған.
Достарыңызбен бөлісу: |