Факультеті: Физика- техникалық Кафедрасы: Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы


Скептицизм (грекше skeptikos - ойланушы, зерттеуші) баяғыдан бері жалпы



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата08.04.2024
өлшемі498.51 Kb.
#497928
1   2   3   4   5   6   7   8
Философия СӨЖ3

Скептицизм (грекше skeptikos - ойланушы, зерттеуші) баяғыдан бері жалпы 
қабылданған, тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмән 
келтіреді

Әлемдік философияда нақты мәдени- тарихи жағдайға сай және дүниені 
философиялық тұрғыдан түсінудің негізгі жолдарына байланысты пайда болған 
скептицизмнің әр түрлі формалары бар. Скептицизмәдетте ғылымдағы, таным 
процесіндегі күрделі бетбұрыстар, теориялық нұсқамалардың (парадигмалардың) 
өзгеруі тұсында пайда болды. Скептицизм негізінен ғылым саласында, таным 
процесінде орын алатын ұстаным, сонымен бірге оның белгілі бір арнаулы 
өмірлік, тұлғалық ұстаным ретінде де маңызы бар. Парасатты адам кез келген 
мағлұматты, пікірді, идеяларды көзжұмбайлықпен жай қабылдай бермейді, ой 
елегінен өткізеді, сынайды, күдіктенеді. Скептицизмнің орын алу себебі: таным — 
танылатын затқа, құбылыс — мәнге, сөз — іске, теория — шындыққа сәйкес келе 
бермейді, олардың арасында алшақтық болады. 
Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, 
ұғымдардың шарттылығы ой-пікірі адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан 
жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Ертедегі 
скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем, т.б.) бізге еңбектері жеткені 


Секст Эмприк (200 — 250).Скептицизмнің мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына 
жағдайды көз алдыңызға келтіріңіз:көптеген асыл заттары бар үйден түнде 
адамдар алтын іздеп жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да 
алтын тапса да, тапқаны алтын екенін білмейді. Сол сияқты философтар да кең үй 
сияқты осы дүниеге ақиқатты табу үшін енеді; егер де олар ақиқатты тапса да 
тапқаны шынында да ақиқат па? Мұны біле алмайды”. 
Қайта өрлеу дәуірінде скептицизм принципі ортағасырлық догматтық ойлау
схоластиканы жоққа шығару бағытында болды. Француз философы Рене Декарт 
(1596 — 1650) скептицизмді жаңа заман философиясының және ғылымының 
негізін қалау ісінде шығарм. тәсіл ретінде пайдаланып, дүниені ойлау арқылы 
танып білуге болатынын паш еткен әйгілі қағидасын ұсынды: “Ойлаймын, демек 
өмір сүремін”. Скептицизм құбылыстарға, болып жатқан процестерге, оқиғаларға 
сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады. Бірақ күдіктенумен шектелмей, ойлану, 
іздену, танып білу, түсіну арқылы күдіктерді жеңе біліп, күмәннан арылу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет