бет 24/82 Дата 22.12.2019 өлшемі 1.26 Mb. #447743
5 сынып Көкжиек ҚМЖ
7-8 сабақ
Сабақ тақырыбы:
«Қазақстан барысы» (мультфильм негізінде).
Білімділік:
Қазақ тіліндегі танымдық ақпараттардың негізінде оқушыларға қазақша күрес жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтық минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту, Сөйлесімге баулу.
Тәрбиелік:
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушылардың бойында ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде қазақша күрес жайлы ақпарат береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша күрестен өткізілетін сайыс туралы өз ойын айтады, сыныптастарымен тілдеседі.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты диалог, шағын мәтін құрай алады.
Жаңа сөздер:
Барыс, қабан, аяқтан шалу, ептілік, төзімділік, арқар, борсық, мүйізтұмсық, жариялау, ақыру, ырыл- дау, жыртқыш, алдау.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, «Қазақстан барысы» мультфильмі, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, тақырыпқа қатысты буклеттер, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сипаттау , «Оймоншақ» ойыны, «Шаттық шеңбері» тренингі, жұптық, топтық жұмыстар,
«Жағымды сөздер» тәсілі.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі , жоқ оқушыларды түгендейді.
Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір- біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақты тек- серу
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында мақсатында «Қазақстан барысы» мультфильмі- нен үзінді көрсетеді, сұрақтар қояды:
— Балалар, қазақша күрес жайлы не білесіңдер?
Мультфильмді көреді, сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
50
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
Айтылым.
Сурет бойынша әңгімелейді.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Тапсырманың шартын орындайды.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым.
Оқылым. Мәтінді оқиды , сұрақтарға жауап береді.
Ә) Оқылым. Оқулықтағы 4, 7-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Мәтінді оқиды, қандай аң екенін айтады.
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 5, 6-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Сұраққа жауап береді, сөйлем құрайды, аңды сипаттап айтады.
4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады.
Топтық жұмыс. А4 парағына «Қа- зақстан барысы» сайысының суретін салады, сипат
тайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Әр сұрақ
қа үш нұсқаның ішінен дұрыс жауап ты тауып айтады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 10-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Сөздерді пайдаланып , мәтін құрайды.
ІІІ. Ой толғаныс
Топтық жұмыс. «Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады (оқулықтағы 11-тапсырма).
Тілдесім. Әр оқушы бір сөйлемнен айтады. Тапсырманың шарты бойын- ша сөйлемдер арасында логикалық байланыс болуы керек.
IV. Бекіту
Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Айтылым.
Жұмбақтарды кезекпен оқиды, жау- абын айтады.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім, сыныптас- тары тарапынан ай-тылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады.
Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
51
Достарыңызбен бөлісу: