Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет80/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы

13-тақырып. Ер есімі — ел есінде



Ғ. Мүсірепов. «Қазақ солдаты» романы (үзінді)

1-2-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Ер есімі — ел есінде!



Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы Ұлы Отан соғысының батырларымен таныстыру. Есімдіктердің түрлерін меңгерту.

Дамытушылық:

Оқушыларды әдеби тіл нормасын сақтау, дұрыс ой қорытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Қазақша сипаттау мәтіндері негізінде оқушыларға ұлтжандылық тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жау- ап береді.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айтады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен пікір алмасады, мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Кескілескен, жан қилы соғыс, сүбелі үлес, талқандау, асқақтату.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, ақынның суреті, кітап көрмесі, А4 парағы, маркерлер, үлестірмелі материалдар, смайликтер, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Көрнекілік, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, диалог, «Бұл қай есімдіктер» логикалық ойыны, «Жалғасын тап» ойыны,диаграмма, «Жеке әңгіме» техникасы .

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тре- нингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тек- серу

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді, Ұлы Отан соғысының батырларымен таныстырады.

Слайдтарды көреді.

162


13-тақырып. Ер есімі — ел есінде



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Жазылым. Суреттер бойын- ша әңгімелейді.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Шағын әңгіме құрайды.

3. Тілдік бағдар. Есімдіктердің түрлерін меңгертеді.

Есімдіктердің түрлерін меңгереді.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 4, 5-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, халқымыздың бастан кешкен ең ауыр күндері мен қазіргі күндерді салы- стырып айтады.

4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 7, 11-тапсыр- маны орындатады. «Бұл қай есімдіктер» логикалық ойынын ұйымдастырады.

Жазылым. Ойын шартын орындайды зат есімдер мен сан есімдерді тауып жазады.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 8, 9-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді,

«Жалғасын тап» ойынының шартын орындайды.



ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Диаграмма толтырады.

IV. Бекіту

«Сөздерден әңгіме құрау» тәсілі бойынша ойсергек ұйымдастырады. Оқушылардың әрқайсысына бір-бір сөзден ойлауларын тапсырады, бірнеше секундтан кейін ол

сөздерді тақтаға жазғызады (жалпы саны 15-20 сөздей болу керек).



Сөздерді тақтаға жазады, шағын топтар осы сөздерден тақырыпқа қатысты ауызша әңгіме құрастырады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.



163


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет