Таным түсінігі, сипаты, түсініктері.
Таным теориясы танымдық ic-әрекет заңдары мен заңдылықтарын зерттейді.
Философия тарихында әрдайыморталық орындардың бipiн философияның
құрамдас бөліктері-гносеология немесе таным теориясы аясында шешілетін
таным проблемалары алып келеді. Әлемді тану мүмкіндіктері және оның заңдары
туралы мәселені философилық шешу тарихи өзгеріп отырды, онда әрбір тарихи
дәуірде жекелеген ғылымдар жинақтаған дүние туралы білім деңгейі
көрінді.Философиялық білім араларында таным пpoцeci мазмұны анықталатын
танымның субъект және объектісін қарыстырады.
Таным дегеніміз ойдың объектіге мәңгі, шексіз жақындауы. Танымның объектісі болып шындықтын өзi немесе оның субъектіден тәуелсіз
тіршілік ететін үзіндісі болып табылады.
Объект–қандай да бір затқа бағытталған әрекет. Объект – субъект белсенділігі
сіңірілетін өpic.
Таным субъекттісі болып өз тарихи дамуындағы адам және адамзат болып
табылады. Субъект өзін объектімен байланыстырып, материалдық, мақсатқа
лайықты әрекетті тасушы ретінде көрінеді. Субъект — мақсатты болжап,
шындықтың өзгеруін жүзеге асыратын белсенді де, дербес тіршілік иесі. Алайда
объективті шындық та субъектінің өзімен белсенді танымдық қатынасқа таным
түсетіндіктен таным объектісі болады. Осынау ортақ бастау ережелер өздерін
ерекше түрде табиғи және әлеуметтік процестерін тану жағдайында көрсетеді.
Қоғамның өзі таным субъектісі болады нeмece оны қалыптастырады және ол
субъект ретінде өз бойына белгілі әлеуметтік құрылымдарға, олардың
құндылыктары мен мүдделеріне деген субъект мазмұнының элементтерін сіңіредi.
Сондықтан әлеуметтік танымда субъект объектіге айрықша қызығушылықпен,
тіпті құштарлықпен қарайды.
«Объектіні зерттеу оңашаландырылған акт eмec; ол сипатына құндылықтар мен
ұжымдық-бейсаналық жігерлі импульстер әсер ететінбелгілі көнтексте жүреді.
Танымда сезімдік және рационалдық танымның деңгейлері болады.