Авт.: Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Дәулетбекова, А.Қ. Рауандина, Р.С. Рахметова, А.Н. Юсуп Ғылыми кеңесшілер:
Құрметті мұғалім! Сіздің қолыңызға қазақ тілін деңгейлік меңгертуге арналған оқулық пен оқу- әдістемелік кешен ұсынылып отыр. Қазақ тілді емес мек- тептерде
мемлекеттік
тілді
деңгейлік
оқыту
мақсатындағы жаңа кешен заманауи талаптарға сай тілді меңгертудің халықаралық және ҚР өзіндік ерекшелігін қамтыған қазақ тілін деңгейлік меңгертудің тілдік стандарттарын басшылыққа ала отырып
дайындалды.
Көптілді тұлға даярлау міндетін алға қойып отырған бүгінгі уақыт талабы қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сай меңгертілуін қажет етеді. Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі, әлемдегі бес мыңнан аса тілдің бірі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданысқа енуінде үздіксіз білім беру жүйесінің жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту сапасын арттыру маңызды фак- тор болып саналады. Өйткені ғалым Х.Досмұхамедұлы айтқандай, «Мектептің тілі бола алмаған тіл мемлекеттің тілі бола алмайды».
Қазақ тілін деңгейлік оқытудың түпкі мақсаты — оқу- шының қазақ тілін білу деңгейі мен сұранысын ескере отырып, бір-бірімен сабақтас, жүйелі, коммуникацияға құрылған білім мазмұны арқылы мемлекеттік тілде өз ойын ауызша және жазбаша түрде еркін, түсінікті, дұрыс жет- кізе алатын, түрлі өмірлік жағдаяттарда тілдік қатынасқа түсе алатын дара тұлғаны даярлауға мүмкіндік туғызу.
Оқулықтағы тапсырмалар тыңдалым, оқылым, айты- лым, жазылым бойынша жүйеленді. Тақырыптың ерек- шелігіне қарай сөйлесім әрекетінің түрлерін кешенді түрде қолдану міндеттеледі. Тілді оқытудың басты мақсаты оқу- шылардың қазақша сөйлеу, ойын дұрыс жеткізу сияқты қоммуникативтік қабілеттерін дамыту болғандықтан, әрбір сабақтың нәтижесі сөйлесім әрекетіне құрылған тап- сырмалармен бекітіледі.
Тілді меңгерту үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында оқу материалдары қысқа мерзімді (күнделікті сабақ жоспары), орта мерзімді (тақырыптық-желілік жоспар) болып жіктеліп ұсынылды.
Орта мерзімді жоспарда лексикалық тақырыптар SMART мақсат аясында айқындалып, мұнда негізгі пәндік құзыреттіліктер, қолданылатын ресурстар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен формалары анықталды. Сонымен қатар бағалау критерийлері ұсынылып, тақырып бойынша қол жеткізілетін түпкі нәтиже нақты көрсетілді.
Қысқа мерзімді жоспарда сабақтар бойынша жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмыстар нақты көрсетіледі. Әр сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары, оқу материалына сілтеме, бағалау крите- рийлері, негізгі түсініктер, қолданылатын материалдар,
әдістер мен дереккөздері нақты беріледі. Тапсырмалар бөлігінде сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті, сыныпта психологиялық ахуал туғызудан бастап, жаңа сабақты сын тұрғысынан ойлау технологиясы талап- тарына сай сатылап дәйектеледі. Онда қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ойтолғаныс, бекіту, бағалау, үйге тап- сырма, рефлексия бөліктері бойынша әрбір тапсырма тара- тылып түсіндіріледі. Креативті ойлауға дағдыландыратын интербелсенді әдіс-тәсілдер негізінде ұйымдастырылатын даралық, жұптық, топтық тапсырмалар әртүрлі сипатта ұсынылады.
5-СЫНЫПТА А2.1 ҚАЛЫПТАСУ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ
ОРТА ИГЕРІМДІ оқушылардың сапалы меңгеруі үшін олардың қазақ тілінде сөйлеуге мүдделігін тудыратын мотивациялық сипаты басым тапсырмалар даралық, жұптық, топтық жұмыс түрінде қамтылды. Тілді ұтымды жұмсауға дағдыландыратын жаттығулар жағдаяттық тап- сырмалар, рөлдік, логикалық және дидактикалық ойын- дар түрінде сараланды. 5-сынып оқушысының жас ерек- шелігіне лайықталған тапсырмалар олардың өз білімін өзі бағалауына мүмкіндік береді. Бұл мұғалімнің шеберлігіне қарай оқушылардың білімін формативті бағалауға ықпал етеді.
Оқытудың инновациялық жүйесін зерделеген әдіскер-ғалымдардың пайымдауынша, «формативті бағалау — оқу үдерісіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының даму жолын бағалай отырып, мұғалімнің оны одан әрі жетілдірудің тетіктерін табуына жол ашатын бір- ден-бір бағалау жүйесі». Мұнда оқушы өзін-өзі бағалауға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Сөйтіп оқушы алғаш мұғалімнің жетекшілігімен өз әрекетін жоспарлай оты- рып, кейіннен өз бетінше әрекет етуге, шешім қабылдауға, ойын дәлелді жеткізуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушының рефлексивтік машықтарының жетілуіне жол ашады. Ал суммативтік бағалауды мұғалім тоқсандық, жылдық қорытынды бақылау кезінде қолданады. Сумма- тивтік бағалау оқушының белгіленген уақыт аралығында жинақтаған білім, білік, дағдыларын тест тапсырма- лары, жазба жұмыс түрлері және т.б. арқылы тексеру нәтижесінде жүргізіледі.
Негізгі сатыда формативті бағалаудың «Жалпы сұрақ»,
«Шағын шолу», «Білемін/Білгім келеді/Не білдім» страте- гиясы, «Жеке әңгіме», «Баспалдақ», «Ішкі және сыртқы шеңбер» және т.б. тиімді тәсілдер қолданылса, олар оқу- шылардың пәнге қызығушылығын оятады, өз әрекетін өзі бағалауға төселдіреді.
«Жалпы сұрақ» бойынша мұғалім модульдік тақы- рыптарды жинақтап, оқушылармен кері байланыс жасай- ды. Оларға түрлі сұрақтар қояды.
«Баспалдақ» — оқушылардың тапсырманы я өтілген материалды қалай меңгергенін анықтайтын бағалау тәсілі. Мұғалім алдымен оқушыларға параққа салынған баспалдақтың суретін таратады. Оқушылар өзінің білімін бағалау үшін баспалдақ басқышының біреуін таңдайды. 8-10
—
аралығындағы
басқыш
—
«5»,
5-7
—
аралығындағы басқыш — «4», ал 1-4 — аралығындағы басқыш — «3» де- ген бағаны білдіреді. Бұл тәсіл оқушылардың оқу мате- риалын қалай меңгергендіктерін анықтауға көмектеседі. Ал оқушылар өзінің материалды қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін біледі, өз білімдерін бағалауға мүмкіндік
алады.
«Шағын шолу» — күнделікті сабақ барысында 1 минуттық уақыт аясында балалардың не түсінгенін білу үшін жүргізілетін бақылау тәсілі. Қазақ тілі сабағында сол күнгі өткен жаңа сөздерді жаздыру үшін әр балаға парақша ұсынылады. Оқушы есінде қалған сөздерді жа- зады. Сол арқылы өз білімін өзі бағалауға мүмкіндік ала- ды.
«Жеке әңгіме» тәсілін сабақ барысында тілді меңгеру қабілеті төмен немесе енжар балалармен саралап қолданған тиімді. Бұл мұғалім мен оқушының арасында түсіністіктің тууына, баланың өзіне және мұғалімге де-
ген сенімділігінің артуына ықпал ететін, психологиялық жағынан ұтымды тәсіл болып саналады. Өзге тілді меңгертуде оның маңызы зор. Ескеретін мәселе – бұл тәсілді мұғалім оқушының қиындықтан жол тауып шығуына көмектесу мақсатында орынды қолдануы шарт.
«Ішкі және сыртқы шеңбер» — оқушылардың өтілген тақырыпты меңгеру деңгейлерін өзара бағалауды жүзеге асыратын тәсіл. Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер түзіп тұрады да, бір-біріне сұрақ қояды. Ішкі шеңбердегі балалар жылжып орын ауыстырып, жұптар өзгеріп отырады.
Мұғалім кітабында оқушылардың білімін бағалаудың жалпыға ортақ үлгісі берілген. Оны өз қалауыңызбен оқыту мақсатыңызға сай өзгертіп немесе жетілдіріп пайдалануыңызға болады.
Сабақта Сіздің тәжірибеңіз бен кәсіби шеберлігіңізге қарай жаңа әдіс-тәсілдер қосылып, оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмалар да, амал-тәсілдер де үнемі дамытылып отырғаны жөн. Мұғалім кітабында беріліп отырған әдістемелік нұсқаулықтар Сіздің ізденісіңізге жол ашу, бағыт-бағдар беру мақсатынан туындап отыр.
Іске сәт, әріптес!