Факультеті: Физика- техникалық Кафедрасы: Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы


Агностицизм[1] - (гр. ἄγνωστος - мойындамаушылық) –



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата08.04.2024
өлшемі498.51 Kb.
#497928
1   2   3   4   5   6   7   8
Философия СӨЖ3

Агностицизм[1] - (гр. ἄγνωστος - мойындамаушылық) –объективті әлемді, 
ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес 
етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде 
әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп 
есептейтін философиялық ілім.Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда 
ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Алайда 
ғалымның өзі жаратылыстанушы ретінде табанды агностик бола алмады. 
Агностицизмнің қайнар көздері - скептицизм, Зенонның апориялары. Д.Юм ілімі, 
И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады.Сонымен 
қатар,агностицизм (грекше a — емес, gnostos — білім) — дүниенің 
танылмайтындығы туралы ілім. Агностиктердің ұстанымы бойынша адам 
әлемді тек бөлшектеп қана таниды немесе мүлдем тани алмайды. Философияда 
алған бетінен қайтпайтын скептиктер мен агностиктер көп емес. Философия 
әрқашанда дұрыс танымға қызығушылар мен мүдделілердің ынтасын оятып, үнемі 
табиғат пен коғамның жаңа қырларын ашып келеді. Агностицизмге қарсы салмақ 
ретінде біздің санамыздың тәуелсіздігін негізге ала отырып, дүниенің ұстанымды 
түрде танылатынын жақтайтын танымдық оптимизмді құрайтын философиялық 
ағым бар. 
Сана- барлық өзге дүниеден тысқары емес, керісінше, оның 
дамуының заңды нәтижесі және ағзалық құрамды бөлігі.
 
Оптимизм философиясының негізіне дүниені ғылыми танудың және 
коғамдық тарихи практиканың барлық тәжірибесі кіреді. 
 
Скептицизмнің гнесеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми 
және қарапайым дүниетанымдағы маңызы
Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөлатқарады. 
Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де 
керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын 
күдік келтіру формасында көрініс береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге 
бастайтын жемісті нәтиже бере алады. Белгілі үнді ақыны Р.Тагордың ақылды 


шамға теңегені сияқты, жарың көп болған сайын көлеңке де қою. 
Ежелгі грек философы Зенон туралы данышпандық аңыз бар. Шәкірттері одан 
неге жиі күмәндана беретіні туралы сұрағанда, ол диаметрлері әр түрлі екі шеңбер 
сызып, алдымен үлкен шеңберді, соңынан кіші шеңберді көрсетіп тұрып былай 
деген екен: "Мынау үлкен шеңбер — менің білімім, кішісі — сендердікі. Ал 
шеңберден тыс жатқандардың бәрі белгісіз. Енді мынаған көңіл аударыңдар: 
сендердің 
білімдеріңнің 
белгісізбен 
шекараласуына 
қарағанда, 
менің 
білімдерімнің белгісізбен түйісуі көбірек. Сондықтан мен сендерге қарағанда 
көбірек күмәнданамын". 
Ақиқатқа бастайтын күдік, Л.Толстойдың пікірі бойынша, "философиялық 
қинайтын күдік" болуы керек. Өзге жағдайларда скептицизм арзандап кетеді және 
соқыр фанатизм болып шығады. Екінші жағынан, жоғарыда айтылған 
агностицизмге ұласып кетеді. Алайда абсолютті скептицизмді тұтастай 
танымның, ғылымның дамуы теріске шығарып отыр. 
Мысалы, XIX ғасырдың кейбір абсолютті скептиктері: "Адамзат ешқашан Күннің 
химиялық құрамын біле алмайды", — деген еді. Олар мұны мәлімдеп болғанша, 
спектрлік анализ Күннің құрамын айқындап берді. 
Жаңа құбылыстардың сырын танып білуде тағы да скептицизмге жүгініп, 
осылайша шындықты іздеу жолы шексіз ізденістен тұрады. Абай “Анау айтса 
анаған, мынау айтса мынаған” сене беретін, ере беретін, “ақсақал айтты, бай 
айтты, кім болса, мейлі сол айтты” деп далақтап шаба беретін парықсыз 
адамдарды сынға алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет