ғажайып бейнесі ретінде көрініс береді. Аңызға адамның қоршаған ортадан өзін
алып шыға алмауы, құбылысты табиғи себептермен түсіндіре алмауы тән. Діни
таным болса, ол дүниетанымның
бір формасы бола тұра, шешуші дәрежеде
адамның өмірі мен оны қоршаған дүниеге өсер ететін, табиғаттан жоғары,
ғажайып күштердің бар екендігін негізге алады. Дін мынадай негізгі мәселелерді
зерттейді: әлемнің пайда болуы; табиғи құбылыстарды түсіндіру; адамның өмірі,
тағдыры, өлімі; адамның қызметі және оның жетістіктері, адамдық парыз, мораль
және адамгершілік мәселелері. Дін қабылдаудың бейнелік- эмоциялық, сезімдік-
көрнекілік формаларына сүйенеді. Сенуші адам
шынайы эмоциямен Құдайды
өзінше "көреді" және діни бағыттардың ерекшелігіне байланысты түрлі суреттерді
елестетіп, жан күйзелісін басынан кешіреді. Негізгі дүниежүзілік үш — ислам,
христиан, буддизм діндері мен синтоизм, индуизм сияқты ұлттық діни жүйелер
бар. Діни таным, нағыздықтың ғажайып бейнеленуі бола тұра, ол туралы белгілі
бір білімдерді жинақтайды. Мысалы, Інжіл мен Құранда діни білімдермен қоса,
ғасырлар бойы адамдардың көптеген ұрпақтары жинақтаған өзге білімдер де бар.
Сонымен, аңыздар шеңберінде танымның бейнелік формасы пайда болған екен.
Бұдан әрі ол өнерде мейлінше дамыған сипат алды.
Өнер туындысының кез
келгенінің мазмұнында әрқашанда түрлі халықтар мен елдер, олардың ғұрыптары,
әдебі, тұрмысы, сезімдері, ойлары туралы мағлұматтар болады. Музыка, театр,
бейнелеу өнері көркем туындыларынан осыларды көруге болады. Бұл дегеніміз —
өнер адам танымының, оның дүниені игеру формаларының бірі екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: