Факультеті: Физика- техникалық Кафедрасы: Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата08.04.2024
өлшемі498.51 Kb.
#497928
1   2   3   4   5   6   7   8
Философия СӨЖ3

Танымның 
сезімдік 
және 
рационалды 
жақтарының 
бipлiлi
– 
құбылыстүciнiгiнен мәң түciнуiнe өтy пpoцeci. Танымның бір кезенінен екінші 
кезеніне өтуді (әдеттегі де, ғылыми да танымда) сезімдік және рационалды білім 
арасындағы, одан сана мен тәжірибе арасындағы 
қайшылықтарды шешу 
арқылы 
сапалық секіруге ұқсатуға болады. 
Дүниеде бәрі қатынастылы дейтін қағида релятивизм деп аталады. 
Ақиқат құнды қасиет ретінде біздің біліміміздің мазмұнындағысубъектіден де, 
адамнан да, адамзаттан да тәуелсіз түciнiктep арқылы сипатталады. Ақиқат 
ойымыздың, біздің дүние туралы біліміміздің сол дүниеге, объективті шындыққа 
сәйкестігі ретінде анықталады. Ақиқатты тануда, процесс ретінде және 
адамзаттын ақиқатты толық Taнуғa ұмтылуы арасында қайшылық бар. Ол 
қайшылық екі түрлі: 
1) Көрінетін дүниенің өзi қайшылықты: шексіз, өзгермелі және сонымен бірге 
аяқталған, тұрақты заттардан тұрады; 
2) Ойлау қабілеті қайшылықты: ол өзінің танымдық қабілеті жағынан шексіз 
және сонымен бірге ол танымдық мүмкіндіктері тарихи шектеулі жекелеген 
адамдар, ұрпақтар арқылы жасалады. 
Танымның бұл қарама-қайшылығын 
абсолюттi және салыстьрмалы ақиқат 
түсінігі 
көрсетеді – бұлар диалектикалық бірліктеболатын ақиқат түciнiгiнiң түрлі 
қырлары. Ақиқат әрбір тарихи кезеңдеобъектіні тек өзгеріп отыратын белгілі 
деңгейде, жағдайда,қатынастарда көрсететіндіктен салыстырмалы. Бұл тұрғыда 
ол толықeмec, мөлшерлі, объектінің барлық мазмұны қамтымайды, алайда 
ондаәрдайым шындықтың, демек абсолютті білімнің элементтері болады. 
«Объективтік» термині субъект санасынан тәуелсіздікті білдіреді. 


Бірақсонымен бірге ақиқат көрсетілу түрі жағынан субъективті. Оның 
ғылымөрiсiнде 
дайындалуы 
сол 
теорияны 
қалыптастыратын 
адамдардыңерекшеліктеріне байланысты болады. 
Танымда абсолютті ақиқатқа жетумүмкіндігі туралы мәселе қойылады. 
Абсолютті ақиқатқа қол жетпейді,өйткені әлем шексіз және түпсіз. Абсолютті 
ақиқат ұстатпайды, ол қудаладаіы сағым секілді алға қарай арбап отырады. 
Ақиқаттың нақтылығы туралы сипаттамаға да әрбір жағдайды тұрақты түрде 
өзгеріп отыратыншарттармен сәйкестігі тұрғысынан қарап отыру талабынан сол 
көpiнicпeнбайланыстыруға болады. Біздің білімдеріміздің объективтілігін, 
олардыңадамнан және адамзаттан тәуелсіздігін дәлелдеу практикадажатқаның 
көрсету керек. Солайша, тeкcepy белгілері адам ойынан тыс,практикада жатады. 
Тәжірибе 
әрдайым 
тарихи 
жағынан 
нақты,идеяларды 
құралдарда 
материалдандыруы шектеулі, сондықтан оларды тексеру критерийлері ретінде 
салыстырмалы келеді. Таным менпрактиканың өзара әсерлілігі де тарихи 
құбылмалы. 
Ғасырлар бойы адамның ойы бөлініп келе жатқан мәселелердің бірі — 
"танымның қалай болатыны, дүниетаным ұстанымында дүние таныла ма?" деген 
сұрақтарға жауап алу. Бүл оңай сұрақ емес. Расында, әлем шексіз, ал адам 
шектеулі, тұйық, ол шектеулілік тәжірибесі шеңберінде шексізді біле ала ма? Бұл 
сұрақ түрлі формаларда үнемі философиялық ойдың серігі болып келе жатыр. Осы 
сұрақтың жауабына катысты философия тарихында үш негізгі түсінік бар; олар — 
'''скептицизм''', '''оптимизм''' ('''гностицизм''') және '''агностицизм'''. Гностицизмді 
жақтаушылар танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. 
Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз 
қабілеттік мүмкіндіктері бар. Скептиктер дүниенің ұстанымды танылуын жоққа 
шығармайды, тек танымның дәйектілігіне күмән келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет