бет 12/82 Дата 22.12.2019 өлшемі 1.26 Mb. #447743
5 сынып Көкжиек ҚМЖ 5-сынып. Мұғалім кітабы
№
Оқушының аты- жөні
Баға
1
Айқын
5
2
Айша
5
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
VI. Үйге тапсырма
Қазақша баталар жаттау.
VII. Рефлексия
Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.
11-12-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Әкеліңіз, көмектесейін!
Білімділік:
Сабақ барысында сөйлесім әрекетінің негізінде үлкендерге көмек туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту, Сөйлесімге баулу.
Тәрбиелік:
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушылардың бойында үлкенге құрмет сезімін қалыптастыру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша үлкенге құрмет көрсету жөнінде жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрады , достарымен сөйлеседі.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді Сөйлесім бары- сында тиімді қолдана алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады.
Жаңа сөздер:
Сыпайылық апарысу/әкелісу, тәрбие, алғыс айту.
Сабақта қолданылатын матери- алдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, отбасы мүшелерінің сурет- тері, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, кластер, диа- лог, жұптық жұмыс, «Қызықты суреттер» тәсілі, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
26
1-тақырып. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.
Өткен сабақты тек- серу
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды , түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан үлкендерге құрмет көрсетуге қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды.
Сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды , қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1, 2-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Диаграмманы толтырады, мәтін құрап жазады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Айтылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындата- ды.
Оқылым. Айтылым.
Мәтінді оқиды, тақырып қояды, түсінгеніні айтады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
Б)
Жазылым. Мәтінде
гі қою қаріппен берілген сөздердің аудармасын дәптеріне жазады.
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
4. Сергіту сәті. «Қызықты суреттер» тәсілі бойынша әр жұпқа отбасы мүшелері суреттерінің бөліктерін таратып береді.
Жұптық жұмыс. Әр жұп бөліктерді құрастырады, сипаттайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 7, 8-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Кластер толтырады, көп нүк
тенің орнына жақша ішіндегі жалғаулар
дың тиістісін қойып жазады.
ІІІ. Ой толғаныс
Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Тілдесім. Досымен диалог құрады.
IV. Бекіту
Жеке жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, пікірін дәлелдейді.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.
27
Достарыңызбен бөлісу: