бет 22/82 Дата 22.12.2019 өлшемі 1.26 Mb. #447743
5 сынып Көкжиек ҚМЖ
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқа- ғаздарға жазып , тақтаға іледі.
3-4-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Қызғалдақты сақтайық!
Білімділік:
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде оқушыларды өсім- діктер әлемі жайлы ақпарат бере білуге машықтандыру.
Дамытушылық:
Сөйлесім әрекеті негізінде оқушылардың қазақша тілін дамыту.
Тәрбиелік:
Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушыларды өсімдіктер әлемін аялай білуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде өсімдіктер жайлы ақпарат береді, өзінің қандай гүлдерді ұнататынын айтады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы өсімдіктер әлемін, гүлдерді сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен гүлдер жайлы, оларды қалай күтуге болатындығы жөнінде қазақша тілдесе алады, қосымша мәліметтер береді.
Жаңа сөздер:
Талас, көпжылдық.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, «Өсімдіктер әлемі» деректі фильмі, А4 парағы, Қазақстанның картасы, тақырыпқа қатысты гүлдердің суреттері, гүл шоқтары.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, кластер, топтық жұмыс, фото- коллаж, ойбөліс, «Жеке әңгіме» техникасы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.
Оқушылар сәлемдеседі, бір-бірі- не жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Өткен сабақты тексеру
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
46
3-тақырып. Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Өсімдіктер әлемі» деректі фильмінен үзінді көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер өсімдіктер әлемі жайлы не білесіңдер? Қандай гүлдер ұнатасыңдар?
Деректі фильмді көреді , сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Олар- ды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз- ша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Жазылым. Айтылым. Сауатты жазуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Айтылым. Сөздерді сурет- пен сәйкестендіреді, орыс тіліндегі баламасын жазады , сөйлем құрап айтады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2,
3-тапсырманы орындатады, оқушыларға таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Жазылым. «Таңғажайып Қазақстан» тақырыбына шағын мәтін құрап жазады, кластер құрады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды , ат қояды, түсінгенін айтады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 6-тапсыр- маны орындатады.
Жазылым. Мәтіннен тіркесті сөздерді тауып жазады.
4. Сергіту сәті. «Біздің ауланың гүлзары» тақырыбында фотоколлаж жасауларын сұрайды.
Топтық жұмыс. Гүлдердің суреттері- нен фотоколлаж жасайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптас- тыру үшін 7-тапсырманы орындатады.
Тілдесім. Диалог құрады.
ІІІ. Ой толғаныс
Жеке жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Ғаламтордан қызғалдақтар туралы ақпараттарды жинайды , шетелдік досына Қазақ- стандағы қызғалдақтардың ерек- шелігі туралы хат жазады.
IV. Бекіту
Жұптық жұмыс. Ойбөліс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Сөйлесім. Сыныптасымен кімге қандай гүл сыйлау керектігі жайын- да тілдеседі.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушы-лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тап- сырма
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып , тақтаға іледі.
47
Достарыңызбен бөлісу: