Ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Дата11.07.2016
өлшемі212.04 Kb.
#190734
түріРабочая программа
Рабочая программа Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Әдебиет теориясы» пәні бойынша 050117-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар




Лист утверждения к рабочей Форма

программе дисциплины, Ф СО ПГУ 7.18.1/06

разработанной на основании

государственного

общеобязательного стандарта

образования специальности и

типовой программы

БЕКІТІЛДІ

ОІ жµніндегі проректоры

________________ Н.Э. Пфейфер

«___»_____________2008ж.
Құрастырушы: ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіпов__________


Қазақ филологиясы кафедрасы




«Әдебиет теориясы» пәні бойынша




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы 050117-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 3.08.02-2004 Мемлекеттік стандарты және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 11 мамыр №289 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген типтік бағдарламасы негізінде дайындалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды. «___»_________________2008ж.

№_____хаттама.


Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп


Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2008 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2008 ж.



жәқб МАҚҰЛДАДЫ

ЖәқБ бастығы______________Л.Т.Головерина «____»____________2008 ж

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.


Пәнді оқыту мақсаты:

«Әдебиет теориясы» бұрын өтілетін «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.


Пәннің міндеттері:

Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмысын, эстетикалық ойдың даму кезеңдерін, әдебиет теориясының методологиясын, мектептерін, қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдарды, қазақ әдебиеті ғылымындағы эстетика мен теория мәселелерін, көркем әдебиеттің табиғатын, автор, кейіпкер, шығарма, шығармашылық әлемін, әдеби тек, жанр, әдеби процесс, стиль мәселелерін, заңдылықтарын даму сипатын, қағидаларын ұғындыру.


Студенттер білуі тиіс:

Әдебиеттану білімінің теориялық аспектілерін, мәтінді кешенді түрде зерттеу машықтарын білуі керек.


Студенттер істей білуі тиіс:

Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.


2 Пререквезиттер:

- Әдебиеттануға кіріспе.

- Мәдениеттану.

- Қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы.




Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

ҚТӘ-41

ҚТӘ-31қ

Дәріс

Тәж

СӨЖ

Дәріс

Тәж

СӨЖО

СӨЖ


1

Кіріспе. Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселелері.

2

2

5

2

2

5

2

Өнердегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері.

2

2

5

1

2

6

3

Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі.

2

2

5

1

2

6

4

Сюжет пен фабула мәселесі. Композиция.

2

2

5

1

2

6

5

Әдебиеттің тектері мен түрлері. Әдеби жанрлар теориясы.

2

2

5

1

2

6

6

Әдеби процесс. Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі.

2

2

5

2

2

5

7

Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. әдеби мектеп.

2

2

5

2

2

5

8

Батыс Еуропа эстетикасы тарихынан (ХҮІІ-ХҮІІІғғ.). Классицизм эстетикасы.

2

2

5

2

2

5

9

ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы.

2

2

5

2

2

5

10

Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар.

2

2

5

2

2

5




Барлығы:

20

20

50

16

20

54

3.2 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Кіріспе. Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселелері.

Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері. Оның негізінен көркем әдебиеттің өнер ретіндегі өзіндік ерекшеліктері мен көркемдік-идеялық мәнін, қоғамдық сипатын, даму заңдылықтары мен көркем туындыны бағалау, талдау принциптерін зерттеп анықтайтын ғылым екендігі. Әдебиет теориясының әдебиеттану ғылымындағы жетекші сала екендігі, оның мәнісі. Әдебиет теориясының эстетика, өнер теориясы, философия, тіл білімі т.б. ғылымдарымен байланысы.

Өнердің бір түрі ретіндегі сөз өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Сөз өнерінің образдық-суреттілік табиғаты, мұның әдебиеттің басты ерекшелігі екендігі. «Образ» ұғымының сөз сипатына, сөзбен сурет салу яғни көркемдікке және әдебиеттегі көркем бейнеге қатысты мағына-мәні.

Көркем образдың нақтылық, жалпылық қырлары, олардың бірлігі. Көркем образдың тарихи жағдайға, ортаға тәуелділігі.


2-тақырып. Өнердегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері.

Өнердегі типтілік мәселесі. Бұл жайлы түсініктер. Өмірдегі типтік көрініс-құбылыстар және олардың өнер үшін мән-маңызы.

Типтендіру өнердің басты заңдылығы екендігі. Бұл жайлы Гегель, Белинский толғамдары.

Типтендіру түрлері, ерекшеліктері. Типтендірудің нақтылы кезең шындығына, тарихи жағдайға қатыстылығы.

Типтік бейне ерекшелігі. Энгельс типтік жағдайлар мен типтік характерлердің бірлігі жайлы.

Типтілік пен көркемдік шарттары. Классикалық әдеби типтер және олардың қоғамдық-әлеуметтік негіздері, көркемдік-танымдық маңызы.


3-тақырып. Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі.

Әдеби шығарма – көркемдік әлемі. Көркемдік ұғымы, көркемдік шарттары, оның мазмұн мен пішін мәселесіне тікелей қатыстылығы.

Өнер туындысының мазмұны мен пішіні, олардың өзара бірлігі. Туындыны пішін мен мазмұн бірлігі тұрғысынан қарастыру реалистік эстетиканың негізгі пинципі екендігі.

Мазмұн мен пішіннің элементтері.

Мазмұн мен пішіннің бірлігі жайлы түрлі толғамдар. Жаңа мазмұн – жаңа пішін.
4-тақырып. Сюжет пен фабула мәселесі. Композиция.

Көркем шығармадағы сюжет мәселесі. Сюжеттің атқаратын басты көркемдік-идеялық функциясы. Сюжет пен фабула туралы ой-пікірлер (Аристотель, Гегель, Веселовский, Потебня, Шкловский, Томашевский, Горький, Ревякин т.б.).

Қазіргі әдебиеттану ғылымында негізінен «сюжет» терминін қолдану басымдығы, себебі. Сюжеттің автор дүниетанымы мен идеяға қатыстылығы. Сюжеттің ХІХ ғасырдағы, ХХ ғасырдағы анықтамалары.

Сюжет түрлері, сюжеттік желілер. Сюжет пен көркем тартыс. Тартыс түрлері. Тартыстың характерді таныту, даралау тәсілі екендігі. Гегель, Белинский тартыс, коллизия туралы. Қазақ әдебиетіндегі сюжет түрлері. Композициялық бүтіндік мәселесі.


5-тақырып. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Әдеби жанрлар теориясы.

Әдебиетті текке, түрлерге бөлу-жіктеу принциптері (Аристотель, Гегель, Белинский, Байтұрсынов). «Тек», «Түр», «Жанр» терминдерінің мағына-мәні, қолданылу аясы. Жанрдың тарихи категория екендігі. Эпостық тек- эпикалық бейнелеу тәсілінің ерекшеліктері, эпикалық жанрлар.

Роман жанры теориясы. Роман – эпопеяның жанрлық табиғаты.

Лирикалық жанрлар. Лирикалық туындылардағы ішкі ғалам сыры, субъектілік сипат. Ода, элегия, сатиралық лирика т.б. тән жанрлық ерекшеліктер.

Драмалық жанрлар ерекшелігі. Трагедиядағы қасірет, комедиядағы күлкі, драмадағы тұрмыстық жайлар сыры. Аралас жанрлар табиғаты.
6-тақырып. Әдеби процесс. Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі. Әдеби процесс - әдеби даму. Көркемдік даму заңдылықтары. Адамзат мәдениетіндегі сабақтастық. Әдеби даму және дәстүр жалғастығы. Дәстүр жалғастығының үш тұрғыда көрінуі. Дәстүр ұғымының үздік, дара суреткердің сөз өнеріндегі айрықша көркемдік жетістік- тағылымы екендігі. Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі. Дәстүрлі шығармашылық пен игерудің жаңашылдыққа әкелетіндігі, ал жаңашылдықтың негізінде жаңа дәстүр туындайтындығы.

Төл әдебиетіміздегі көркемдік дәстүрлер, олардың сөз өнерінің дамып, өсуіндегі мән-маңызы.

Абай дәстүрі мен және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығы. Әуезовтың тарихи роман дәстүрі. Әлемдік әдебиет дамуындағы озық дәстүрлер ықпалы. Дәстүрдің маңызын мойындамайтын көзқарастарға сын.
7-тақырып. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. әдеби мектеп.

Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі. Көркемдік әдіс туралы толғамдар тарихына шолу. Белинский реалды және идеалды поэзия туралы. Реализмнің ерекшелігі жайлы. Энгельс, Плеханов пікірлері. Кеңестік әдебиеттанудағы көркемдік әдіс мәселесі.

Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар. Көркемдік әдістер арасындағы байланыс-сабақтастық.

Әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп әдеби дамудың формалары екендігі, әдеби процестегі орны, байланыстылығы.

Әдеби мектептің үздік суреткердің жаңашылдық дәстүрінің тікелей шығармашылық ықпал-әсерімен қалыптасатындығы. Орыс және қазақ әдебиетіндегі әдеби мектептер.

8-тақырып. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. әдеби мектеп.

ХҮІІ ғасырдағы Батыс Еуропаның бірсыпыра елдерінде орнаға абсолюттік монархиялық ел билеу жүйесі. Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы. Классицизм эстетикасының көне грек өнері мен қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен байланысы, нормативтік сипаты. Өнер мұратын жоғары қауымның мүддесімен ұштастыруы, шектеулілігі.


9-тақырып. ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы.

ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы өкілдерінің өнер, әдебиет жайлы толғамдары. Ағартушылық реализмнің дамуы. Қоғам өмірінде өнер, білім ғылымның кеңінен насихатталуы.

Ағартушылық эстетикасының классицизмнің нормативтік, сословиелік шектеуліліктерін т.б. қайшылықты жақтарын батыл сынауы.

Д.Дидроның, И.Гердердің, Лессингтің еңбектеріндегі өнердің бұқаралығы, өмірмен байланысын күшейту, шынайылығы т.б. озық ой-толғамдар.

Лессингтің «Лаоокон...» еңбегінің маңызы. Ағартушылық дәуір эстетикасының озық және әлсіз жақтары. Г.В.Гегель эстетикасындағы қайшылықты және құнды пайымдаулар.
10-тақырып. Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар.

ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт-ағымдар. Олардың пайда болу себебі, мақсаты, адамды, өмірді нақтылы суреттеуден бас тартуы. Реализмге қарама-қарсылығы. Маринетти, А.Бретон, Хосе Ортега-и-Гассет тағы басқалары модернистік өнердің мақсат-міндеті, ерекшелігі. Модернистік әдебиет түрлері (экзистенциализм, абстакционизм, символизм, сюрреализм, футуризм т.б.) өкілдері.

Модернистік бағыттағы туындылар үлгілеріндегі пішін тұрғысындағы, адамның ішкі әлемін танытудағы кейбір көркемдік жетістіктер.
3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны.

1-тақырып. Кіріспе. Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмыс, табиғаты.

Әдебиет теориясының зерттеу аялары мен проблемалары. Әдебиет теориясы және фольклортану. Әдебиет теориясы және эстетика. Әдебиет ғылымының салалары. Әдебиет теориясы және мәдениеттану. Әдебиет теориясы және тарих. Әдебиеттану мен өнертану ұстанымдары. Тіл білімі және әдебиеттану. Әдебиеттану және стилистика.



2-тақырып. Эстетикалық ойдың даму кезеңдері. Әдебиет теориясы мен эстетикалық ерте кезеңі.

Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері. Пифогоршылардың эстетикасы. Гераклит және қарама-қарсылықтардың бірлігі. Демокрит мәңгілік қозғалыс туралы. Сократ сұлулық пен сана туралы. Платонның эстетикасы. Аристотель және табиғатқа еліктеу ілімі. Гораций Флакк эстетикасының ерекшелігі.



3-тақырып. Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы

Аврелий Августин және абсолюттік сұлулық. Фома Аквинский және әсемдіктің объективті сипаты. Ұлттық эстетиканың көне дәуірдегі және орта ғасырдағы белгілер. әл-Фараби және өнер түрлері. Ояну дәуірінің эстетикалық мұраты. Ояну дәуіріндегі поэтика ұғымы.



4-тақырып. Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы.

Классицизм эстетикасы. Дидро мен Лессингтің идеялары. И.Гердердің эстетикасындағы бағалау өлшемдері. Дауыл мен қысым эстетикасы. И.Кант эстетикалық талғам туралы Романтиктер және ағартушылық идея. Г.В.Гегельдің диалектикасы. Г.В.Гегель және абсолюттік идея. Г.В.Гегель және өнердің даму кезеңдері. А.Шопенгауэрдің өмір философиясы. С.Къеркегор және эстетикалық экзистенция. Ф.Нище және құдіретке еріктілік эстетикасы.



5-тақырып. Халықшылдық эстетикасы.

Материалистік эстетика ұстанымдары. Орыс ойшыл-демократтарының эстетикалық көзқарасы. В.Плеханов пен А.Луначарскийдің өнер, әдебиеттің мәні туралы.



6-тақырып. Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер.

Әдебиеттанудағы мифологиялық мектеп. Тарихи-мәдени мектеп. Компративизм мектебі. Әдебиеттанудағы психологиялық мектеп. Интуитивизм мектебі. Әдебиеттану және фрейдизм.

7-тақырып. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар.

Формализмнің теориялық ұстанымы. Тұрпайы социологизм ағымы. Структурализм эстетикасы. М.Бахтин еңбектерінің ғылыми маңызы. К.Юнгтың еңбектері.



8-тақырып. Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселесі.

Фольклор және әсемдік. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абайдың эстетикалық көзқарасы. Әдебиет теориясы туралы оқу құралдары.



9-тақырып. Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі. Әдебиет және эстетикалық категориялар

Әсемдік пен ажарлылық. Асқақтық сезім сипаты. Қаһарман туралы ұғым. Трагедиялық сезім мазмұны. Келеңсіздіктің табиғи, әлеуметтік шарттары. Күлкі және сұрқайлық



10-тақырып. Көркем әдебиеттің ерекшелігі.

Ғылым және әдебиет. Сөздің бейнелік қасиеті. Өнер және әдебиет. Шығармадағы көркемдік кеңістіктің композициялық амал-тәсілдер арқылы берілу ерекшелігі.


3.4 С¤Ж мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚТӘ-41


Сағат көлемі

ҚТӘ-31 (қ)



1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

10(0,5х20)

8(0,5х16)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

10(0,5х20)

10(0,5х20)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

12

15

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

12

15

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

6

6




Барлығы







50

54


Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1. Әдебиет теориясы және эстетика. Әдебиет пен өнердегі сұлулық пен әсемдік мұраттары. Әдебиеттің көркемдік мәні. Әдебиеттің қоғамдық мәні. Әдебиеттің тәрбиелік мәні.

¦сынылатын єдебиет: [2], бет, [7],беттер, [12], беттер, [32], беттер.

2. Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштер және эстетика. Антикалық дәуір эстетикасы. Платонның өнер мен әдебиет теориясына қатысты тұжырымдары. Соңғы классика дәуірі және Аристотель. «Поэтика» еңбегінің құндылығы.

¦сынылатын єдебиет: [3], бет, [12],беттер, [24]беттер, [26],беттер, [29]беттер.

3. Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы. Ерте орта ғасыр және Аврелий Августиннің абсолютті сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома Аквинскийдің әсемдік туралы тұжырымдары. Ұлттық эстетиканың алғашқы көздері. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. VI-IX ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралар және эстетика туралы ой-тұжырымдар. X-XII ғасырлар әдебиетінің құндылығы. Әбунасыр әл-Фараби және әдебиет әлемі.

¦сынылатын єдебиет: [12], 3-50 бет, [30], 5-40 беттер, [32], 3-30 беттер.

4. Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңі. Классицизм эстетикасы. Дидро мен Лессинг, И.Гердердің эстетикасы. И.Кант және эстетикалық талғам. Г.В.Гегельдің өнер туралы қағидалары. Орыс ойшыл-демократтары және сұлулық, әдемілік туралы ой-тұжырымдары.

¦сынылатын єдебиет: [12], 3-30 бет, [24], 3-50 беттер, [28], 3-17 беттер.

5. Шығармашылық тұлға категориясының эстетикалық мәні және теориялық негіздері. Автор-көркем шығармадағы авторитет тұлға. Көркем шығарманы тудырудағы автордың бірегей болмысы.

¦сынылатын єдебиет: [5], 3-25 бет, [9], 5-100 беттер, [19], 5-56 беттер, [28],17-73 беттер.

6. Шығармашылық процестегі ойлау табиғаты мен «бейсаналық». Суреткер санасындағы эстетикалық дарашылдық..

¦сынылатын єдебиет: [1], 5-50 бет, [6], 3-60 беттер, [20], 3-135 беттер, [22], 5-25 беттер, [28], 73-86 беттер.

7. Авторлық субъективизм және қаһарман болмысы. Тип және әлеуметтік характердің ашылуы. Талдауға: С.Мұратбековтың «Жусан исі» повесі. Ж.Қорғасбектің «Өлі көл», «Қасқыр адам» повесі, «Жансебіл», «Үрей» әңгімелері. Р.Мұқанова «Тұл», «Мәңгілік бала бейнесі», «Мұқағали» әңгімелері.

¦сынылатын єдебиет: [11], 5-100 бет, [13], 5-80 беттер, [28], 87-237 беттер.

8. Эстетикалық әлемдегі авторлық позиция. Астарлы позиция және оның жүзеге асу жолдары. Көпқырлы позицияның көркем мазмұнға ықпалы. Талдауға: С.Сматаев «Елім-ай» дилогиясы, Ә.Кекілбаев «Үркер» романы.

¦сынылатын єдебиет: [10],100-150 бет, [22], 5-70 беттер, [28], 299-466 беттер.

9. Жанр табиғаты. Әдебиет теориясы ғылымында жанр туралы ғалымдардың көзқарастары. Роман. Қазақ әдебиетінде роман жанрының ттуу, қалыптасуы. Повестің романнан айырмашылығы. Әңгіме мен новелланың ұқсастығы мен айырмашылығы. С.Ерубаев новеллары. Поэма. Сюжетті, сюжеттсіз поэмалардың жанрлық сипаты. Лирика жанрлары. Баллада жазу дәстүрі. Драма: трагедия, комедия, трагикомедия.

¦сынылатын єдебиет: [4], 3-70 бет, [14], 3-100 беттер, [15], 3-50 беттер, [16], 3-96 беттер, [18], 5-120 беттер, [21], 3-135 беттер, [23], 5-100 беттер.

10. Әдеби қозғалыс. Көркемдік әдіс және бейнелілік. Стиль және бейнелілік. Сөз және стиль.

¦сынылатын єдебиет: [8], 3-20 бет, [17],3-376 беттер, [25], 5-35 беттер, [27], 5- 100 беттер, [31], 3-120 беттер.



Реферат тақырыптары.

  1. Өнердегі типтілік мәселесі.

  2. Сюжеттік желілер.

  3. Мазмұн мен пішін бірлігі – көркемдік шарты.

  4. Гегель лирика туралы («Эстетика» еңбегі негізінде)

  5. Алғашқы қазақ драматургиясы үлгілері мен ауыз әдебиет дәстүрі.

  6. Сюжет пен тартыс мәселесі.

  7. Абайдың ақындық мектебі.

  8. Орыс классицизмінің өзіндік ерекшеліктері.

  9. Ортего мен Гассет – модернистік өнер теоретигі.

  10. Дүниетаным – көркемдік әдісті айқындайтын басты фактор.


Выписка из рабочего Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10

специальности(ей)




050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандыќтарыныњ оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме

Пәннің атауы Әдебиет теориясы


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Күндізгі

ЖОБ негізін

де


8
















90

40

50

7-семестр

8- семестр

























Күндізгі

ОКБ


негізінде

6
















90

36

54

5-семестр

6-семестр













16

20




54

Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Атымов М. Идея және композиция. –А., 1970.

  2. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. –А., 1986.

  3. Байтұрсынов А. Шығармалары. –А.,1989.

  4. Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов- драматург. –А.,1982.

  5. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. –А.,1991.

  6. Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. –А., 1997.

  7. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. –А.,1964.

  8. Жұмалиев Қ. Стиль- өнер ерекшелігі. –А., 1996.

  9. Ысмайлов Е. Ақындар. –А.,1956.

  10. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. –А.,1994.

  11. Кенжебаев Б. Шындық пен шеберлік. –А.,1986.

  12. Қабдолов З. Сөз өнері. –А., 1992.

  13. Қаратаев М.Эпостан эпопеяға.- А.,1969.

  14. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А.,1984.

  15. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. –А.,1996.

  16. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Өлең-сөздің патшасы. –А.,1992.

  17. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік.

  18. Нұрғалиев Р. Айдын. –А.,1985.

  19. Нұрқатов А. Идея және образ. –А.,1962.

  20. Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар.- А.,1968.

  21. Негімов С. Өлең өрімі. –А.,1981.

  22. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. –А.,1996.


Ќосымша єдебиеттер:

  1. Ахметов З. Казахское стихосложение. –А.,1969.

  2. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

  3. Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

  4. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

  5. Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

  6. Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

  7. Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

  8. Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

  9. Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

  10. Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет